Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 мамырда № 18684 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2019 жылғы 13 мамырдағы
  № 169 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

      Ескерту. Шекті бағаларға өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Өңір

Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен

1.

Алматы қаласы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

2.

Алматы облысы

19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)

3.

Шымкент қаласы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

4.

Түркістан облысы

20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)

5.

Жамбыл облысы

18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)

6.

Қызылорда облысы

7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)

7.

Батыс Қазақстан облысы

10 541 (он мың бес жүз қырық бір)

8.

Ақтөбе облысы

5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)

9.

Атырау облысы

6 340 (алты мың үш жүз қырық)

10.

Қостанай облысы

17 305 (он жеті мың үш жүз бес)

11.

Шығыс Қазақстан облысы

7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)

12.

Маңғыстау облысы

12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)

13.

Нұр-Сұлтан қаласы

26 001 (жиырма алты мың бір)

14.

Қарағанды облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)

15.

Ақмола облысы

26 001 (жиырма алты мың бір)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады