"Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20524 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының патент заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17329 болып тіркеліп, 2018 жылғы 4 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 11 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1347 бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының патент заңы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Мемқызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және Өнертабыстардың мемлекеттік тізіліміне, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізіліміне, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне айрықша құқықтарды беруді, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беруді, ашық немесе мәжбүрлеу лицензиясын тіркеу тәртібін белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;

      2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

      3) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;

      4) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;

      5) патенттік сенім білдірілген өкілдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасыныңазаматтары;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға айрықша құқықты беруді тіркеу тәртібі

      3. "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 1-қосымшасындағы "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер (бұдан әрі - 4-қосымша) бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      6. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және төлем нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Егер көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, немесе стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған (ЭЦҚ) нысан бойынша көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      8. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде өнеркәсіптік меншік объектісілеріне айрықша құқықты беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқықығын беруді тіркеу тәртібі

      10. "Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы қағидалардың 7-қосымшасындағы "Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі стандартта келтірілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.

      13. Тіркеу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік есімдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясында көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар өтініш берушінің өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілсіз Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайын көрсеткен кезде жүзеге асыра алады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Тиісті құжаттарды тексеру және төлем нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 11, 12-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Егер көрсетілетін қызметті алушымен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, немесе стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жауапты орындаушы осы қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған (ЭЦҚ) нысан бойынша көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

      15. Тіркелген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бюллетеньде өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқықығын беруді тіркеу туралы мәліметтерді жариялайды.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      18. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

5-тарау. Селекциялық жетістікке ашық немесе мәжбүрлі лицензиясына құқық беруді тіркеу тәртібі

      19. Ашық лицензияға құқық беру үшін патент иеленуші "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (бұдан әрі - "ҰЗМИ" РМК) кез келген тұлғаға селекциялық жетістіктерді пайдалануға лицензия алуға құқықты беру туралы өтініш береді.

      "ҰЗМИ" РМК ашық лицензия беру туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды.

      Көрсетілген лицензияны алуға ниет білдірген тұлға патент иеленушімен жазбаша түрде шарт жасасуға міндетті. Шарттың талаптары бойынша дауларды қолдаңыстағы заңнамаға сәйкес сотта қаралады.

      20. Соттың мәжбүрлі лицензиясын беру туралы шешімі негізінде "ҰЗМИ" РМК Мемлекеттік тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді және оларды жариялайды. Сот шешімі шыққан күн тіркеу күні болып табылады.

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "ҰЗМИ" РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы: "ҰЗМИ" РМК-ның www.kazpatent.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) осы қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықты беру/ішінара беру шарты бойынша электрондық түрдегі нысан бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) объектіге айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіру мерзімінің аяқталуы;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жою үшін мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты

      басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                            ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты

      ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы,

      заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                            ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

      Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қоғалжын тас жолы, 3Б ғимараты

      БСН: 020940003199

      КБЕ: 16

      ТБК: 859

      Банк атауы, ЖСК, БСК:

      "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX

      "Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX

      "Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA

      Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Шарттың тіркеу нөмірі:
Шартты тіркеу күні:
Патент иеленуші:
Құқықтық мирасқор:

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасының Патент Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес №_ патент (-тері) бойынша өнертабысты (пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні) пайдалану құқығын басқаға беру шарты (ішінара) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді лицензиар

      (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат), кешенді лицензиат

      (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасының Патент Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес басқаға (ішінара) беру шарты тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

"Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "ҰЗМИ" РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы: "ҰЗМИ" РМК-ның www.kazpatent.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
2) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі (егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе).
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) объектіге айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіру мерзімінің аяқталуы;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жою үшін мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тараптың объектіні пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты

      лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Лицензиар (қосалқы лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Лицензиат (қосалқы лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                            ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Құқықты кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты құқықты кешенді

      кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг) бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Кешенді лицензиар (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      3. Кешенді лицензиат (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      5. Пайдаланылатын түрлерін ескере отырып, берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      __________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                            ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Құқықты лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты жасалған

      лицензиялық (қосалқы лицензиялық, кешенді кәсіпкерлік лицензия) шартына қосымша келісімді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ________________________________________________________________________________

      2. Шарттың тіркеу нөмірі және тіркелген күні:

      ________________________________________________________________________________

      3. Лицензиар (қосалқы лицензиар, кешенді лицензиар) (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты

      (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) / заңды тұлғаның атауы *, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      4. Лицензиат (қосалқы лицензиат, кешенді лицензиат) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның

      атауы*, заңды мекенжайы):

      ________________________________________________________________________________

      5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ________________________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжай және байланыс телефондар:

      ________________________________________________________________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ____ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі_______парақта______данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні                                                            ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

      *Заңды тұлғалардың шетелдік атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен беріледі

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
11-қосымша

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасының Патент Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ патент (-тері) бойынша өнертабысты (пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні) пайдалануға лицензиялық шарт бойынша айрықша (емес) (қосалқы) лицензия беру шартының Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
12-қосымша

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасының Патент Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шартын тіркеу туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шарты өнертабысты (пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні) пайдалануға лицензиялық шарты № _ патент бойынша айрықша (емес) лицензия беру туралы шарты Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгендігін хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

  Өнеркәсіптік меншік объектісіне
айрықша құқық беруді, оны
пайдалануға, ашық немесе
мәжбүрлі лицензияға құқықты
табыстауды тиісті мемлекеттік
тізілімдерде тіркеу
қағидаларына
13-қосымша

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші , Лицензиар (Қосалқы лицензиар), Кешенді лицензиар

      (Қосалқы лицензиар):

      Құқықтық мирасқор, Лицензиат (Қосалқы лицензиат), кешенді лицензиат

      (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасының Патенттік Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес лицензиялық шартты (ішінара) басқаға беру /(қосалқы) шарты, кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шарты, кепіл шарты тіркеуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

      (ЭЦҚ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады