БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына, 38 және 47-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру (бұдан әрі – Қағидалар) және "Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру", "Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру", "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру", "Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру", "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру", "Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібін айқындайды." (бұдан әрі – ұшуға жарамдылығын қолдау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер);
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі - тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында баяндалған.
Өтінім беруші өтініш берген кезде:
уәкілетті ұйымның кеңсесі өтініш берушіге қабылдау күнін, сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін, қоса берілген құжаттардың саны мен атауын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру күнін көрсете отырып, еркін нысанда тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
портал өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
8. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1 Құжаттарды қарау мерзімі және ұшу жарамдылығы сертификатын беру 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған не оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін өтініш беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылады, бұл туралы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткенге дейін қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтінім беруші уәкілетті ұйымның кеңсесіне не порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын;
"9-1. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын уәкілеттті ұйымның кеңсесі немесе портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, сертификаттау рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар қамтитын еркін нысандағы хабарлама жіберіледі.
9-2. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық тексеру бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.
Оң бағалау актісінің негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын не Ұшу жарамдылығы сертификатын беру стандартында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы беріледі не уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
10-тармақ алып тасталсын;
13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"13. Қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған сәттен бастап 3 (үш) айдан аспайтын мерзімді белгілейді.
Өтініш беруші бағалау актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде түзету іс-қимылдарының жоспары бекітіледі не себептерін негіздей отырып, пысықтауға қайтарылады.
Түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйымның өтініш беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда ұзартады.
15- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тексерудің оң қорытындысының нәтижелері бойынша Ұшу жарамдылығы сертификаты немесе осы Қағидаларға 9-2-тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 9-2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген тәсілмен жіберіледі.
Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді (бұдан әрі – деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасы).";
мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2, 21-3, 21-4, 21-5, 21-6 және 21-7-тармақтармен толықтырылсын:
"21-1. Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын (жеке қызмет) алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын алу үшін өтінім жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" (бұдан әрі – Шуыл бойынша сертификат беру стандарты) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
21-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
21-3. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
21-4. Өтінімді қарау мерзімі және әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатын беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
21-5. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді өтініш беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
21-6. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатын не Шуыл бойынша сертификат беру стандартыда көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.
21-7. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Сертификатты тану туралы шешім алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы өтінім және осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандартында баяндалған.
25. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";
"26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Өтінімді қарау мерзімі және шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.";
мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2 және 26-3-тармақтармен толықтырылсын:
"26-1. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, пайдаланушы сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуды орындау құқығына куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
26-2. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді не Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру стандартында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.
26-3. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
28- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты) үшін өтініш беруші портал арқылы уәкілетті ұйымға өтінім жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру стандарты) баяндалған.";
мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2, 28-3 және 28-4-тармақтармен толықтырылсын:
"28-1. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
28-2. Өтініш беруші Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
28-3. Өтінімді қарау және арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
28-4. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз арнайы ұшу жарамдылығы сертификатын не Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру стандартында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.
30-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"30-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2, 31-3, 31-5 және 31-6-тармақтармен толықтырылсын:
"31-1. Радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат (жеке қызмет) алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат алуға өтінімді және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтерді береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру стандарты) баяндалған.
31-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
31-3. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
31-4. Өтінімді қарау және азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиохабар тарату аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
31-5. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады .
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді өтініш беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
31-6. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты не Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру стандартында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.";
32- тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
34. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы өтінімді және осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандартында баяндалған.";
мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2, 34-3 және 34-4-тармақтармен толықтырылсын:
"34-1. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
34-2. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
34-3. Өтінімді қарау мерзімі және ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
34-4. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады .
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді өтініш беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Өтінімді қарау нәтижелерінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын не Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру стандартында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.
36-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. Ұшуға жарамдылығын қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі".
37. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілет орган басшысының атына берілуі мүмкін.
Өтініш берушінің мекенжайына келіп түскен шағымы:
уәкілетті ұйымның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкері оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
38. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он жұмыс) күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық нысанда берілген кезде) хабарлайды.
Уәкілетті ұйым шешімнің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 2-1 және 2-2-қосымшалармен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3-1 және 3-2-қосымшалармен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес 11-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі
Бұйрыққа сәйкес ________________________________________________
(уәкілетті орган)
бастап "__"_________20 __ басқармасының инспекторы:
Инспектор: _______________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша бағалау жүргізілді
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің мәтіні актінің қорытынды бөлігінде пайдалану құжаттамасының, оның ішінде техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі), сондай-ақ әуе кемесінің және оның жабдықтарының мәлімделген ұшу түрлеріне (халықаралық, ішкі), әуе тасымалдарының және/немесе авиациялық жұмыстардың түрлеріне сәйкестігі көрсетіледі.
Төраға: ___________________________________________________ _______________
(Тегі, Аты, Әкесінің Аты (болған жағдайда)) (қолы)
Комиссия мүшелері: ________________________________________ _______________
(Тегі, Аты, Әкесінің Аты (болған жағдайда)) (қолы)
___________________________________________________________ _______________
(Тегі, Аты, Әкесінің Аты (болған жағдайда)) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы _________________________________________ _______________
(Тегі, Аты, Әкесінің Аты (болған жағдайда)) (қолы)
"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
20 (жиырма) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын алу үшін өтінім
Мемлекеттік тізілімге енгізілген шуыл бойынша әуе кемесіне сертификаттау жүргізуді және сертификат беруді сұраймын
№____ 20____ж "__" ______.:
Шуыл бойынша сертификат алу үшін | +/- | сипаттаңыз |
Ұшақ | ||
Тікұшақ | ||
басқалар | ||
Әуе винтінің деректері (бар болған жағдайда) | ||
Әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы | ||
Әуе кемесінің ең жоғарғы қону салмағы | ||
Шу бойынша сертификаттау стандарты | ||
Шу бойынша қолданылатын сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген қосымша модификация | ||
ҰҚЖ- дан/толық қуат режиміндегі бүйірдегі шудың деңгейі | ||
Қондыру кезінде шу деңгейі | ||
Ұшып өту кезіндегі шу деңгейі | ||
Ұшу кезіндегі шу деңгейі | ||
Ұшу алдында кезіндегі шу деңгейі | ||
Әуе кемесін пайдаланушының және өтінім берушінің мекен-жайы, телефоны, факсі ___ | ||
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушыға) | ||
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін) | Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушығасы (заңды тұлға үшін) | |
Мөр орны (болған жағдайда) |
"Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Портал арқылы жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын тану үшін өтінім. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім
20____ж. "__" ______№____ Мемлекеттік тізілімге енгізілген Әуе кемесінің арнайы
ұшуын (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификатын) орындауға рұқсат беруіңізді
сұраймын: ________________________________________________________________,
(әуе кемесінің түрі , тану белгісі)
Тиесілі ______________________________________________________
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Типі _____________________ әуе кемесінің мақсаты ______________
2. Ұлттық және тіркеу белгілері ______________________________
3. Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмірі _________________________
Азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу | +/- | сипаттаңыз |
Ұшақ | ||
Тікұшақ | ||
басқалар | ||
Авиациялық радиожиілік аумағында жұмыс жасайтын радиоберу құрылғыларының тізбесі: | ||
Әуе кемесін пайдаланушының және өтінім берушінің мекен-жайы, телефоны, факсі ___ | ||
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушыға) | ||
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін) | Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушығасы (заңды тұлға үшін) | |
|
"Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Өтінім және азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру" мемлекеттік қызметінің стандарты
1 | Қызмет көрсетушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" аксионерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Портал арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс істеу кестесі |
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мынадай құжаттар қоса берілетін өтінім: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |