Ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20416 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі № 122
бұйрығымен бекітілген
Нысан

Ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысаны

      _________________                                    "___" ________ 20__ жыл

      (қала)                                                (жасалған күні)

      Бұдан әрі "Министрлік" деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

      министрлігі атынан ______________________________________________________________,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесінің негізінде әрекет

      ететін __________________________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      және бұдан әрі "Әкімдік" деп аталатын ______________________________________________,

      жергілікті атқарушы органының атынан _____________________________________________

      (ереже)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      және "Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың

      кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645

      қаулысымен айқындалған, бұдан әрі "Мамандандырылған ұйым" деп аталатын

      ________________________________,

      (мамандандырылған ұйымның атауы)

      мамандандырылған ұйымның атынан ________________________________________________

      (ереже, жарғы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      және бұдан әрі "Ғылыми ұйым" деп аталатын ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми ұйым

      _______________________________________________________________________________,

      (ғылыми ұйымның атауы)

      ғылыми ұйымның атынан _________________________________________________________,

      (ереже, жарғы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер осы ауыл шаруашылығы

      дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімді

      (меморандумды) (бұдан әрі – Келісім) жасасты:

      1. Осы Келісімнің нысанасы бидай, суды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын

      оңтайландыру, сондай-ақ тыңайған жерлерді игеру, жемдік астық, жарма, майлы, бұршақты,

      техникалық және азықтық дақылдар алаңдарын кеңейту, сақтау инфрақұрылымын дамыту,

      экспорт және өңдеу, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірістің өсімдік шаруашылығы

      өнімдерімен молықтыру, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібі

      кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      жолымен ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыруды

      қамтамасыз ету бойынша Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      2. Ынтымақтастық аясында Министрлік мыналарды жүзеге асырады:

      1) Ғылыми ұйыммен бірлесіп, өңірлердің табиғи-климаттық жағдайлары мен өңдеп-

      өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ауыспалы егістердің

      аймақтық ғылыми негізделген схемаларын игерумен, өңдеуші қуаттылықтар жүктемесімен

      және өсімдік шаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты молықтырумен ұштастыра отырып,

      осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысанда облыстар бөлінісінде 20__-20__ жылдарға арналған

      ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының ұсынылатын құрылымын әзірлейді және

      оны Әкімдікпен келіседі;

      2) осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысанда 20__-20__ жылдарға арналған ауыл

      шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының келісілген ұсынылатын құрылымының 20__

      жылдың 1-тоқсанында Әкімдікке жолдануын қамтамасыз етеді;

      3) егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыруды ескере отырып, жаңа ауыл

      шаруашылығы дақылдарын сақтау мен өңдеу қуаттылықтарын салуға және (немесе) жұмыс

      істеп тұрғандарын реконструкциялауға, топырақ өңдейтін, егіс және егін жинайтын

      машиналарды сатып алуға қажеттілікті анықтайды.

      3. Ынтымақтастық аясында Әкімдік мыналарды жүзеге асырады:

      1) Министрлік назарына жеткізген ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының

      20__ - 20__ жылдарға арналған индикативтік көрсеткіштерін жыл сайын орындау бойынша шаралар қабылдайды;

      2) облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ауыл шаруашылығы

      дақылдарының тұқымдарымен қажетті көлемде, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын

      өндірушілердің тұқым сатып алуына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жолымен

      қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      3) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының 20__-20__ жылдарға арналған

      индикативтік көрсеткіштері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға өзгерістер енгізеді;

      4) жаңа өңдеуші қуаттылықтар, астық сақтау орындарын, жеміс-көкөніс сақтау

      орындарын, жабық топырақ құрылысжайларын, тамшылатып суару жүйелерін салуда және

      (немесе) қолда барларын реконструкциялауға, топырақ өңдейтін, егіс және егін жинайтын

      машиналарды сатып алуда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді;

      5) жыл сайын, тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей, Министрлікке осы

      Келісімнің индикативтік көрсеткіштерін орындау жөнінде ақпарат ұсынады.

      4. Ынтымақтастық аясында Мамандандырылған ұйым мыналарды жүзеге асырады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне:

      көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге;

      ауыл шаруашылығы техникасын қаржы лизингіне сатып алуға;

      жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу жөніндегі қуаттылықтарды, заманауи

      сақтау технологиялары бар жеміс-көкөніс сақтау орындарын, жабық топырақ

      құрылысжайларын, су үнемдеу технологиялары жүйелерін салуға және (немесе) қолда

      барларын реконструкциялауға, топырақ өңдейтін, егіс және егін жинайтын машиналарды

      сатып алуға қаражат беру жөніндегі процесті үйлестіреді;

      2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден өсірілген өнімдерді сатып алуы мәселесі процесін үйлестіреді;

      3) өңір аумағында ауыл шаруашылығы егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру

      мәселесі жөніндегі кеңестерге, дөңгелек үстелдерге өз өкілдерінің қатысуын ұйымдастырады.

      5. Ынтымақтастық аясында Ғылыми ұйым Министрлікпен бірлесіп, өңірлердің табиғи-

      климаттық жағдайлары мен өңдеп-өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін

      ескере отырып, ауыспалы егістердің аймақтық ғылыми негізделген схемаларын игерумен,

      өңдеуші қуаттылықтар жүктемесімен және өсімдік шаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты

      молықтырумен ұштастыра отырып, осы Келісімге қосымшаға сәйкес нысанда облыстар

      бөлінісінде 20__ - 20__ жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының

      ұсынылатын құрылымын әзірлейді.

      6. Осы Келісім Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертіледі.

      7. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар еркін нысанда қосымша келісім

      жасалып, қол қою жолымен енгізіледі.

      8. Осы Келісімді іске асыру барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған

      жағдайда, Тараптар оларды өзара келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.

      9. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан төрт данада жасалды, қол

      қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге жасалады.

  Ауыл шаруашылығы дақылдары
егіс алаңдарының құрылымын
әртараптандыру мәселесі
бойынша келісімге
(меморандумға)
қосымша

20__ - 20__ жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының ұсынылатын құрылымы __________ облысы бойынша

  мың гектар

Дақылдар

20__
(нақты)
 

20__
(нақты)
 

Болжам (жылдар)

20__жыл (+,-) 20__жылға

20__

20__

20__

20__

20__

Барлық егіс алаңы









Дәнді дақылдар









оның ішінде: бидай









күріш









жүгері









арпа









сұлы









күздік қара бидай









қарақұмық









тары









ас бұршақ









ноқат









жасымық









бұршақ, маш









дәндер қоспасы









басқа дәнді дақылдар









Майлы дақылдар









оның ішінде: күнбағыс









соя









мақсары









рапс









зығыр









қыша









басқа майлы дақылдар









Қант қызылшасы









Мақта









Темекі









Картоп









Көкөніс және бақша дақылдары









оның ішінде: көкөніс









бақша дақылдары









Азықтық дақылдар









оның ішінде сүрлемдік









біржылдық шөптер









көпжылдық шөптер









азықтық тамыр жемістілер









Түпкілікті жақсарту жерлерінде азықтық дақылдарды қосымша егу

Біржылдық шөптер









Көпжылдық шөптер









Азықтық дақылдардың барлығы









      Ескертпе: тиісті жылы өзекті өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері үлесінің артуын ескере отырып, жылдың қалыптасып отырған жағдайларына және нарық конъюнктурасына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының индикативті көрсеткіштерінің 5 (бес) %-ға дейінгі шекте ауытқуына жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады