"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20313 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13271 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      Жоғары әскери оқу орындарының (бұдан әрі - ЖӘОО) штаттарында көзделген бос педагогтар мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.

      2. ЖӘОО-да бос лауазым бар болған жағдайда тиісті ЖӘОО әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі) бос лауазымның бар болуы туралы ақпарат жолдайды.

      3. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі ақпаратты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне (бұдан әрі - КД) қызметі бойынша жоғарылатылу үшін кадрлар резервінде тұрған әскери қызметшілерді бос лауазымға тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі осындайлар болмаған жағдайда ЖӘОО-ларға ақпарат жолдайды.

      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ЖӘОО-лардың кадр органдары лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде ақпаратты жеткізеді және күнтізбелік бес күн ішінде бос лауазымға орналасуға кандидаттардың бар болуы туралы ақпаратты ұсынады.

      5. ЖӘОО-лардан алынған ақпаратты қорыту кезінде жүргізілетін алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі күнтізбелік он күн ішінде ЖӘОО-ға ұсынылған кандидаттар қатарынан конкурстық іріктеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Конкурстық іріктеу жүргізу және кандидаттардың құжаттарын жинау кезеңі туралы бұйрықтан үзінді көшірмені конкурстық іріктеуді жүргізетін ЖӘОО үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне және әскери қызметшілері кандидат ретінде ұсынылған ЖӘОО-ға жолдайды.";

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) комиссия хатшысы - ЖӘОО-ның педагогі немесе ғылыми қызметкері (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар);";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өнертабыстарға патенттердің, елеулі ғылыми жетістіктерін, сондай-ақ педагогтар мен ғылыми қызметкерлерді даярлау тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін (бар болған кезде);";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібі";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ЖӘОО-лардың педагогтары мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. ЖӘОО-лардың педагогтары мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу әңгімелесу нысанында үміткерлер қызметінің қорытындыларын талдамалы қорыту негізінде жүргізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді айқындау үшін әрбір лауазым бойынша Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілген біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. ЖӘОО-ның кадр органы конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасын ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.";

      осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім және ғылым мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі құрылымдық бөлімшелерге және лауазымды адамдарға жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген
Нысан
_______________________
бастығына
(жоғары әскери оқу орнының
атауы)

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш

      Мені _____________________________________________________________________

      бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Конкурсты өткізу шарттарымен таныстым.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

      _____________                  ____________________________________________

      (қолы)                                    (әскери атағы, т.а.ә. (бар болған кезде)

      20___ ж. "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген
Нысан

________________________________________________________________________________ (лауазым атауы) конкурстық іріктеу бойынша жабық дауыс беруге арналған бюллетень

Р/с

Кандидаттың әскери атағы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері

Қандай лауазымға конкурстық іріктеу жүргізіледі

Келісемін / келіспеймін





  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 146 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген
Нысан

Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасы

  Бекітемін
конкурстық комиссияның
төрағасы
____________________________
(қолы, әскери атағы,
аты-жөнінің бас әріптері және
тегі)
20__ ж. "____" ____________

      ________________________________________________________________________________

      ЖӘОО атауы

      ____________________________________________ бос лауазымына орналасуға өтініш берген

      ________________________________________________________________________________

      бойынша кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә.

Біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі

Оқулық басылымдарының, ғылыми жарияланымдардың бар болуы

Өзге де мәліметтер

Таныстыруды бағалау

Дауыс беру нәтижелері

Білім деңгейі

Магистр дәрежесінің бар болуы

Ғылыми дәрежесінің бар болуы

Педагогикалық өтілі

Алдыңғы қызмет істерінің бейіні










      Конкурстық комиссия қорытындысы ________________________________________________

      Конкурстық комиссия мүшелері ____________________________________________________

      Конкурстық комиссия хатшысы ____________ ________________________________________

      (қолы)                  (әскери атағы, Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады