БҰЙЫРАМЫН:
"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17800 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлау, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы"
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін";
"Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3. "Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бағдарламасының қатысушылары болып табылады";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі";
3-тарау осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі";
5-тарау осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 17-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 128 Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары. 3-тарау. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі 1- параграф. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі
36. Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (бұдан әрі - Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыларды тездетіп алуға бағытталған.
37. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту:
-жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша;
-еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктілігін өздігінен алу мақсатында оқуға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады.
38. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай алты айдан аспайтын мерзімді құрайды.
39. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге қатысады, бұл ретте NEET санатындағы жастардың, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылар мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің қатысуға басым құқығы бар.
40. Халықты жұмыспен қамту орталығы "Еңбек" бағдарламасына қатысушымен, білім беру ұйымымен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың түріне қарай жұмыс берушімен осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасады, онда қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың негізгі шарттары, оның ішінде оқу құны, "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға берілетін материалдық көмектің сомасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік келісімшарттың мерзімі және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары көзделеді.
41. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту "Атамекен" ҰКП-ның ресми интернет-ресурсында орналасқан оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енген білім беру ұйымдарында өткізіледі.
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне қосылады:
1) теориялық оқытуды және кәсіпорынның (ұйымның) базасында кемінде алпыс пайыз өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейтін тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану;
2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу бойынша кемінде алты ай тәжірибесінің болуы не техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензияның болуы (кәсіпорындар немесе салалық қауымдастықтар жанындағы оқу орталықтары үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізу тәжірибесі талап етілмейді);
3) оқудан өткен адамдардың (Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді қызметке шақырылғандарды, бала күтіміне байланысты демалыста отырғандарды, қайта білім алып жатқандарды қоспағанда) жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім берген сәтте) кемінде 60 %-ды құрайды және міндетті зейнетақы жарналарының бар болуы негізінде айқындалады (жұмысқа орналасу деңгейі алдыңғы бір жылдан аспайтын кезеңде оқуды аяқтағаннан кейін үш ай өткеннен кейін тексеріледі);
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың болуы;
5) заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;
6) оқу бағдарламаларының болуы.
ӨКП ұсынысы бойынша оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімі жүйелі негізде жаңартылады.
42. Білім беру ұйымдары шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін мобильді оқу орталықтарын құруға құқылы.
Білім беру ұйымының басшысы мобильді оқу орталығының оқу қызметін қамтамасыз ету үшін өндірістік тәжірибесі бар мамандарды тарта отырып, өндірістік оқыту оқытушылары мен шеберлері арасынан инженерлік-педагогикалық топты айқындайды.
Педагог қызметкерлердің мобильдік оқу орталықтарындағы еңбек қызметі олардың негізгі жұмыс кестесі есепке алына отырып, жүзеге асырылады.
Мобильді оқу орталығының мүліктік (жылжитын және (немесе) жылжымайтын) кешенін тасымалдау үшін жүргізуші, ал мобильді оқу орталығына техникалық қызмет көрсету үшін тиісті мамандар тартылады.
43. Өңірлік комиссиялар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-ның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әзірлеген әдістеменің негізінде жыл сайын білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын белгілейді.
44. Білім беру ұйымы жұмыс берушілермен бірлесіп және ӨКП-ның келісімімен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын әзірлейді.
45. Білім беру ұйымы "Еңбек" бағдарламасына қатысушының талабы мен мүмкіндігін ескере отырып, халықты жұмыспен қамту орталығының келісімі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды күндізгі немесе кешкі нысандарда жүзеге асырады.
46. Білім беру ұйымы "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларды:
1) білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес сабақтан себепсіз қалған;
2) № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады.
47. Қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихан тапсырмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жұмысқа орналасудан бас тартқан, сондай-ақ дәлелсіз себептермен оқудан шығарылған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар төленген материалдық көмек пен стипендия сомаларын қоса алғанда, оқуға жұмсалған нақты шығыстарды бюджетке өтейді.
Шығыстар басқа тұрақты жұмысқа орналасқан және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларына қатысқан, әскер қызметіне шақырылған, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылған, қайтыс болған, жүкті болған, баланың күтіміне байланысты демалыста болған, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емдеуді қажет ететін аурумен ауырған жағдайларда қайтарылмайды.
48. Дәлелсіз себептермен оқудан шығарылған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жұмыс іздеген адам не жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқудан өтуге құқылы, бірақ оқуға бір рет қана жіберіледі.
49. Білім беру ұйымдары қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға № 39 бұйрыққа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен (бұдан әрі - № 370 бұйрық) бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес нысан бойынша куәлік немесе сертификат береді.
50. Еңбек" бағдарламасына қатысушылар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін білім беру ұйымы жұмысқа орналастыруға көмек көрсету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына, "Атамекен" ӨКП-ға оқуды аяқтағандардың тізімін жібереді.
51. Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларына қатысуға, оның ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналаған мемлекеттік гранттар алуға құқығы бар.
52. Білім беру ұйымдары білім алушыларды қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға қабылданған Еңбек" бағдарламасына қатысушылар туралы есепті портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде және қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін ұсынады.
52-1. Білім беру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.
52-2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың барысы туралы есептілік ұсынады.
52-3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы есептемелерді осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамға портал арқылы электрондық түрде немесе/не қағаз түрінде есептілік ұсынады.
53. Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және білім беру ұйымы жүзеге асырады.
53-1. Білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушілер жүзеге асырады.
53-2. "Еңбек" бағдарламасына қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындауына мониторингті халықты жұмыспен қамту орталығы, білім беру ұйымы және жұмыс беруші жүзеге асырады.
1.1- параграф. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі
54. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілер мәлімдеген біліктіліктер және дағдылар бойынша жүзеге асырылады.
55. Жұмыс беруші қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қажетті кадрлардың санын, біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін және оқу нысанын көрсете отырып, өтінім береді.
55-1. Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы, мобильдік жұмыспен қамту орталықтары ұсынған және/немесе Электрондық еңбек биржасында тіркелген үміткерлердің ішінен;
2) бос орындар жәрмеңкесіне қатысу;
3) өз бетінше, оның ішінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы іздеу арқылы өздігінен таңдауға құқылы.
55-2. Үміткерлерді таңдау сұқбаттасу өткізу арқылы немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарының, Электрондық еңбек биржасының мәлеметтері негізінде жүзеге асырылады.
55-3. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталықтарын үміткерлерді таңдағаны туралы хабардар етеді және жазбаша өтінім береді (еркін нысанда).
55-4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерден жазбаша өтінім алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қүміткерлерді қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу үшін жұмыс берушілер таңдап алғаны туралы хабарлар етеді (еркін нысанда).
55-5. Жұмыс берушілер таңдап алған үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына мына құжаттардың:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда);
3) бар болса білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелерін ұсынады.
4) № 907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының № 086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).
56. Үміткерлер Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен өздігінен білім берй ұйымдарын таңдайды.
56-1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолдама береді.
56-2. Халық жұмыспен қамту орталықтары білім берц ұйымдарымен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға келісімшарт жасасады, оның шеңберінде үміткерлерді жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жүзеге асырылады.
57. Жұмыс беруші өзінің өтінімі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны алған біліктілігі (дағдысы) бойынша жұмысқа қабылдайды және жұмыспен өтеу мерзімін белігілеуге құқықылы.
57-1. Жұмыс берушінің өтінімі бойынша оқуды бітірген адам жұмысқа орналасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші оны жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді не ЭЕБ-ге электрондық түрде орналастырады.
57-2. Жұмыс беруші өзінің өтінімі бойынша оқыған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда,төленген материалдық көмек пен стипендияның сомасын қоса алғанда, оқуға жұмсалған нақты шығыстарды бюджетке қайтарады.
Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штат қысқарған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген кезде жұмыс берушілер көрсетілген шығыстарды өтемейді.
1.2- параграф. Оқуға ваучер ұсыну арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі
58. Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы біліктілікті өздігінен алу мақсатында оқуға ваучер ұсынылады.
58-1. Оқу ваучері үміткерлердің Тізілімнен білім беру ұйымдарын, оқу мазмұны мен мерзімдерін таңдау мүмкіндігін көздейді және атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделеді.
59. Ваучер жүйесі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
60. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына, мобильдік жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
60-1. Үміткер өтініш берген кезде мына құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда);
3) бар болса білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелерін ұсынады.
4) № 907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының № 086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).
60-2. Халықты жұмыспен қамту орталығы, мобильді жұмыспен қамту орталығы ваучер бойынша оқуға үміткерге әлеуметтік - кәсіптік бағдарлау жүргізеді.
60-3. Халықты жұмыспен қамту орталықтары, мобильді жұмыспен қамту орталықтары көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларды өтініш берушілерге қайтарады.
60-4. Мобильді жұмыспен қамту орталықтары құжаттар мен өтініштерді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіптік оқуға үміткерлер туралы мәліметтерді портал арқылы электрондық түрде/қағаз түрінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынады.
60-5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлер құжаттарының "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді, үміткерлердің тізімін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.
60-6. Аудандық (қалалық) комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарының деректері негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткерлердің тізімін бекітеді және оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жолдайды.
60-7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді аудандық (қалалық) комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді және оларға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолдама береді.
61. Үміткерлер оқуға жолдама алғанан кейін білім беру ұйымдарымен шарт жасасады және үш жұмыс күні ішінде шарттың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
61-1. Шартта білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес, білім беру процесіне жұмсалатын барлық шығыстар көрсетілуге тіис.
61-2. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарттың негізінде ай сайын не бір рет білім беру ұйымдары қызмет көрсету фактісі бойынша ұсынған мәліметтердің негізінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушының екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шотына ақшалық қаражат аударады.
2-параграф. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыру тәртібі
62. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қаржыландыру "Еңбек" бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
63. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге, тұруға және медициналық тексеріп-қараудан өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.
64. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға тұруға (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.
64-1. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға мынадай мөлшерде:
1) облыс шегінде, бірақ "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде жол жүруге;
2) "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын - 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда, "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың тұрақты тұратын жерінен тыс елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарында 5 АЕК мөлшерінде;
3) оқудың барлық кезеңінде медициналық тексеріп-қараудан өтуге 2 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
65. Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру ұйымы берген сабаққа келуі туралы анықтаманың негізінде төленеді.
66. Стипендия мен материалдық көмекті халықты жұмыспен қамту орталықтары төлейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 128 Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары. 5-тарау. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі 1- параграф. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі
82. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқартылатын жұмыскерлер (бұдан әрі - Жұмыскерлер) кәсіптік оқытудан өтуге қатысады.
83. Жұмыскерлерді кәсіптік оқыту жұмыскердің жұмыс орнын сақтау шарттарында жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
83-1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың өзгеруіне, еңбекті ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгергені туралы хабардар етеді.
83-2. Жұмыс беруші жұмыскерді еңбек шарттарының өзгергені туралы хабардан еткен соң екі жұмыс күні ішінде жұмыскердің келісімімен оны кәсіптік оқытуға өтінімге қосады.
83-3. Жұмыс беруші кәсіптік білімі бар немесе ұқса біліктіліктер бойынша жұмыс тәжірибесі бар жұмыскерлердің арасынан кәсіптік оқудан өткісі келетіндердің тізімін қалыптастырады.
83-4. Жұмыс беруші жұмыскерлердің тізімін қалыптастырғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілетін жұмыскерлердің санын, біліктіліктер мен дағдылар тізбесін және оқу нысанын көрсете отырып, кәсіптік оқуға өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтайшы құжаттары мен жұмыскерлердің мынадай құжаттарының:
1) жеке бас куәлігінің;
2) еңбек кітапшасының;
3) білімі туралы құжаттың аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқығанын растайтын құжаттардың (куәлік, сертификат, диплом) (бар болса) көшірмелері қоса беріледі.
83-5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыскерлер құжаттарының Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді, жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады және аудандық (қалалық) комиссияға жібереді.
83-6. Аудандық (қалалық" комиссия халықты жұмыспен қамту орталықтарының деректері негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыскерлердің тізімін қарап, бекітеді және халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді.
83-7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерді аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.
83-8. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығынан ақпарат алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыскерлерді олардың "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың құрамына енгендігі туралы хабардар етеді.
84. "Еңбек" бағдарламасының қатысушыларының құрамына енгізілген жұмыскерлерге кәсіптік оқытудан өткен уақытта қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкес әлеуметтік демалыс беріледі.
85. Қайта біліктеу және біліктілік арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізбесі Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізбесіне сәйкес айқындалады.
85-1. Жұмыскерлер кәсіптік оқудан өту үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен білім беру ұйымын таңдайды.
85-2. Білім беру ұйымдары жұмыскерлерді кәсіптік оқыту бағдарламаларын және нысандарын, және оларды өткізу кестесін жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіседі.
86. Халықты жұмыспен қамту орталығы және жұмыс беруші кәсіптік оқыту курстарын іске асыру үшін білім беру ұйымымен шарт жасады.
87. Жұмыскерлерді кәсіптік оқыту білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары), оның ішінде онлайн оқыту бойынша жүргізіледі. Қайта даярлау және біліктілікті арттырудың оқу бағдарламалары (курстары) жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделген.
87-1. Кәсіптік оқыту бағдарламаларының ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың ерекшелігіне қарай 10 айға дейінгі мерзімді құрайды.
87-2. Кәсіптік оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:
-жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;
-жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;
-жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.
88. Кәсіптік оқытудан өтіп жатқан жұмыскерлерге әлеуметтік демалыс берілген жағдайда оларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамамен белгіленген мөлшерде стипендия төленеді.
89. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыскермен, жұмыс берушімен және білім беру ұйымымен осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды, ол оған барлық тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
90. Кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыскерге білім беру ұйымы № 39 және № 370 бұйрықтарға сәйкес нысандар бойынша куәлік немесе сертификат береді.
2- параграф. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерді, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды қаржыландыру тәртібі
91. Жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
91-1. Өңірлік комиссиялар облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-ның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әзірлеген әдістеменің негізінде жыл сайын білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын белгілейді.
91-2. Жұмыскерлерді кәсіптік оқыту бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген кәсіптік оқыту курстары құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.
91-3. Халықты жұмыспен қамту орталығы білім беру ұйымына кәсіптік оқыту курсы құнының 50%-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.
91-4. Жұмыскерлерді кәсіптік оқытуға бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану білім беру ұйымдарымен және жұмыс берушілермен жасалған шарттардың және олардың шығындарын растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіптік оқытуға жіберу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы үлгілік әлеуметтік келісімшарт
________________________, 20__ жылғы "___" ____________________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын ________________________
атынан _________________________________________________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Еңбек" бағдарламасына қатысушы" деп аталатын
________________________________________________________________________________
("Еңбек" бағдарламасына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші"
деп аталатын ______________________ негізінде қызмет ететін __________________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ______________________________________________________ үшінші тараптан және
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі "Білім беру ұйымы"
деп аталатын ________________________________________________ негізінде қызмет ететін
(ереже, жарғы және т.б.)
______________________________ атынан ___________________________________________
(білім беру ұйымның атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төртінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі - Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кәсіптік оқытуға, ал Еңбек" бағдарламасына қатысушы халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Келісімшартта, кәсіптік оқыту шартында және оқытуды өткізетін ұйымның ішкі тәртібімен айқындалған тәртіпте және шарттарда кәсіптік оқытудың өзіне белгіленген түрінен өтуге міндетті. Келісімшарт шеңберінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:
________________________________________________________________________________
("Еңбек" бағдарламасына көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
_____________________________________________________________________ ұсынылады.
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, "Еңбек" бағдарламасына қатысушы, жұмыс беруші және білім беру ұйымы болып табылады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны ______________________________________
(Білім беру ұйымның атауы көрсетілсін
білім беру ұйымына ______________________________________________________________
("Еңбек" бағдарламасына қатысушы алатын біліктіліктің (дағдының) немесе біліктілігін арттырудың атауы көрсетілсін)
алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) ______________________ мерзімімен өтетін
(оқу кезеңі)
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға (қажеттісінің астын сыз) жібереді;
2) Бағдарламада көзделген шарттар мен тәртіпте оқу орталықтарында кәсіптік оқытудан өтіп жатқан "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға стипендия және материалдық көмек төлейді;
3) білім беру ұйымдарынан оқуды бітірген адамдардың тізімін алған күннен бастап 6 ай ішінде "Еңбек" бағдарламасына қатысушылардың жұмысқа орналасуына міндетті зейнетақы жарналарын тексеру арқылы мониторинг жүргізеді;
4) кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар береді;
5) тараптардың сұраулары бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде ұсынады;
6) білім беру ұйымына "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтерді уақтылы және толық көлемде төлейді;
7) ваучерлік жүйе бойынша кәсіптік оқытуға жіберілген "Еңбек" бағдарламасына қатысушының ағымдағы шотына ақша қаражатын уақтылы және толық көлемде аударады;
8) кәсіптік даярлықты бағалау жөніндегі біліктілік емтиханына қатысады;
9) жұмыс берушінің, білім беру ұйымының және "Еңбек" бағдарламасына қатысушының Келісімшартта айқындалған міндеттерін орындауына мониторинг жүргізеді;
10) тараптар міндеттемелерінің орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін тараптардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрайды және алады;
11) тараптардан Келісімшарттың, кәсіптік оқытуға шарттың уақтылы және тиіссінше орындалуын талап етеді;
12) білім беру ұйымның кәсіптік оқыту жөнінде нақты көрсеткен қызметтерінің көлеміне пропорционалды ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізеді, сондай-ақ "Еңбек" бағдарламасына қатысушыдан және жұмыс берушіден төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын қоса алғанда, кәсіптік оқытуға жұмысалған нақты шығыстарды өтеуді талап етеді.
5. "Еңбек" бағдарламасына қатысушы:
1) Оқу орындары мен оқу орталықтарының тізілімінен білім беру ұйымын таңдайды;
2) кәсіптік оқытудан өтеді;
3) дәлелді себептерсіз оқудан қалмайды;
4) тараптардың сұраулары бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде ұсынады;
5) "Еңбек" бағдарламасына қатысушы өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал орындайды;
6) басқа тұрақты жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларына қатысу, әскери қызметке шақырылу, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылу, қайтыс болу, жүкті болу, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емделуді қажет ететін ауру мен науқастану жағдайларын қоспағанда, қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына орналасудан бас тартқан жағдайда, материалдық көмекке және стипендияға төленген сомаларды қоса алғанда, оқуға жұмсалған іс жүзіндегі шығыстарды бюджетке қайтарады;
7) кәсіптік оқытудан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
8) кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар алады;
9) Бағдарламада көзделген жағдайлар мен тәртіпте кәсіптік оқытуға стипендия және материалдық көмек алады;
10) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алады;
11) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың, кәсіптік оқыту шартының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Білім беру ұйымы:
1) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны
______________________________________________________ біліктілігі (дағдысы) бойынша
________________________________________________________________________________
(даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру)
нысанындағы кәсіптік оқуға қабылдайды.
2) өндірістік іс-тәжірибе өткізу шарттары мен орнын айқындайды;
3) Келісімшартта айқындалған "Еңбек" бағдарламасына қатысушының міндеттерін орындауына мониторингті жүзеге асырады;
4) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне дейін халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылғандар туралы ақпарат және "Еңбек" бағдарламасына қатысушының сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады;
5) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны түсу емтихандарын тапсырусыз қабылдайды;
6) "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны: білім беру ұйымының ішкі тәртібіне сәйкес дәлелсіз себептермен оқудан қалған; № 125 бұйрыққа сәйкес үлгеріміне ағымдағы бақылаудан, аралық аттестаттаудан қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайларда оқудан шығарады;
7) "Еңбек" бағдарламасына қатысушының қорытынды және біліктілік емтиханын өткізеді;
8) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқуды бітірген адамдар туралы ақпарат ұсынады;
9) ваучерлік жүйе бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсетеді.
7. Жұмыс беруші:
1) кәсіптік оқыту өткізу үшін біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін қалыптастырады;
2) кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктейді;
3) жұмыскерді күнтізбелік он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек жағдайларының өзгергені туралы хабардар етеді;
4) қажет болған кезде кәсіптік оқытудан өту кезінде жұмыскерге әлеуметтік демалыс ұсынады;
5) кәсіптік оқытудан өту кезінде жұмыскердің жұмыс орнын сақтайды;
6) уақтылы және толық көлемде білім беру ұйымына жұмыскерлерді кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын төлейді;
7) өндірістік іс-тәжірибеден өту орнын _________________________________________
(өндірістік іс-тәжірибеден өту орны)
қамтамасыз етеді (қажет болған кезде);
8) өндірістік іс-тәжірибеден өту кезінде тәлімгер тағайындайды (қажет болған кезде);
9) кәсіптік даярлықты бағалау бойынша біліктілік емтихандарына қатысады;
10) _______________________________________________ біліктілік (дағды) бойынша
________________________________________________________________________________
(даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру)
нысанындағы кәсіптік оқытуды сәтті аяқтағаннан кейін өз өтінімі бойынша кәсіптік оқуға жіберілген "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны алған біліктілігі (дағдысы) бойынша ________________________________________________________________________________
(оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен өтеу кезеңі)
жұмыспен өтеу мерзімімен жұмысқа орналастырады;
11) халықты жұмыспен қамту орталығын кәсіптік оқуға өз өтінімі бойынша жіберілген "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа қабылдағаны туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тартқаны (жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда себептерін көрсете отырып) туралы хабардар етеді;
12) өз өтінімі бойынша кәсіптік оқуға жіберілген "Еңбек" бағдарламасына қатысушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, төленген материалдық көмек пен стипендияның сомасын қоса алғанда, оқуға жұмсалған нақты шығыстарды бюджетке қайтарады.
Шығыстар жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штат қысқарған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген кезде өтелмейді.
13) халықты жұмыспен қамту орталығының, білім беру ұйымының және "Еңбек" бағдарламасына қатысушының міндеттерін орындауына мониторинг жүргізеді.
8. Кәсіптік оқыту мерзімі 20__ жылғы "___" ___ бастап 20__ жылғы "___" _____ аралығында ___ айды құрайды.
9. Оқудың құны _______ құрайды, оның ішінде ________ теңге (бюджет қаражаты есебінен ___ %) және __________ теңге (жұмыс берушілердің қаражаты есебінен ___ %).
10. "Еңбек" бағдарламасына қатысуыш кәсіптік оқытуды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда не жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайда Келісімшарт бұзылады.
11. Дәлелсіз себептермен оқудан шығарылған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар жұмыс іздеген адам не жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқудан өтуге құқылы, бірақ оқуға бір рет қана жіберіледі.
12. Кәіптік оқыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы трансферттер және/немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
3. Басқа да жағдайлар
13. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
14. Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, "Еңбек" бағдарламасына қатысушы, жұмыс беруші және білім беру ұйымы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
4. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы |
"Еңбек" бағдарламасына қатысушы |
Жұмыс беруші |
Білім беру ұйымы |
Жұмыс беруші мен Білім беру ұйымы құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.