"Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 338, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 909, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 1156 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 18 қазандағы № 84/қе бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 113, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 271, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 342 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 21/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20319 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 338, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 909, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 1156 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 18 қазандағы № 84/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19500 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 қазанда жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
__________К. Масимов
     
      Қаржы Министрдың м.а. __________Б. Шолпанкулов
     
      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады