"Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 20285 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, 2006 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 348 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 бұйрығымен бекітілді

Кәсiби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірлеген және кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер тәртібін анықтайды (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

      2. "Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

      3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына (оператор) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарын қоса бере отырып, мемлекеттік қызметтің атауы бойынша ақпаратты, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен кодын (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірін (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен кодын (РҚ ӘҚНЖК) немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірін (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) міндетті ұсына отырып, sd@nitec.kz электрондық поштасы арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы хабардар етеді.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сақталады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде сұрауды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

2 - тарау. "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      7. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі баяндалған.

      Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы аккредитация алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      куәлік беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызметі саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді - бір жұмыс күн ішінде.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетінқызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;

      3) ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарау, дайындау аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - екі жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушымен дайындау және аудиторлық қызмет саласындағы саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - екі жұмыс күні ішінде.

      куәліктің телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызметі саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және куәлікті басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырады және куәліктің телнұсқасын береді - бір жұмыс күн ішінде.

      9. Кәсіби ұйымдар мынадай:

      1) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары мен қатысушылары болуы;

      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі болуы талаптарына жауап береді.

      Кәсіби ұйымдардың басқару органы соңғы бес жылдың ішінде кемінде 3 жыл аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш аудитор - кәсіби ұйымның мүшелері қатарынан құрылады.

      10. Кәсіби ұйымдардың мынадай:

      1) сапасын бақылау бойынша;

      2) халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша;

      3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;

      4) этика мәселелері бойынша;

      5) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары бар.

      Басқа органдарды құру кәсіби ұйымдардың жарғыларымен айқындалады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі және (немесе) аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Заңының 25-бабына сәйкес беріледі.

      Қызмет көрсетушінің атына келген қызмет алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

"Кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет)

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәсілдері (кіру арналары)

"Электроны үкімет" ұсынысты қабылдау мен мемлекеттік қызметтің нәтежиесін алу веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асады.

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі

Куәлік беру - 4 (төрт) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілген қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін түскі үзіліс 13.00 - 14.30 жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі

1)көрсетілген қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2)мәліметтер нысаны;
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ кәсіби аудиторлық ұйымын аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды порталда толтыру қажет.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) кәсіби ұйымдар мен және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік): www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz., www.elicense.kz. порталында орналастырылған

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Өтініш

      Аккредиттеуді өтінемін (қайта рәсімдеу, телнұсқасын беру)

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      қызметті жүзеге асыру үшін

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Орналасқан жері:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      "___" ___________ 20__ жыл

      Кәсіби аудиторлық ұйым басшысы ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
  аккредиттеу қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Мәліметтер Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі

      Мүшелер ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, бизнес - сәйкестендіру нөмірі)

      № 1 кесте

р/с

Аудитордың жеке сәйкестендіру нөмірі

Аудитордың тегі

Аудиторлың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған жағдайда)

Пошта индексі

Ел/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      № 1 кестенің жалғасы

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефон

"Аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі

"Аудитор" біліктілік куәлігінің берілген күні

Кәсіби ұйымға өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы)

10

11

12

13

14

15

16

17









      № 2 кесте

р/с

Аудиторлық ұйымның бизнес - сәйкестендіру нөмірі

Аудиторлық ұйымның атауы

Пошта индексі

Ел/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      № 2 кестенің жалғасы

Соңғы тіркеу/қайта тіркеу күні

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия нөмірі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның берілген күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Аудиторлық ұйым басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі

Аудиторлық ұйым басшысының тегі

Аудиторлық ұйым басшысының аты

Аудиторлық ұйым басшысының әкесінің аты (болған жағдайда)

Аудитор ұйымы басшысының "Аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20











      Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы

р/с №

Кәсіби аудиторлық ұйым бөлімшесінің атауы

Бөлімше басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі

Бөлімше басшының тегі

Бөлімше басшының аты

Бөлімше басшының әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымының атауы

Байланыс телефоны

Бөлімше басшысының лауазымы

Аудитордың жеке сәйкестендіру нөмірі

Аудитордың тегі

Аудитордың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған жағдайда)

Аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


сапаны бақылау бойынша














халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша














аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша














этика мәселелері бойынша














дауларды қарастыру бойынша














*













      Ескертпе:

      * басқа органдарды құру кәсіби ұйымдардың жарғыларымен айқындалады.

      Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы

      ________________________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                        (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады