Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз
Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабының 3 және 4-тармақтарына, 43-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мына:
1) "Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 268 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17824 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидаларын, Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларын және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 268 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 16 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18311 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары М.Ж. Хаджиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына 1-қосымша |
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес әзірленді және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Сақтандыру қызметі туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
Қағидалардың мақсаттары үшін сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әріптестің интернет-ресурсы – тиісті келісімнің негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурсы;
2) маркетплейс (цифрлық платформа) – сақтандырушының және/немесе оның әріптесінің сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеуге арналған цифрлық алаңы;
3) мобильді қосымша – интернет-ресурстардың мазмұнын қарау, өңдеу және көрсету үшін пайдаланылатын браузерлерді қоспағанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және ұялы байланыс пен Интернет желісі арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
4) сақтандырушы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
5) электрондық терминал – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын не қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру операцияларын жүзеге асыруға не шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға не өзге де операция түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растау құжаттарын қалыптастыруға арналған электрондық-механикалық құрылғы.
3. Міндетті және жүктелген сақтандыру бойынша электрондық нысанда электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып қана жүзеге асырылады.
Ерікті сақтандыру бойынша электрондық нысанда электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу сақтандырушының интернет-ресурсын және әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Әріптестің интернет-ресурсы арқылы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу мақсаттары үшін ғана жүзеге асырылады.
Электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу үшін ғана қажетті деректерді енгізуді қамтамасыз ететін мобильді қосымшаларды, электрондық терминалдарды, маркетплейстерді пайдалануға және оларды сақтандырушының интернет-ресурсына және (немесе) ақпараттық жүйесіне жіберуге рұқсат етіледі.
Мобильді қосымша немесе электрондық терминал немесе маркетплейс банкке, төлем ұйымына немесе сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жасалатынына кепілдік беретін ұйымға тиесілі болған және олар сақтандырушының интернет-ресурсына тікелей қол жеткізу үшін пайдаланылатын және сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу үшін қажетті мәліметтерді енгізуге арналған құрал болып табылатын жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы міндетті және міндеттелген сақтандыру бойынша электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға тиесілі емес мобильдік қосымшаларды, электрондық терминалдарды, маркетплейстерді пайдалануға жол берілмейді.
Сақтандырушының интернет-ресурсына тікелей қол жеткізу үшін мобильді қосымшаны, электрондық терминалды немесе маркетплейсті пайдалану кезінде:
сақтанушының мобильді қосымша, электрондық терминал немесе маркетплейс арқылы сақтандырушының интернет-ресурсына қолжетімділігі сақтандырушының Интернеттегі интернет-ресурсының домен атын пайдалану жолымен жүзеге асырылады;
сақтандырушы дербес деректердің және сақтандыру құпиясының қорғалуын және сақталуын, сондай-ақ мобильді қосымша, электрондық терминал немесе маркетплейс иесін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың осы құрылғылар арқылы сақтандырушының интернет-ресурсына берілетін мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз етеді;
сақтандырушы Қағидалардың талаптарын сақтамаған жағдайда мобильді қосымшаның, электрондық терминалдың немесе маркетплейстің иесімен электрондық ақпараттық ресурстармен одан әрі алмасу және осы иеленушіге тиесілі мобильді қосымшаны, электрондық терминалды немесе маркетплейсті пайдалана отырып, электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігінсіз өзара іс-қимылды тоқтатуды қамтамасыз етеді.
Банкке, төлем ұйымына немесе сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жасалатынына кепілдік беретін ұйымға тиесілі электрондық терминалды, мобильді қосымшаны немесе маркетплейсті пайдалана отырып төлем жүргізгені үшін комиссияны қоспағанда, сақтанушының немесе сақтандырушының электрондық терминал, мобильді қосымша немесе маркетплейс иесіне комиссия (сыйақы) төлеуіне жол берілмейді.
4. Қағидалардың 3-тармағы бесінші бөлігінің талабы бұл адамдардың дербес деректерді беруге келісімі болған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіретін адамдармен сақтандыру шарттарын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде қолданылмайды.
5. Сақтанушы (шығу туризмі саласындағы туроператор) мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша туристік өнімді қалыптастыруға және өткізуге арналған сақтанушының ақпараттық жүйесі мен сақтандырушының интернет-ресурсының ықпалдасуы арқылы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеуге қажетті ақпаратты беруге рұқсат етіледі.
Сақтандырушының сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға және (немесе) олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеуге және сақтанушының ақпараттық жүйесін, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы қамтамасыз етуге немесе пысықтауға байланысты жұмыстар мен қызметтер үшін сыйақы төлеуіне жол берілмейді.
6. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу сақтандырушы:
1) интернет-ресурсқа тәулік бойы кедергісіз қол жеткізуді;
2) интернет-ресурста сақтандырудың түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру қағидаларын (сақтандырудың үлгі талаптарын) орналастыруды;
3) интернет-ресурста сақтанушының дербес парағын (бұдан әрі - сақтанушының жеке кабинеті) жасау мүмкіндігін;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тәсілдермен сақтанушыны идентификаттауды және аутентификаттауды;
5) еркін нысанда жасалған сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру оқиғаларын реттеу туралы өтініште (бұдан әрі - өтініш) сақтанушы толтырған жолдарды өтінішті қалыптастыруға қажетті әріптердің, цифрлардың немесе символдардың ең аз және ең көп саны мен форматына олардың сәйкес келуі тұрғысынан автоматтандырылған тексеруді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
Өтініштегі жолдардың мазмұны сәйкес келмеген жағдайда, сақтанушы өтініштегі сәйкес келмейтін жолдарды оның тексеру және түзету қажеттігі туралы хабардар етіледі;
6) ұялы байланыс операторы берген, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) көрсеткен абоненттік нөмірді (бұдан әрі - абоненттік нөмір) мемлекеттік дерекқорлардағы деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілген абоненттік нөмір бойынша деректер мемлекеттік дерекқорда болмаған немесе мемлекеттік дерекқор техникалық тұрғыдан қолжетімсіз болған жағдайда, абоненттік нөмірді салыстырып тексеру сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) жеке кабинетіне кіру жолымен реттеуді қоспағанда, осы нөмірді растау үшін сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) көрсеткен абоненттік нөмірге бір реттік құпиясөзді көрсете отырып, SMS-хабар жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақшаның талаптары электрондық нысанда жасалатын және (немесе) реттелетін сақтандыру жағдайлары бойынша міндетті және уәжді сақтандыру шарттарына қолданылады;
7) электрондық нысанда сақтандыру қызметтерін алу үшін қажетті мемлекеттік дерекқорлардан мәліметтерді алу мақсатында сақтандыру қызметтерін алушының (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының) дербес деректерді жинауға және өңдеуге, деректерді Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға (бұдан әрі - СБДҚ) беруге және алуға келісімін алуды қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
Бұл ретте деректер сақтандырушыға сақтандыру шартын жасасу үшін берген жағдайда, сақтанушыға сақтандырылушылардың және/немесе пайда алушылардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге, мемлекеттік дерекқорлардан мәліметтер алу мақсатында деректерді СБДҚ-ға беруге/СБДҚ-дан алуға келісімдерін алу міндеті жүктеледі;
8) сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде өтініште көрсетілген мәліметтерді, оның ішінде "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағында белгіленген жеңілдіктердің (бұдан әрі – көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі жеңілдік) болуы туралы мәліметтерді СБДҚ-да мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың СБДҚ-ның ақпарат жүйесімен (бұдан әрі – мемлекеттік дерекқорлар) интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен автоматты түрде салыстырып тексеру және (немесе) өтініштің жолдарын автоматты түрде толтыру үшін автоматты түрде жіберуді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу үшін қажетті деректер мемлекеттік дерекқорларда болмаған немесе мемлекеттік дерекқорлар техникалық тұрғыдан қолжетімсіз болған жағдайда, өтініште көрсетілген мәліметтер СБДҚ-да бар сақтанушы (сақтандырылушы) бұрын жасасқан және қолданыстағы сақтандыру шарттары, мәлімделген және реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша деректермен салыстырып тексеріледі.
СБДҚ-да сақтанушы (сақтандырылушы) бұрын жасасқан және қолданыстағы сақтандыру шарттары, мәлімделген және реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша деректер болмаған жағдайда, сақтандырушы өтінішке қоса берілген құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді;
9) мына:
екі жақты аутентификаттауды, шифрлауды және деректердің құпиялылығын қамтамасыз ететін қорғалған байланыс арнасы арқылы;
сақтандырушының интернет-ресурсындағы өтініште сақтанушы көрсеткен деректерді верификаттау режимінде сақтанушы өтініште көрсеткен мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлардан және СБДҚ-дан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады;
сақтандырушының интернет-ресурсына мемлекеттік дерекқорлардағы және СБДҚ-дағы мәліметтерді сақтандырушының беруіне, сондай-ақ сақтанушының дербес деректерді жинауға және өңдеуге, деректерді СБДҚ-ға беруге тиісті келісімі болмаған жағдайда дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша деректерді сақтандырушының интернет-ресурсында автоматты түрде толтыруға және қайтаруға болмайды;
10) сәйкес келмейтін жолдарды көрсете отырып, өтініште көрсетілген мәліметтердің мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы ақпаратты СБДҚ-дан алуды қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректер өтінішке қоса берілген құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерінен алынған мәліметтермен сәйкес келмеген жағдайда, сақтанушыны анықталған сәйкессіздік және мемлекеттік дерекқорлардағы немесе сақтанушыға (сақтанушыға) берілген құжаттардағы деректерді түзету қажеттілігі туралы бір мезгілде хабарлай отырып, құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерінен алынған мәліметтер негізінде сақтандырушы сақтандыру шартын жасасады және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттейді.
СБДҚ-дан өтініште көрсетілген мәліметтердің мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен сәйкес келмеуі туралы ақпарат алынған жағдайда, сақтандырушының интернет-ресурсында сақтанушы өтініште көрсетілген сәйкес келмейтін мәліметтерді тексеру және түзету қажеттігі туралы хабардар етіледі;
11) жасалған сақтандыру шарты бойынша ақпаратты СБДҚ-ға жіберуді және оған бірегей нөмір бере отырып, сақтандыру шартын СБДҚ-да тіркеуді;
12) сақтандыру жағдайын СБДҚ-да реттеу және сақтандыру шартының бірегей нөмірі бар бірегей нөмірді бере отырып, сақтандыру жағдайын СБДҚ-да тіркеу жөніндегі ақпаратты жіберуді;
13) сақтандыру шартының СБДҚ берген бірегей нөмірді және осы қаулымен бекітілген Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны жіберу қағидаларының 6 және 9-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаны дереу жіберуді;
14) СБДҚ берген бірегей нөмірді және осы қаулымен бекітілген Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламаны жіберу қағидаларының 6 және 9-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып, сақтандыру жағдайын реттеудің әрбір сатысында:
сақтандыру жағдайын тіркеу туралы;
реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып);
сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттардың жеткіліксіздігі туралы;
сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы хабарламаны сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) зардап шегуші (пайда алушыға) дереу жіберуді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады.
7. Сақтандыру шарты туралы ақпарат реттелген және реттелмеген сақтандыру жағдайлары туралы ақпаратты да қамтиды.
8. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан кезде сақтандырушы өзінің интернет-ресурсында сақтанушыға:
1) мыналарды қамтитын өтінішті қалыптастыру:
жеке тұлға үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері (сақтандырушының ұйғаруы бойынша);
жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті);
электрондық пошта мекенжайы (бар болса);
абоненттік нөмір;
көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі жеңілдіктің болу-болмауы туралы белгі;
егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, ол туралы көрсету;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтерді;
заңды тұлға үшін:
толық атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
орналасқан жері (сақтандырушының ұйғаруы бойынша);
экономика секторының коды, экономикалық қызмет түрі;
бенефициар меншік иелері немесе бірінші басшы туралы ақпарат;
лицензияның нөмірі, берілген күні (лицензияланатын қызмет түрлерін сақтандыруға кезде);
электрондық пошта мекенжайы (бар болса);
абоненттік нөмір;
егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, ол туралы көрсету мүмкіндігін;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтамасыз етеді.
Сақтанушының (шығу туризмі саласындағы туроператордың) өтінішінде осы тармақта көрсетілген мәліметтерден басқа сақтандырылушының (шетелге шығатын туристің) абоненттік нөмірі болады;
2) сақтанушы өтініште көрсеткен мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерін қоса беруді;
3) сақтандыру сыйлықақысының сомасымен, сондай-ақ берілетін жеңілдік пен көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі жеңілдік (бар болса) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасымен танысуды;
4) сақтанушы таңдаған сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру қағидаларымен (сақтандырудың үлгі талаптарымен) сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейін танысуды;
5) сақтандыру сыйлықақысын, оның ішінде сақтандырушының төлем деректемелері, шотының нөмірі, төлеу мерзімі және сақтандыру шартының күшіне ену тәртібі бар ақы төлеуге арналған шотты сақтандырушының ұсынуы арқылы төлеуді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандырушы талап еткен мерзімде төленбеген жағдайда, сақтандырушы сақтандыру шартын жасаспау туралы хабарламаны сақтанушыға жіберуді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру шартында көзделген мөлшерден кем мөлшерде төленген жағдайда, сақтандырушы сақтанушыға тез арада сақтандыру сыйлықақысының жетпейтін бөлігін сақтандырушы көрсеткен мерзімде төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Сақтандыру сыйлықақысының сомасы артық төленген жағдайда, сақтандырушы оның сақтанушыға қайтарылуын қамтамасыз етеді және тиісті хабарлама жібереді;
6) сақтандырушының және СБДҚ-ның сақтанушыны сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлау тәсілін осы қаулымен бекітілген Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларына және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес таңдауды;
7) әрбір сақтанушыға (сақтандырылушыға) қатысты бұрын жасалған және (немесе) қолданыстағы барлық сақтандыру шарттары бойынша ақпараттан тұратын электрондық нысанда жеке кабинет құруды қамтамасыз етеді.
9. Сақтандыру жағдайын электрондық нысанда реттеу кезінде сақтандырушы интернет-ресурста сақтанушыға (сақтандырылушыға, зардап шегушіге, пайда алушыға) нысандарды толтыру және мынадай мәліметтерді, оның ішінде сақтандыру ісін қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
1) жеке тұлға үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері (сақтандырушының ұйғаруы бойынша);
жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі;
резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті);
электрондық пошта мекенжайы (бар болса);
абоненттік нөмір:
осы тұлғаның мәртебесі (сақтанушы, сақтандырылушы, сақтандыру жағдайына қатысушы, өкіл және басқалар);
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу үшін қажетті өзге де мәліметтер;
заңды тұлға үшін:
толық атауы;
бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
орналасқан жері (сақтандырушының ұйғаруы бойынша);
экономика секторының коды, экономикалық қызмет түрі;
бенефициар меншік иелері немесе бірінші басшы туралы ақпарат;
лицензияның нөмірі, берілген күні (лицензияланатын қызмет түрлерін сақтандыруға кезде);
электрондық пошта мекенжайы (бар болса);
абоненттік нөмір;
осы тұлғаның мәртебесі (сақтанушы, сақтандырылушы, сақтандыру жағдайына қатысушы, өкіл және басқалар);;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу үшін қажетті өзге де мәліметтер.
2) мүлкіне және/немесе өміріне және денсаулығына келтірілген залал туралы мәліметтерді көрсету;
3) сақтанушы (пайда алушы, зардап шегуші) көрсеткен, сақтандырушыға дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым оларға қол жеткізуді беретін, мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерін тіркеу;
4) зиян мөлшерін бағалау сомасымен (зиян мөлшері туралы есеппен) танысу, оның келісілгенін немесе келісілмегенін белгілеу, сондай-ақ төленуге тиіс сомамен танысу;
5) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруы үшін пайда алушының төлем деректемелері туралы мәліметтер ұсыну;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету қағидаларына және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес, реттеу және (немесе) сақтандыру төлемі үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды қоса алғанда, сақтандырушының және СБДҚ-ның сақтанушыны (пайда алушыны, зардап шегушіні) сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы хабардар ету тәсілін таңдауы;
7) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес көзделген қол жеткізу құқығына байланысты әрбір сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға, зардап шегушіге) қатысты электрондық нысанда барлық мәлімделген және реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратты қамтитын жеке кабинет құру туралы;
8) дауды реттеу үшін сақтандырушыға сақтандыру омбудсманына жүгіну ниеті туралы хабарлама жіберу және сақтандыру обудсманына жүгіну тәртібі туралы хабардар ету және сақтандыру омбудсманының сайтына көшу;
9) сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына өтініш жолдау.
10. Қағидалардың 6, 8 және 9-тармақтарының талаптары:
туристі міндетті сақтандыру;
міндетті экологиялық сақтандыру;
міндеттелген және ерікті сақтандыру, электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу және сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жүзеге асырылатын сақтандыру шарттарын жасасу;
мыналардың:
жеке нотариустардың;
аудиторлық ұйымдардың;
жолаушылар алдындағы тасымалдаушылардың;
көлік құралдары иелерінің;
қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қолданылады.
Әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтандыру шарттарын жасасқан және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеген жағдайда, сақтандырушы Қағидалардың 6-тармағының 1), 3), 8) және 10) тармақшаларын, 8-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, Қағидалардың 6, 8 және 9-тармақтарының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру шарттары мемлекеттік дерекқорлардан мәліметтерді пайдалана отырып жасалған жағдайда сақтандырушы Қағидалардың 6-тармағының 5) және 8) тармақшаларын, 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 6 және 8-тармақтардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушының өтініште көрсеткен мәліметтерін әріптестің интернет-ресурсында мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізу үшін әріптестің интернет-ресурсына қолжетімділік беріледі.
Әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтанушының өтініште көрсеткен мәліметтерін мемлекеттік дерекқорлардан немесе СБДҚ-дан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізген кезде:
автоматтандырылған салыстырып тексеру деректердің екіжақты сәйкестендірілуін, шифрлануын және конфиденциалдығын қамтамасыз ететін қорғалған байланыс арнасы арқылы әріптестің интернет-ресурсының сақтандырушының ақпараттық жүйесімен өзара әрекет етуі арқылы жүргізіледі. Сақтандырушының әріптестің интернет-ресурсына есептік жазбаларды және (немесе) СБДҚ-ға қолжетімділік кілттерін беруіне және сақтанушы мен сақтандырушының арасында ақпараттық өзара әрекет ету арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандырушының ақпараттық жүйелерінің бөлігіне қолжетімділікті ұсынуына жол берілмейді;
автоматтандырылған салыстырып тексеру әріптестің интернет-ресурсында сақтанушының өтініште көрсеткен деректерін анықтау режимінде ғана жүргізіледі. Сақтандырушы әріптестің интернет-ресурсында деректерді анықтау нәтижесін ғана "дұрыс" немесе "дұрыс емес" форматында береді;
сақтандырушының мемлекеттік дерекқорлардағы және СБДҚ-дағы мәліметтерді әріптестің интернет-ресурсына беруіне, сондай-ақ өтініштің жолдарын автоматты толтыруға және оның дербес деректерін қоса алғанда, әріптестің интернет-ресурсына сақтанушы (сақтандырылушы) бойынша деректерді қайтаруға жол берілмейді.
Сақтанушы тарапынан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім болмаған жағдайда, әріптестің интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтанушы өтініште көрсеткен мәліметтерді мемлекеттік дерекқорлар мен СБДҚ-тан алынған деректермен автоматтандырылған салыстырып тексеруді жүргізу кезінде осы тармақтың бесінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарының талаптары орындалады.
11. Сақтандырушының интернет-ресурсында міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушының келісімін алмастан, сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде көзделмеген қосымша ақылы өнімдер мен қызметтерді қосуға жол берілмейді.
Сақтанушының сақтандыру қағидаларымен және талаптарымен танысқаны туралы, сақтанушының сақтандырушының интернет-ресурсында, әріптестің интернет-ресурсында ақылы өнімдер мен қызметтерді сатып алуға келісімін алғандығы туралы белгілерді автоматты түрде қоюға жол берілмейді.
12. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 825-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген тәртіппен сақтандыру шарты жасалған жағдайда, сақтандыру шарты "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптар ескеріле отырып, шарт тараптарының электрондық цифрлық қолтаңба құралдары пайдаланылып жасалуға тиіс.
13. Қағидалардың 6-тармағы 8) тармақшасының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда сақтандырушы сақтанушы (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) құжаттардың электрондық немесе сканерленген көшірмелерін сақтандырушының интернет-ресурсына немесе әріптестің интернет-ресурсына жүктеген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) сақтандыру сыйлықақысын төлеу қажеттілігі туралы;
2) сақтандыру шартын жасасудың мүмкін еместігі және сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерді түзету қажеттілігі туралы;
3) сақтандырушы көрсеткен мерзімде құжаттарды қайта жүктеу қажеттілігі туралы;
4) сақтандыру жағдайын тіркеу туралы;
5) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы (бас тарту себептерін көрсете отырып);
6) сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудың мүмкін еместігі және сақтанушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) өтінішінде көрсетілген мәліметтерді түзету қажеттілігі туралы;
7) сақтандырушы көрсеткен мерзімде құжаттарды қайта жүктеу қажеттілігі туралы;
8) сақтандыру төлемінің мөлшері хабарламаны жіберуді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру шартын жасасудың немесе сақтандыру жағдайын тіркеудің, сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудың және мәліметтерді түзету қажеттілігінің мүмкін еместігі туралы хабарлама сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушының) өтінішінде көрсетілген мәліметтер сақтанушы (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) ұсынған құжаттардың деректерімен сәйкес келмеген жағдайда жіберіледі.
Сақтандырушы көрсеткен мерзімде құжаттарды қайта жүктеу қажеттілігі туралы хабарлама сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушының) өтінішінде көрсетілген мәліметтерді сақтанушы (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушының) ұсынған құжаттардың деректерімен салыстыру мүмкін болмаған жағдайда жіберіледі.
14. Сақтандыру шарты бойынша және (немесе) сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратқа қол жеткізуін сақтандырушы ақпарат алуға өтініш білдірген сәйкестендірілген тұлғаның таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен:
1) сақтандырушының интернет-ресурсында сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) абоненттік нөмірін және (немесе) сақтандыру шартының бірегей нөмірін және сақтандырушының ұйғаруы бойынша деректерді (жеке және заңды тұлғалар үшін) енгізу арқылы;
2) қағидалардың 17-тармағында көзделген тәртіппен және талаптар ескеріле отырып телефон байланысы арқылы (жеке тұлғалар үшін) қамтамасыз етеді.
Сақтандырушының ұйғаруымен сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып оны сәйкестендіру және аутентификаттау жағдайында да сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) жасалған сақтандыру шарты бойынша ақпаратқа қол жеткізуі ұсынылуы мүмкін.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-2-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді сақтанушы (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушы) сақтанушының (сақтандырушы, зардап шегуші, пайда алушының) жеке кабинетіне кіру не осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын жасалған сақтандыру шарты және (немесе) сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратқа қол жеткізу арқылы жасайды.
15. Сақтандырушы сақтандыру шартының мәліметтерін өзгерту, қайта ресімдеу туралы өтінішті алған кезде Қағидалардың 6-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес өтініштердегі мәліметтерді тексереді және салыстырып тексереді.
16. Сақтандырушы сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш алған кезде сақтанушыны сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу тәртібі туралы хабардар етеді.
17. Сақтандырушы сақтандыру шарты, сақтандыру жағдайы бойынша ақпаратқа сақтандырушы телефон байланысы арқылы қол жеткізуді оның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін, сақтандыру шартының бірегей нөмірін және (немесе) сақтанушының ұйғаруы бойынша жағдай және өзге де деректер сақтандыру шартының бірегей нөмірін тексеру негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты алуға өтініш білдірген адамды сәйкестендіру талабымен қамтамасыз етеді.
18. Сақтандыру жағдайының басталғаны, залалдың мөлшерін анықтау, есеп айырысумен келіспеу туралы өтінішті жіберу, сақтандыру төлемін жүргізу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың электрондық немесе электрондық көшірмелерін сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) сақтандырушыға оның интернет-ресурсы немесе әріптестің интернет-ресурсы арқылы жүктеу жолымен немесе сақтанушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) жеке кабинетіне жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар олар электрондық нысанда дерекқорда және (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда ұсынылмайды, оларға қолжетімділік сақтандырушыға мемлекеттік дерекқордан және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан беріледі.
19. Сақтандырушы көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушінің өміріне зиян келтіру жағдайлары туралы, оның ішінде "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5-тармағында көзделген дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан ақпарат алған кезде сақтандырушының және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның электрондық ақпараттық ресурстарымен алмасу арқылы пайда алушы (пайда алушылар) бойынша Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады.
Сақтандырушы пайда алушы (пайда алушылар) сәйкестендірілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған (оларға) сақтандыру төлемін алу құқығы туралы және жазбаша (оның ішінде электрондық хабарлама, SMS-хабар, пошта хаттары арқылы) хабарлама жіберу арқылы банктік деректемелерді көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы өтініш беру қажеттігі туралы хабарлайды.
Сақтандыру төлемі сақтандырушы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды жинаған және банктік деректемелерді көрсете отырып, пайда алушыдан (пайда алушылардан) сақтандыру төлемі туралы өтініш алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды пайда алушы (пайда алушылар) дерекқорда және (немесе) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыға қолжетімділігін беретін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде олар электрондық нысанда болған (оларда көрсетілген мәліметтер болған) жағдайда ұсынбайды.
20. Сақтандыру жағдайының болу фактісін және сақтандырушы өтеуге жататын зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл жайлы электрондық пошта адресіне (бар болса) электрондық хабарлама түрінде және (немесе) көрсетілген абоненттік нөмірге SMS-хабар түрінде хабарлама жіберу арқылы жетіспейтін және (немесе) дұрыс емес ресімделген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып хабарлайды.
21. Ұсынылған құжаттардың толық тізбесі және оларды қабылдау күні көрсетілген электрондық анықтама өтініш берушіге ол көрсеткен электрондық пошта адресіне (бар болса) жіберіледі және (немесе) сақтандырушының интернет-ресурсында сақтанушының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына 2-қосымша |
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның сақтандыру шартын жасасу туралы және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету қағидалары (бұдан әрі - Хабардар ету қағидалары) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан және сақтандыру жағдайларын реттеген кезде сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы (бұдан әрі – сақтандырушы) және Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – СБДҚ) сақтанушыға (туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушыға) сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсында және (немесе) тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурсында (бұдан әрі - әріптестің интернет-ресурсы) сақтандырушының сақтандыру шартын жасасу және (немесе) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды қоса алғанда сақтандыру жағдайын реттеу барысының негізгі кезеңдері туралы хабарламасы сақтанушыға (туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушыға):
1) ұялы байланыс операторы ұсынған, сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсеткен абоненттік нөмірге (бұдан әрі - абоненттік нөмір) мәтіндік қысқа хабарлар сервисі арқылы хабар (бұдан әрі - SMS-хабар) түрінде;
2) сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсеткен электрондық пошта мекенжайына (болса) электрондық хабар түрінде жіберіледі.
Сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) сақтандырушының интернет-ресурсында және (немесе) әріптестің интернет-ресурсында сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде Хабардар ету қағидаларының осы тармағында көрсетілген сақтандырушының хабарлама жіберу тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін таңдайды.
Электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасудың басқа жағдайларында сақтандырушының сақтанушыны (туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушыны, зардап шегушіні, пайда алушыны) сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәсілін және хабарламаның мазмұнын таңдауды сақтандырушы дербес жүзеге асырады.
4. СБДҚ-дан сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабарлама сақтанушыға (туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушыға, зардап шегушіге, пайда алушыға):
1) сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсеткен абоненттік нөмірге SMS-хабар;
2) сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсеткен электрондық пошта мекенжайына электрондық хабар түрінде жіберіледі.
Сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) - жеке тұлғаның электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде СБДҚ-дан көрсеткен абоненттік нөмірге SMS-хабар түрінде хабарлама алады және өзінің таңдауы бойынша өзі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына СБДҚ-дан электрондық хабарламаны қосымша алу мүмкіндігі бар.
Сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) - заңды тұлғаның сақтандырушының интернет-ресурсында және (немесе) әріптестің интернет-ресурсында сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде Хабардар ету қағидаларының осы тармағында көрсетілген СБДҚ-дан хабарлама жіберу тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін таңдау мүмкіндігі бар.
Электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасудың және сақтандыру жағдайларын реттеудің басқа жағдайларында сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) - заңды тұлғаны СБДҚ-дан сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету тәсілін таңдауды Хабардар ету қағидаларының осы тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып дербес жүзеге асырады.
5. Сақтандырушының интернет-ресурсында хабарлама алу үшін электрондық пошта мекенжайы болмаған немесе сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсетпеген, сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) SMS-хабар түрінде хабардар етуді таңдаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) көрсеткен абоненттік нөмірге мыналар қамтылатын SMS-хабар жібереді:
жеке тұлға үшін:
сақтанушының (туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушының) тегі мен инициалдары;
жасалған сақтандыру шарты бойынша ақпаратқа қол жеткізу үшін сақтандырушының интернет-ресурсының бетіне Хабардар ету қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тиісті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары (үлгі талаптары) қамтылатын белсенді гиперсілтеме;
сақтандырушының ұйғаруы бойынша өзге деректер;
заңды тұлға үшін:
сақтанушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) толық не қысқаша атауы;
жасалған сақтандыру шарты бойынша ақпаратқа қол жеткізу үшін сақтандырушының интернет-ресурсының бетіне Хабардар ету қағидаларының 6-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тиісті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары (үлгі талаптары) қамтылатын белсенді гиперсілтеме;
сақтандырушының ұйғаруы бойынша өзге деректер.
6. Сақтандырушының сақтандыру шарт жасасу туралы электрондық хабар түріндегі хабарламада:
сақтанушы - жеке тұлға үшін:
сақтанушының (сақтандырылушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
сақтандыру шартының СБДҚ берген бірегей нөмірі;
сақтандыру шартының қолданыс мерзімі;
сақтандырудың негізгі талаптары (сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, сақтандыру лимиттері, сақтандыру нысаны);
сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтанушының (сақтандырылушының) іс-қимыл тәртібі;
сақтандыру төлемін алуға өтініш беру тәртібі;
сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтандыру шарты бойынша өзге мәліметтер көрсетіледі;
туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылған үшін:
сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
сақтандыру шартының СБДҚ берген бірегей нөмірі;
сақтандыру шартының қолданыс мерзімі;
сақтандыру аумағы;
сақтандырудың негізгі талаптары (сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, сақтандыру лимиттері, сақтандыру нысаны);
сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтанушының (сақтандырылушының) іс-қимыл тәртібі;
сақтандыру төлемін алуға өтініш беру тәртібі;
сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтандыру шарты бойынша өзге мәліметтер көрсетіледі;
сақтанушы - заңды тұлға үшін:
сақтанушының атауы;
сақтандыру шартының бірегей нөмірі;
сақтандыру шартының қолданыс мерзімі;
сақтандырудың негізгі талаптары (сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, сақтандыру лимиттері, сақтандыру нысаны);
сақтандыру жағдайы басталған жағдайда сақтанушының (сақтандырылушының) іс-қимыл тәртібі;
сақтандыру төлемін алуға өтініш беру тәртібі көрсетіледі.
Сақтандырушының сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламасында көрсетілмеген сақтандыру шарты бойынша өзге мәліметтер осы мәліметтер қамтылатын сақтандырушының интернет-ресурсының парағына белсенді гиперсілтеменің бейнесі арқылы жіберіледі.
7. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы электрондық хабар түріндегі хабарламасында:
жеке тұлға үшін – сақтанушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
заңды тұлға үшін – сақтанушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) толық не қысқаша атауы;
СБДҚ-да сақтандыру жағдайының тіркелуі туралы ақпарат және сақтандыру жағдайының СБДҚ берген бірегей нөмірі;
СБДҚ интернет-ресурсының мекенжайы;
құжаттарды жинаудың аяқталуы туралы немесе өтініште көрсетілген мәліметтерді түзету және (немесе) сақтандырушы көрсеткен мерзімде құжаттарды қайта жүктеу қажеттілігі туралы ақпарат;
бас тарту себептерін көрсете отырып, сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттардан бас тарту туралы ақпарат;
зиян мөлшерін бағалау сомасымен (зиян мөлшері туралы есеппен) танысу және оны келісу, сондай-ақ төлеуге жататын сомамен танысу;
сақтандыру төлемінің сомасы және оны жүзеге асыру күні туралы ақпарат;
мүлікке және/немесе өмірге және денсаулыққа келтірілген залал туралы мәліметтер;
жеке кабинет құру туралы ақпарат;
сақтандыру шартынан туындаған дауды сақтандыру омбудсманына жүгіну арқылы реттеу мүмкіндігі туралы ақпарат;
сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі өзге де мәліметтер қамтылады.
Сақтандырушының сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабарламасында көрсетілмеген сақтандыру жағдайын реттеу бойынша өзге мәліметтер осы мәліметтер қамтылатын сақтандырушының интернет-ресурсының парағына белсенді гиперсілтеменің бейнесі арқылы жіберіледі.
8. СБДҚ-дан SMS-хабар немесе электрондық хабар түрінде жіберілетін сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандырушыдан электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтер алған кезде жіберіледі және онда мыналар қамтылады:
сақтанушы тұлға үшін:
сақтандырушының қысқаша немесе толық атауы;
шарттың бірегей нөмірі;
СБДҚ интернет-ресурсының мекенжайы;
сақтандыру шартының қолданыс мерзімі;
көлік құралының тіркеу нөмірі (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша);
туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылушы үшін:
сақтандырушының қысқаша немесе толық атауы;
шарттың бірегей нөмірі;
СБДҚ интернет-ресурсының мекенжайы;
сақтандыру шартының қолданыс мерзімі;
сақтандыру аумағы.
9. СБДҚ-дан SMS-хабар немесе электрондық хабар түрінде жіберілетін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабарлама сақтандырушының (сақтандырылушының, зардап шегушінің, пайда алушының) электрондық нысанда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайын реттеу туралы сақтандырушының мәліметтерін алған кезде жіберіледі және онда мыналар қамтылады:
сақтандырушының қысқаша немесе толық атауы;
СБДҚ-да сақтандыру жағдайының тіркелуі туралы ақпарат және сақтандыру жағдайының СБДҚ берген бірегей нөмірі;
СБДҚ интернет-ресурсының мекенжайы;
сақтандыру жағдайын реттеу туралы ақпарат;
СБДҚ-ның интернет-ресурсында жеке кабинет құру туралы ақпарат;
СБДҚ-ны қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ұйғаруы бойынша сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі өзге де мәліметтер.
10. Сақтандырушы СБДҚ-дан SMS-хабар түрінде жіберілетін сақтандыру шартын жасасу және (немесе) сақтандыру жағдайын реттеу туралы хабардар ету шығыстарын әрбір сақтанушы бойынша жіберілген SMS-хабарлардың нақты санына қарай төлеуге тиіс.
СБДҚ-ны қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым ай сайын әрбір айдың 10-күнінен кешіктірмей сақтандырушыға келісуге өткен айда жіберілген SMS-хабарлардың саны және өтелуге тиіс шығыстар сомасы туралы есепті жібереді, оны сақтандырушы алған күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей келісуге тиіс.
11. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылушының абоненттік нөмірін және (немесе) электрондық пошта мекенжайын сақтанушы көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 50 қаулысына 3-қосымша |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – сақтандырушы) сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) анти-бот - соны пайдалана отырып, интернет-ресурсқа кіріп отырған бот емес, адам екенін растауды сұрайтын тест немесе бағдарламалық қамтамасыз ету.
2) бот - сақтандырушының ақпараттық жүйесінде берілген кесте және (немесе) алгоритм бойынша белгілі бір операцияларды автоматты түрде орындау үшін үшінші тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) сақтандырушы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасау және орындау қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы;
4) DDoS-шабуыл - ақпараттық жүйе жұмысының штаттық режимін бұзу мақсатында үшінші тұлғалардың тарапынан "қызмет көрсетуден бас тарту" түрінде таратылған шабуыл немесе еркін қолжетімділік ұсынылатын ақпараттық ресурстарға қолжетімділік жабық болатын не қиындық тудыратын жағдайлар жасау.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Сақтандырушы сақтандыру шарттарын жасасуды және сақтандыру жағдайларын реттеуді, сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін өзінің бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарының тұрақты жұмыс істеуін қолдайды және үздіксіз жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Сақтандырушының бағдарламалық-техникалық құралдары мыналарды:
сақтанушының (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) сақтандыру шарты және сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратты Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордың (бұдан әрі – СБДҚ) ақпараттық жүйесі арқылы тексеруі үшін СБДҚ-ның интернет-ресурсына көшу мүмкіндігін;
сақтандырушының интернет-ресурсына сақтанушының (сақтандырылғанның, жәбірленушінің, пайда алушының) кедергісіз тәулік бойы қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда сақтандыру шартын және сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратты сақтауды;
Заңның 15-2-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін;
сақтанушы (шарт жасауға ниеті бар адамдар, сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) мен сақтандырушының осы интернет-ресурсты пайдалана отырып орындалатын және сақтанушы сақтандыру шартын жасауға және (немесе) сақтандыру жағдайларын реттеуге өтінішті толтырғаннан кейін жасалатын іс-қимылдары туралы электрондық нысандағы мынадай ақпаратты:
іс-қимыл жазбасының автоматтандырылған жүйеде, бағдарламалық қамтамасыз етудегі реттік нөмірді;
іс-қимылды жүзеге асыру датасын (күні, айы, жылы) және уақытын (сағаты, минуттары, секундтары);
интернет-ресурста іс-қимылды жүзеге асыратын және оны автоматтандырылған жүйеде, бағдарламалық қамтамасыз етуде идентификаттауға мүмкіндік беретін адамға берілген символдардың жиынын;
орындалатын іс-қимылға сәйкес келетін кодты;
интернет - ресурсқа қолжетімділік жүзеге асырылған идентификатталған ақпаратты (IP мекенжай);
сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы беретін ақпарат, оның ішінде сақтанушы (сақтандырылушы, зардап шегуші, пайда алушы) жүктеген файлдар мен құжаттарды;
интернет-ресурстың автоматтандырылған жүйесіндегі, бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі қателер туралы идентификатталған ақпаратты 18 (он сегіз) ай ішінде үздіксіз тіркеу мен сақтауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-1. Сақтандырушының бағдарламалық-техникалық құралдары мынадай операцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді:
1) барлық филиалдар мен өкілдіктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкес Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген автоматтандырылған ақпараттық жүйенің талаптарына сәйкес жасалатын барлық операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізу;
3) сақтандыру резервтерін қалыптастыруды және өзгертуді есепке алу;
4) қайта сақтандырушы, сақтандыру агенті, сақтандыру брокері, сақтанушы, пайда алушы, актуарий туралы мәліметтердің өзгеруі (заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы өзгерген кезде, өзгертілетін деректердің сақталуы және бұрынғы деректер бойынша тіркелген тұлғаны іздеу);
5) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру сыныптары (түрлері) бөлінісінде, экономика секторының коды бойынша, экономикалық қызмет түрлері бойынша, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), сақтанушының және сақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының өңірлері және басқа елдер бойынша орналасқан жері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсуін есепке алу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру;
6) қайта сақтандырушының резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), орналасқан жері бойынша сақтандыру сыныптары (түрлері) бөлігінде қайта сақтандыру қызметін есепке алу;
7) сақтандыру салалары мен сыныптары бөлінісінде сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;
8) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары, сақтандыру тәуекелдері (міндеттемелердің көлемі, қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің көлемі), сақтандыру жағдайлары (келіп түскен өтініштердің, бас тартулардың, реттелмеген залалдардың саны) және сақтандыру төлемдері бойынша, сақтандыру сыныптары (түрлері) бөлігінде, жеке және заңды тұлғалар бойынша, экономика секторының коды бойынша, экономикалық қызмет түрлері бойынша, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) бойынша реттелген және реттелмеген наразылықтарды есепке алу бойынша ақпараттық дерекқорды қалыптастыру және жүргізу, сақтанушының және сақтандыру объектісінің Қазақстан Республикасының өңірлері және басқа елдер бойынша орналасқан жері (сақтандыру статистикасының дерекқоры);
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметінде пайдаланылатын қатаң есептілік бланкілерінің (сақтандыру полистерінің) есебін жүргізу;
10) сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізу;
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен басшы қызметкерлерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу.
Ескерту. Талаптар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.4-2. Сақтандырушының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу жөніндегі бағдарламалық-техникалық құралдарында мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) сақтанушының/қайта сақтанушының (егер ол жеке тұлға болып табылса) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе оның атауы (егер ол заңды тұлға болып табылса));
2) сақтанушының жынысы және туған күні ("өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін");
3) сақтандыру сыныбы, түрі (өнімі);
4) шарттың нөмірі;
5) шарттың жасалған күні және қолданылу мерзімі;
6) шарт бойынша сақтандыру объектілерінің саны;
7) шарт бойынша сақтандыру сомасының мөлшері;
8) сақтандыру тарифі;
9) шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері;
10) сақтандыру жарнасының мөлшері және оны төлеу кезеңділігі ("өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);
11) міндетті сақтандыру туралы заңнамада белгіленген тариф бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері;
12) сақтандыру сыйлықақысынан жеңілдік мөлшері;
13) жеңілдік беру негізі;
14) нақты төленген сыйлықақының сомасы және күні;
15) сақтандыру делдалының тегі, тты, әкесінің аты (егер ол жеке тұлға болып табылса) немесе оның атауы (егер ол заңды тұлға болып табылса));
16) сақтандыру делдалына комиссия сомасы;
17) шарт жасасу орны;
18) қайта сақтандырушының, сақтандыру брокерінің атауы;
19) қайта сақтандыру шартының нөмірі;
20) қайта сақтандырушыға берілген жауапкершіліктің мөлшері;
21) қайта сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшері;
22) қайта сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандырушыдан алынатын комиссияның мөлшері;
23) қайта сақтандырушыға аударылатын сома.
Ескерту. Талаптар 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.4-3. Сақтандырушының реттелген және реттелмеген талаптарды есепке алу жөніндегі бағдарламалық-техникалық құралдарында мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) сақтандыру жағдайының тіркелген күні;
2) сақтандыру жағдайының басталған күні;
3) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке тұлға болып табылса) немесе оның атауы (егер ол заңды тұлға болып табылса));
4) пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы (егер ол заңды тұлға болса));
5) сақтандыру/қайта сақтандыру шартының нөмірі;
6) сақтандырудың сыныбы немесе түрі;
7) шарттың қолданылу мерзімі;
8) шығынның мәлімделген сомасы;
9) залалды реттеу бойынша шығыстар;
10) бағаланған залалдың сомасы;
11) сақтандыру төлемінен бас тарту сомасы мен негізі;
12) шарт бойынша сақтандыру сомасы;
13) шарт бойынша франшиза;
14) қайта сақтандырушының сақтандыру төлеміндегі үлесі;
15) қайта сақтандырушының атауы;
16) қайта сақтандыру шартының нөмірі;
17) төлеуге есептелген сома;
18) төлем сомасы мен күні.
Ескерту. Талаптар 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.5. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандырушының лицензиясын тоқтата тұру немесе айыру туралы шешім қабылдаған жағдайда:
СБДҚ-ның сақтандырудың тиісті сыныбы бойынша сақтандыру шартын жасау және сақтандыру жағдайларын реттеу (лицензиядан айырылған жағдайда) үшін қажетті сақтандырушының ақпараттық жүйелерімен өзара іс-әрекеті тоқтатыла тұрады (тоқтатылады);
сақтандырушы интернет-ресурста себебін көрсетумен сақтандыру шарттарын жасау және сақтандыру жағдайларын реттеу (лицензиядан айырылған жағдайда) мүмкін еместігі туралы ақпарат орналастырады және интернет-ресурстардың жұмысын тоқтата тұрады (тоқтатады).
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Сақтандырушы анти-бот шешімдер мен өзге де техникалық және технологиялық қорғау әдістерін пайдалану жолымен өзінің интернет-ресурсын және ақпараттық жүйелерін, оның ішінде мемлекеттік дерекқормен және СБДҚ-мен интеграцияланған ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ мемлекеттік дерекқордан және СБДҚ-дан алынған деректерді боттардан, DDoS-шабуылдардан және үшінші тұлғалардың тарапынан өзге зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Сақтандырушы боттардан, DDoS-шабуылдардан және үшінші тұлғалардың тарапынан өзге зиян келтіретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудан қорғауға бағытталған интернет-ресурсты және ақпараттық жүйелерді қорғаудың іске асырылған әдістері туралы мәліметтерді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17289 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 164 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес берілетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы ақпаратқа енгізеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.11.2023 № 84 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Сақтандырушы сақтандырушының уәкілетті емес қызметкерлерінің техникалық және технологиялық қорғау әдістерін пайдалана отырып, СБДҚ-ға санкцияланбаған қол жеткізу үшін есептік жазбаларды (криптографиялық кілттерді, электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін) пайдалануына жол бермейді.
Сақтандырушы СБДҚ-ға санкцияланбаған кіруді анықтаған жағдайда, сақтандырушы анықталған сәттен бастап 12 (он екі) сағат ішінде осы ақпаратты қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық тәсілмен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жібереді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыдан ақпарат алғаннан кейін не СБДҚ-ға санкцияланбаған кіру фактісін дербес анықтағаннан кейін бірмезгілде жаңа есептік жазбаны (криптографиялық кілтті, электрондық цифрлық қолтаңба кілтін) қайта шығару мүмкіндігімен сақтандырушының СБДҚ-ға қол жеткізу үшін пайдалана отырып санкцияланбаған кіру жүзеге асырылған есептік жазбасын (криптографиялық кілтті, электрондық цифрлық қолтаңба кілтін) бұғаттайды.
Сақтандырушының СБДҚ-ға кіруі бұғатталған жағдайда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушының СБДҚ-ға кіруі бұғатталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы ақпаратты қағаз тасымалдағышта немесе электрондық құжат түрінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Сақтандырушы СБДҚ-ға санкцияланбаған кіру фактісін анықтаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үшінші тұлғалардың сақтандырушының есептік жазбасына (криптографиялық кілттерге, электрондық цифрлық қолтаңба кілттеріне) санкцияланбаған кіру фактісін жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты қағаз тасымалдағышта немесе электрондық құжат түрінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жібереді.
Үшінші тұлғалардың сақтандырушының есептік жазбасына (криптографиялық кілттерге, электрондық цифрлық қолтаңба кілттеріне) санкцияланбаған кіру фактісін жою бойынша шаралар қабылдау 2 (екі) жұмыс күнінен көп уақыт талап ететін жағдайда, сақтандырушы көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды, оларды аяқтау мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып, үшінші тұлғалардың сақтандырушының есептік жазбасына (криптографиялық кілттерге, электрондық цифрлық қолтаңба кілттеріне) санкцияланбаған кіру фактісін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) ұсынады.
8. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушы анықталған осалдықтарды жою жөніндегі толық есепті (іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп) және жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін ұсынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандырушының СБДҚ-ға қол жеткізу үшін пайдалана отырып санкцияланбаған кіру жүзеге асырылған есептік жазбасын (криптографиялық кілтті, электрондық цифрлық қолтаңба кілтін) бұғаттаудан шығарады.