Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 338, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 909, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 1156 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 18 қазандағы № 84/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19500 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 113, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 271, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 342 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 21/қе бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 27.03.2020 № 113, ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 271, ҚР Қаржы министрінің м.а. 01.04.2020 № 342 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 03.04.2020 № 21/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Техникалық шарттарға сәйкес орнатылған автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында және жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлік құралымен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдары техникалық шарттарының стандарттарына сәйкес келмейтін және автомобиль көлік құралдары техникалық сипаттамаларының стандарттарына сәйкес келмейтін автомобиль көлік құралдарының бензин багы мен 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады