"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 167 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы – жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;
2) көтерме саудада өткізу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткiзу жөнiндегi, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық ысыраптарға және электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушыларға өткізген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет;
3) мұнай-газ-химия өнімі – химиялық процестерді жүзеге асыру жолымен көмірсутек шикізаты (мұнай және газ) негізінде алынатын және дайын өнім ретінде де (жанар-жағармай материалдарын қоспағанда), кейіннен химиялық өзгертулер үшін шикізат ретінде де пайдаланылатын өнім;
4) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор – мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;
5) уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген, тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібі
3. Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын есепке ала отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жыл сайын 1 шілдеде жеке белгiленедi.
Тауарлық газбен жабдықталмайтын Қазақстан Республикасының өңірлері үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.
4. Заңның 20-бабының 2-1 және 2-2-тармақтарына сәйкес мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары кейіннен жыл сайын 1 шілдеге дейін белгілене отырып, олар пайдалануға енгізілген күннен бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-38) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін (бұдан әрі – электр станцияларының тізбесі) ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде он жыл мерзімге әрбір тұтынушы үшін жеке белгіленеді.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегіндегі барлық газ тарату жүйелері үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің бірыңғай шекті бағасы белгіленеді.
6. Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын тауарлық газдың бағалары бойынша деректер шетел валютасымен берілген болса, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жіберген күннің алдындағы күнге Ұлттық банк белгілеген теңгенің осы шетел валютасына ресми бағамы қолданылады.
7. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін алдағы жылға Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада сатудың шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы мынадай сомаларды негізге ала отырып әзірленеді:
1) мыналардың орташа өлшемді мәндерінің жиынтығы:
жоспарланған кезеңде облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жеткізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардан ұлттық оператордың сатып алуы жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған қазақстандық тауарлық газға ортаазиялық және (немесе) ресейлік газды қарсы жеткізу жөніндегі мәмілелердің шеңберінде сатып алу жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
жоспарланған кезеңге арналған импорттық жеткізулер жөніндегі мәмілелердің шеңберінде Қазақстан Республикасының шекарасында сатып алуға жоспарланатын тауарлық газ бағалары;
2) "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды сатып алынатын жерден облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың газ тарату жүйелеріне дейін магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдау және жерасты газ қоймаларында тауарлық газды сақтау жөніндегі орташа өлшемді шығыстар;
3) әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
4) мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және Заңның 6-бабының 7- 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мұнай-газ химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесіне (бұдан әрі – инвестициялық жобалардың тізбесі) енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 7 % мөлшерінде жоспарланған кезеңге арналған рентабельділік нормалары;
5) одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген орташа өлшемді мәндердің жиынтығының 0% мөлшерінде жоспарланатын кезеңге арналған рентабельділік нормалары.
Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары жаңа электр қуаттары пайдалануға енгізілген күннен бастап бірінші жылға мына формула бойынша есептеледі:
P0 = Pбекіт. * k
мұнда,
P0 – электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға енгізілген күннен бастап бірінші жылға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
Pбекіт. – 2019 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы кезеңге бекітілген Шымкент қаласында және Түркістан облысында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
k – индексация коэффициенті, мына формула бойынша есептеледі:
k = X/347
мұнда,
X – электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберген күннің алдындағы күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми бағамы.
Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы әрбір кейінгі жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
P = (Pn + 7%)
мұнда,
P – электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін әрбір келесі жылға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
Pn – электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін алдыңғы жылдағы тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;
7% – электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін алдағы жылға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасын жыл сайын көтеруді көздейтін коэффициент.
Егер P0 немесе P электр станцияларының тізбесіне енгізлген тұтынушы үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға енгізілген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін алдағы жылға Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан артық болса, онда тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін бекітілген тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қолданылады.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы тауарлық газдың шекті бағасының деңгейін ағымдағы деңгеймен салыстырғанда күнтізбелік бір жылдың ішінде он бес пайыздан астамға ұлғайтуды көздемейді.
Осы тармақтың ережелері өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларына арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларына қолданылмайды.
9. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны пайдалануға енгізетін күнге дейін тоқсан жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаның пайдалануға енгізілетін күні туралы хабарлама жібереді.
Электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы жаңа электр қуаттарын пайдалануға енгізетін күнге дейін тоқсан жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жаңа электр қуаттарының пайдалануға енгізілетін күні туралы хабарлама жібереді.
10. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік алпыс бес күннен кешіктірмей әзірлейді және оларды әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.
11. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар пайдалануға енгізілген күнге дейін күнтізбелік алпыс бес күннен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келесі жылдары уәкілетті орган осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен әзірлейді.
12. Электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган жаңа электр қуаттарын пайдалануға енгізілген күнге дейін күнтізбелік алпыс бес күнінен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.
13. Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келiсім бойынша 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің алдағы жылға арналған шекті бағаларын бекiтедi.
14. Заңның 20-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келiсу бойынша мұнай-газ химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын кейіннен жыл сайын 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей бекiтедi.
Уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келiсу бойынша электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей бекiтедi.
15. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін белгіленетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган тұтынушылардың топтары бойынша айқындауы мүмкін.
3-тарау. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тәртібі
16. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін қолданылады.
17. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағалары мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерде – сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін;
2) Қазақстан Республикасының шекарасында – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері үшін белгіленеді.
18. Егер Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын есептеу үшін пайдаланылатын сұйытылған мұнай газының бағалары бойынша деректер шетел валютасымен берілген болса, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күннің алдындағы күнге Ұлттық банк белгілеген теңгенің осы шетел валютасына ресми бағамы қолданылады.
19. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган алдағы тоқсанға осы Қағидаларға қосымшада келтірілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тетігіне сәйкес әзірлейді.
20. Жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасының деңгейі 2017 жылғы 1 тоқсанға бекітілген деңгейінен төмен және 2014 жылғы 3 тоқсанға бекітілген деңгейінен жоғары болмайды.
21. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей әзірлейді және оларды әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға келісу үшін жібереді.
22. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу үшін қажетті қосымша ақпаратты уәкілетті органнан сұратады, ол осындай сұрау салу алынған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
23. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 10, 11, 12, 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасын келісуден бас тартады.
Бұл ретте уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидалардың 13, 14 және 24-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, оның ішінде өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын ағымдағы кезеңнің деңгейінде бекітеді.
24. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағасын жоспарланған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
25. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бекітілген шекті бағалары сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын адамдар үшін белгіленетін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау кезінде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау тетігі
P = (Pw – TRexp) x К
мұндағы,
P – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы, бір тоннасы үшін теңге;
Pw – ағымдағы тоқсанның бірінші айындағы бағалардың күнделікті белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газына әлемдік баға, бір тоннасы үшін теңге. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға белгіленімі "Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)" компаниясының "Аргус сұйытылған газ және конденсат" дереккөзінде жарияланатын, ал жоғарыда көрсетілген дереккөзде сұйытылған мұнай газына арналған бағалар туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа дереккөздердің деректері бойынша ақпараттың негізінде шетел валютасында тәжік-өзбек шекарасындағы (СПБТ daf Бекабад) сұйытылған мұнай газы бағасының белгіленімін білдіреді;
TRexp – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелердің мониторингі негізінде уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы тоқсанның бірінші айындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден тәжік-өзбек шекарасына дейін теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын тасымалдау бойынша орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасы үшін теңге;
К – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде өткен күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасында жалпы халық саны деңгейіне Қазақстан Республикасында газбен жабдықталған халық саны деңгейінің қатынасын көрсететін түзету коэффициенті.