"Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 сәуірде № 20487 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары";

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға - электрондық аукцион барысында қалыптасатын лоттың бағасы;

      2) бағалаушы - кәсіптік қызметін бағалаушылар палатасы берген "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің негізінде жүзеге асыратын және бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке тұлға;

      3) банкрот - заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;

      4) бастапқы баға - бағалау құнын айқындау нәтижелері бойынша не объектінің теңгерімдік құны бойынша белгіленетін әр объекті бойынша лоттың бағасы;

      5) борышкер - оларға қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолданылған дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі - дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;

      6) ең төмен баға - лот одан төмен сатылуы мүмкін емес баға;

      7) жабық электрондық аукцион - айналымы шектелген мүлікті сату бойынша электрондық аукцион;

      8) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған және электрондық аукционның қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған электрондық аукционға қатысушы;

      9) кепілді жарна - электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;

      10) қатысушы - электрондық аукционға немесе жабық электрондық аукционға қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      11) лот - электрондық аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше зат;

      12) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) - Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер қорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі - деректер қоры);

      13) сатушы - уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы;

      14) сатып алушы - сатып алу-сату шартына қол қойған электрондық аукционның жеңімпазы;

      15) сату бағасы - электрондық аукцион нәтижесінде белгіленген лоттың түпкілікті бағасы;

      16) уәкілетті орган - оңалту және банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы;

      17) ұйымдастырушы - уәкілетті орган айқындаған және сатушымен банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу бойынша электрондық қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

      18) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      19) электрондық аукцион - электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;

      20) электрондық аукцион залы (бұдан әрі - аукцион залы) - электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      21) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      3. Банкроттың мүлкін сатуды банкроттықты басқарушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен, кредиторлар комитетімен бекітілетін, банкроттың мүлкін сату жоспарына (бұдан әрі - Сату жоспары) сәйкес электрондық аукционды өткізу арқылы жүзеге асырады.

      4. Акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүлкін сату осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық аукцион өткізу жолымен "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 188-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны иеліктен айыруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мүліктік массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеген жағдайда, стратегиялық объектілерге жатқызылған банкроттың мүлкін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін ескере отырып жүзеге асырылады.

      5. Банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлікті (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) сатуды уақытша басқарушы уәкілетті органмен келісілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспарының негізінде жүзеге асырады және олар электрондық аукционға теңгерімдік құны бойынша шығарылады.

      Уақытша басқарушының Сату жоспарын келісуі Заңның 99-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Сот шешімімен оңалту рәсімі қолданылған борышкер мүлкін сатуды оңалтуды басқарушы оңалту жоспарының негізінде электрондық аукционды өткізу жолымен жүзеге асырады.

      7. Банкроттықты басқарушы банкроттың мүлкін сату жоспарын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүліктік массаны түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар комитеті шешімінің негізінде жасайды.

      8. Банкроттың мүлкін Сату жоспарын осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің кредиторлар комитеті бекітеді.

      9. Банкроттың мүліктік массасында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және (немесе) қызмет көрсету үшін кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын мүліктік кешені болған жағдайда, оны аукционда бірыңғай лотпен кем дегенде екі рет сату Сату жоспарындағы міндетті шарты болып табылады.

      10. Сату жоспарын жасау кезінде сату объектілерінің бастапқы бағасын сатушы бағалау құны не теңгерімдік құны деңгейінде белгілейді.

      Дебиторлық берешек электрондық аукционға оның номиналды мәні мөлшерінде бастапқы бағамен шығарылады.

      11. Сату жоспарында кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың ең төменгі бағасы көзделуі мүмкін, лот осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған жағдайды қоспағанда, төмен бағамен сатылуы мүмкін емес.

      Кредиторлар комитеті лоттың ең төменгі бағасын белгілеген жағдайда, мұндай баға лоттың бастапқы бағасының елу пайызынан кем болып белгіленбеуі тиіс.

      12. Электрондық аукцион өтпей қалған жағдайда, мүліктік массаның алдағы сатуы, кредиторлар жиналысы мүлікті тікелей сату не мүліктік массаны заттай беру туралы шешім қабылдамаса, аукционның өтпегендігі туралы актіге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      13. Егер электрондық аукцион бір лотпен екі рет өткізілмей қалса, мүлікті алдағы сату бөлек лоттармен кредиторлар жиналысы мүлікті тікелей сату не мүліктік массаны заттай беру туралы шешім қабылдамаса, аукционның өтпегендігі туралы актіге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      14. Мүлікті электрондық аукционға қайта шығарған кезде сатушы кредиторлар комитетінің келісімімен лоттың бастапқы бағасын алғашқы бастапқы бағасынан он бес пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқылы. Алғашқы бастапқы бағаны төмендету бір рет қана рұқсат етіледі.

      15. Объектінің бастапқы бағасы бағалау құнының деңгейінде белгіленген жағдайда, сатушы бағалаушының тартуын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкердің мүлкін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялай отырып, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурстық негізде жүргізеді.

      Уәкілетті орган банкроттың мүлкін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны сатушы ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Баға ұсыныстары бар конверттерді кредиторлар жиналысы немесе комитеті белгілеген мерзімде ашу конкурстық комиссияның отырысында жүзеге асырылады. Ең төмен бағаны ұсынған бағалаушы жеңімпаз болып танылады.

      16. Сату жоспары бекітілгеннен кейін сатушы екі жұмыс күнінен кешіктірмей, тізілімнің веб-порталындағы деректер қорына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізуін қамтамасыз етеді:

      1) сатушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) сатушының жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі - ЖСН);

      3) сатушының телефоны мен мекенжайы;

      4) банкроттың атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      5) борышкердің ЖСН немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН);

      6) банкроттың заңды мекенжайы;

      7) сату объектісінің орналасқан жері;

      8) банкрот қызметінің негізгі бейіні;

      9) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);

      10) банкроттың банктік деректемелері;

      11) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

      Енгізілген ақпаратқа қосымша сатушы деректер қорына мынадай құжаттардың сканерленген көшірмелерін енгізуді қамтамасыз етеді:

      1) сату объектісін бағалау туралы есеп (ол бар болса) не түгендеу актісін қоса бере отырып, кредиторлар комитетінің мүлікті теңгерімдік құны бойынша шығаруға келіскені туралы хаттамалық шешімі;

      2) электрондық аукционға қойылған сату объектісінің сыртқы сипаты мен техникалық сипаттамасын жан-жақты және көзбен қарап бағалауға мүмкіндік беретін кем дегенде 10 фотосурет;

      3) кредиторлар комитеті бекіткен Сату жоспары;

      4) кредиторлар комитеті отырысының Сату жоспарын бекіту туралы хаттамасы;

      5) мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіппен алынған банкроттың мүлкіне құқықтарды іске асыруға жазбаша келісімі;

      6) сату объектілерінің құқық белгілейтін құжаттары, олардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туындайды, өзгереді және (немесе) тоқтатылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы электрондық аукцион өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын әрбір лот бойынша мынадай мәліметтерді деректер қорына қосымша енгізеді:

      1) электрондық аукционның күні мен уақыты;

      2) лоттың атауы;

      3) лоттың бастапқы бағасы;

      4) лоттың ең төмен бағасы (болған кезде);

      5) кепілді жарнаның мөлшері;

      6) ұйымдастырушының банктік деректемелері;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні сату кезіндегі ерекше шарттар және сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар;

      8) өтінімдер қабылдау мерзімі;

      9) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

      10) сатушының шешімі бойынша қосымша ақпарат.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мүлікті сату бойынша электрондық аукцион туралы ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) электрондық аукционды өткізу күні мен уақыты;

      2) банкроттың атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      3) банкроттың БСН/ЖСН-і;

      4) сатушының аты, тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      5) сатушының ЖСН-і;

      6) банкроттың заңды мекенжайы;

      7) сату объектісі туралы мәліметтер (мүліктің атауы, жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі, қысқаша сипаттамасы, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа);

      8) сату объектісінің орналасқан жері;

      9) лоттың бастапқы бағасы;

      10) кепілді жарнаның мөлшері;

      11) ұйымдастырушының банктік деректемелері;

      12) өтінімдерді қабылдау мерзімі;

      13) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

      14) Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген, оның ішінде айналымы шектелген мүлікті немесе стратегиялық объектіні сату кезіндегі ерекше шарттар және сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінімді тіркеу қажет.

      Электрондық өтінім беру үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері;

      4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы бір жұмыс күннің ішінде тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді.

      Ақпараттық хабарламада мүліктік массаны сатып алушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше шарттар мен қосымша талаптар болған жағдайда, электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге өздерінің осы шарттар мен талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркейді.

      Жабық электрондық аукционға осы мүлікті сатып алуға құқығы бар Заңның 99-бабының 3-тармағына сәйкес адамдардың қатысуына жол беріледі.

      Жабық электрондық аукционға қатысушылар электрондық өтінімге жабық электрондық аукционның шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін де қоса тіркейді.";

      Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 417 бұйрығына
1-қосымша
  Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  20__ жылғы " "
уәкілетті органмен келісілді

Тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарларды сату жоспары

      ________________________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) және борышкердің деректемелері

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Заңды мекенжайы __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Банктік шоты______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі__________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20__

      жылғы "___" _________ шешімімен ___________________

      _____________________________________________________________ банкрот деп танылды.

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол

      жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      заңды тұлға үшін: атауы)

      Мүлік сатуға ____ лотпен (саны) қойылады:

Лот №

Лоттың сипаттамасы (сату объектісінің атауы, физикалық жай-күйі, жарамдылық мерзімі және басқа)

Мүліктің теңгерімдік құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы (мың теңге)

      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін сату

      кезінде)_________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сатып алушыға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

      қосымша талаптар________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Уақытша басқарушы______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 417 бұйрығына
2-қосымша
  Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Банкроттың мүлкін сату жоспары

      ________________________________________________________________________________

      (борышкердің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе) және деректемелері

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Заңды мекенжайы __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Банктік шоты______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Негізгі қызмет түрі__________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық

      сотының 20__ жылғы "___" _________ шешімімен ___________________

      _____________________________________________________________ банкрот деп танылды.

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке

      басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      заңды тұлға үшін: атауы)

      Уәкілетті органның 20__ жылғы "___" _______ № _____ бұйрығымен

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      банкроттықты басқарушы болып тағайындалды.

      Уақытша (банкроттықты) басқарушы борышкердің мүлкін түгендеуді 20__ жылғы

      "___" ____________ 20__ жылғы "___" ___________ аралығында жүргізді.

      Борышкердің мүлкін бағалауды 20__ жылғы "__"

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияны берген органның атауы)

      берілген, тіркеу нөмірі ________________________________ мүлікті бағалау жөніндегі

      қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар

      ________________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы, бизнес сәйкестендіру

      нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) жүргізді.

      20__ жылғы "___" ________________ шартқа сәйкес 20__ жылғы "___"

      ______________ - 20__ жылғы "___" ___________ аралығында бағалау жүргізілді.

      Мүлік сатуға ____ лотпен (саны) қойылады:

Лот №

Лоттың сипаттамасы (кадастрлық нөмірі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

Мүліктің құны (мың теңге)

Бастапқы бағасы (мың теңге)

Ең төмен баға (мың теңге) (бар болса)

Теңгерімдік

Бағалау






      Сатудың ерекше шарттары (айналымы шектелген борышкердің мүлкін немесе

      стратегиялық объектіні сату кезінде)_________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сатып алушыға стратегиялық объектілер бойынша (бар болса) қойылатын Қазақстан

      Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен

      белгіленген қосымша талаптар

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Банкроттықты басқарушы__________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 417 бұйрығына
3-қосымша
  Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Борышкердің мүлкін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін: атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке кәсіпкер үшін:

      тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Банкроттықты басқарушысы_______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (борышкердің заңды мекенжайы/мекенжайы, телефон)

      мекенжайы бойынша орналасқан борышкердің ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      дара кәсіпкер үшін: (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін: атауы,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      мүлкін бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты жариялайды.

      Борышкер мүлкінің құрамына: _______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ кіреді.

      (бағалау объектісі, шығарылған/салынған жылы, техникалық жай-күйі және басқа)

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс

      күні ішінде ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қала, көше, үйдің нөмірі, пәтер/бөлме нөмірі, телефон)

      мекенжайы бойынша ______ бастап _______ дейін қабылданады, түскі үзіліс ______ бастап

      ____ дейін.

      Конкурсты ұйымдастыру бойынша кінәрат-талаптар_____________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы:қала,

      көше, үй, кабинет, телефон нөмірі, электрондық почта)

      мекенжайы бойынша _____ бастап ____ дейін қабылданады, түскі үзіліс _____ бастап ____ дейін.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 417 бұйрығына
4-қосымша
  Банкроттың мүлкін сату
бойынша электрондық
аукционды өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционға қатысуға өтінім

      1.________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкер үшін: тегі, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), заңды тұлға үшін: атауы)

      банкроттың мүлкін сату туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және

      Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларымен танысып,

      тізілімнің веб-порталында 20__ "__" __________ сағат __ өтетін электрондық аукционға

      қатысуға ниет білдіреді. 2. Мен (біз) электрондық аукционға қатысу үшін ұйымдастырушының

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (есеп шот деректемелері көрсетіледі)

      есеп шотына жалпы сомасы __________ (______________) теңге __________ (цифрлармен)

      жазбаша) (саны) кепілдік жарна (жарналар) енгіздім (енгіздік).

      Енгізілген кепілді жарналар туралы мәліметтер:

Р/с №

Кепілді жарнаның мақсаты және электрондық аукциондарға қатысу үшін кепілді жарна енгізілген сату объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілді жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Мен (біз) мыналардың:

      1) сату объектісін сатып алушыларға қойылатын электрондық аукционның өткізілетіні туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген ерекше шарттарға және (немесе) қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

      2) ұйымдастырушы;

      3) сатушы қатысушы ретінде тіркелуге жатпайтыны туралы хабардармын (хабардармыз).

      4. Қатысушыға қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайда, мен (біз) электрондық аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), мен (біз) қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың және сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылатынымен келісемін (келісеміз).

      5. Егер мен (біз) сауда-саттық жеңімпаз(дар)ы деп айқындалған жағдайда, өзіме (өзімізге) сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға электрондық ауцион өткізілген күні қол қою және электрондық ауцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін аламын (аламыз).

      6. Мынадай:

      1)сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

      2)белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан;

      3)мен (біз) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған;

      4)мен (біз) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінім (келмейтініміз) анықталған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және сатушыда қалатынымен келісемін (келісеміз).

      7. Осы өтінімнің сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шартын жасасуға дейін қолданылатын шарттың күші бар.

      8. Өзім (өзіміз) туралы мынадай мәліметтер беремін (береміз):

      Дара кәсіпкер үшін:

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________

      Төлқұжат деректері_______________________________________________________________

      Мекенжайы:_____________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс):____________________________________________________________

      Банктік деректемелері:____________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру коды__________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру коды _________________________________________________________

      Банктің атауы____________________________________________________________________

      Бенефиар коды___________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1)______________________________________________________________________________

      2)______________________________________________________________________________

      3)______________________________________________________________________________

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы__________________________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайы:_____________________________________________________________________

      Телефон нөмірі (факс): ____________________________________________________________

      Банктік деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды__________________________________________________________

      Бизнес сәйкестендіру коды _________________________________________________________

      Банктің атауы ____________________________________________________________________

      Бенефиар коды___________________________________________________________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ______________________________________________________________________________

      2) ______________________________________________________________________________

      3) ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      жеке тұлғаның (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат

      негізінде әрекет ететін заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталымен 20__ жылғы "___" ________________

      сағат "___" минутта қабылданды.

      Қатысушының аукциондық нөмірі _________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады