"Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20332 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.11.2020 № ҚР ДСМ-198/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 59-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;

      2) еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;

      3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;

      4) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;

      5) еңбекке уақытша жарамсыздық парағының талап етілмейтін бланкісі – Қағидаларға сәйкес ресімделген, бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген адам еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны ұзарту немесе жаптыру үшін келмеген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;

      6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы – мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;

      7) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      10) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) – оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;

      11) орталықтандырылған дәрігерлік – консультациялық комиссия (бұдан әрі - ОДКК) - туберкулезге қарсы ұйымда құрылатын комиссия.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

      1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;

      2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;

      3) жүктілікті жасанды үзген;

      4) науқас балаға күтім жасаған;

      5) жүкті болған және босанған;

      6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;

      7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

      8) карантин;

      9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:

      1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;

      2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;

      3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;

      4) науқас балаға күтім жасаған;

      5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;

      6) жүктілікті жасанды үзген;

      7) жүкті болған және босанған;

      8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;

      9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

      10) карантин;

      11) ортопедиялық протездеу;

      12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде беріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:

      "8-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      77. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      78. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-30/2020 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру қағидаларына
1-қосымша

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну түрлері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады (тікелей жүгінген кезде).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-30/2020 бұйрығына
2-қосымша
  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру
қағидаларына
2-қосымша

      Форма

      Нысан

      Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы/Лист о временной нетрудоспособности серия № 0000000

Еңбекке уақытша жарамсыздық, парағы
Лист о временной нетрудоспособности
Алғашқы - жалғасы/Первичный - продолжение
(тиістісінің астын сызу/соответствующее подчеркнуть)

Дәрігер толтырады да емдеу ұйымында қалдырады/
Заполняется врачом и остается в медицинско й организаци и

________________________________
(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) / фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))
________________________________
(мекен жайы / домашний адрес)
(қызмет орны — заңды тұлғаның атауы/место работы - наименование юридического лица)
Берілді ________________________ 20___ ж.
Выдан (күні, айы, жылы / число, месяц, год)
________________________________

__________
(дәрігердің тегі/ фамилия врача) Сырқатнаманың №____
№ истории болезни__
алушының қолы/расписка получателя)
__________

Емдеу ұйымында дәрігері толтырады/Заполняется врачом медицинской организации

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
Лист о временной нетрудоспособности
Алғашқы - парақтың жалғасы / Первичный - продолжение листка №______________
(тиістісінің астын сызу - соответствующее подчеркнуть)
Серия № 0000000
_____________________________________
(емдеу ұйымының атауы және мекен жайы / наименование и адрес медицинской организации)
Берілді _____________________ 20__ ж.
Выдан күні, айы/число, месяц 20_____ г. ХАЖ-10 коды
Жасы ______________________________
Возраст (толық жасы/полных лет)
_____________________________________
(еңбекке уақытша жарамсыз адамның тегі аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)/фамилия, имя и отчество временно нетрудоспособного (при его наличии))
_____________________________________
қызмет орны, заңды тұлғаның атауы, лауазымы/место работы, наименование юридического лица, должность
ХАЖ-10 коды/Код МКБ-10
Қорытынды ХАЖ-10 коды/Заключительный код МКБ-10
_____________________________________
(қазақ немесе орыс тілінде/на казахском или русcком языке)

Емдеу мекемесінің мөрі/Печать медицинской организации
Ер-Муж./ Әйел-Жен,
Тиістісінің астын сызу/ Соответствующее подчеркнуть

Еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрі көрсетілсін (жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттанған және уланған, жүктілікті жасанды үзген, науқас балаға күтім жасау, жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу, карантин, ортопедиялық протездеу)/Указать вид временной нетрудоспособности (острое или обострение хронического заболевания, травмы и отравления, искусственное прерывание беременности, уход за больным ребенком, беременность и роды, усыновление/удочерение новорожденного ребенка (детей), долечивание в санаторно-курортных организациях, карантин, ортопедическое протезирование)

Сырқат балаға күтім жасау бойынша АХЖ-10 бойынша науқастың жасы, диагнозы көрсетілсін, карантин кезінде АХЖ-10 бойынша карантинді туындатқан аурудың атауы көрсетілсін
По уходу за больным ребенком указать возраст больного и диагноз по МКБ-10, при карантине указать название заболевания по МКБ-10, вызвавшего карантин

Санаторийлік-курорттық емделу кезінде жолдама мерзімінің басталатын және бітетін уақыты көрсетілсін/При санаторно-курортном лечении указать дату начала и окончания срока путевки

Режим: Режимді бұзушылық туралы белгі/Отметки о нарушении режима
Дәрігердің қолы/Подпись врача

Стационарда болды/Находился в стационаре
20_____ ж. ______ 20_______ ж. ________ дейін
с_______ 20___ г. по _______ 20 ____ г.
Уақытша басқа жұмысқа ауыстырылсын/Перевести временно на другую работу с 20____ ж.___ ден 20__ ж. _____ дейн
20_________г. по _______ 20______ г.
Бас дәрігердің қолы/Подпись главного врача ______________

МӘС-ке жіберілді/Направлен на МСЭ
20____ ж.______ 20____ г.
Дәрігердің қолы/Подпись врача
________________________
Куәландырылды/Освидетельствован
20_____ж.________20_____г.
Сараптама қорытындысы/Экспертное заключение ___________________
МӘС бөлімі бастығының қолы
Подпись начальника отдела МСЭ _________________________
МӘС-тің мөрі/Печать

      Жұмыстан босатылу/Освобождение от работы

Қай күннен бастап/ С какого числа күні, айы/число, месяц)

Қай күнді қоса алғанда қай күнге дейін/ По какое число включительно (күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

Дәрігердің қызметі мен тегі/Должность и фамилия врача

Дәрігердің қолы/ Подпись врача

      Жұмысқа кірісу/Приступить к работе

      ____________________________________________

      (күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)

      Жаңа парақ берілді (жалғасы)/Выдан новый лист (продолжение) №_____

      __________________________________________

      Дәрігердің қызметі, тегі, қолы/

      Должность, фамилия и подпись врача

      Емдеу мекемесінің мөрі/ Печать лечебного учреждения

      Сыртқы беті

      (заңды тұлға атауы/наименование юридического лица)

      Бөлім/отдел ___________ Қызметі/Должность __________Таб/Таб №______

      Тұрақты, уақытша, маусымды жұмыс (тиістісінің асты сызылсын).

      Жұмыс істемеді 20___ ж. ___ дан 20___ж.______ дейін

      Работа постоянная, временная, сезонная (нужное подчеркнуть).

      Не работал с___20___г. по____20____г.

      Еңбекке жарамсыз уақытындағы демалыс күндері ______ Жұмысқа

      кірісті 20____ж.______ дейін

      Выходные дни за период нетрудоспособности (күні/дата)

      Бөлім бастығының қолы ___________ Табельшінің қолы ______ Күні

      Подпись начальника отдела _______Подпись табельщика_______Дата _____

      Мөр/Печать

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-30/2020 бұйрығына
3-қосымша
  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын
және анықтамасын беру
қағидаларына
3-қосымша

"Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады (тікелей жүгінген кезде).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады