"Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20394 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18684 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағаларында:

      мынадай мазмұндағы 13, 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:

      "

13.

Нұр-Сұлтан қаласы

26 001 (жиырма алты мың бір)

14.

Қарағанды облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)

15.

Ақмола облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады