"Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20547 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.01.2024 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі № 143
бұйрығымен бекітілген

"Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1-тарау. Қолданылу аясы

      1. Осы "Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Техникалық реттеу туралы заң) 8-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ олардың өмірлік циклі процестеріне қолданылады.

      2. Техникалық регламент қолданылатын тыңайтқыштардың тізбесі және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптауыш бойынша олардың кодтары осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

      3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторлармен шарттасады:

      минералды тыңайтқыштар үшін:

      1) жанғыштығы;

      2) тотықтырғыштық әсері;

      3) коррозиялық әсері;

      4) уыттылығы;

      5) көзді зақымдауы;

      6) теріні жеуі;

      7) көз бен теріні тітіркендіруі;

      8) қоршаған сулы орта үшін қауіптілігі;

      9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;

      10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін);

      органикалық және органикалық-минералды тыңайтқыштар үшін:

      1) бактериологиялық;

      2) паразитологиялық;

      3) энтомологиялық.

2-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      4. Осы техникалық регламентте тиісті айқындамаларымен бірге мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) дайындаушы - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан тыңайтқыш өндіруді немесе тыңайтқышты өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен жасалған шарт негізінде сәйкестікті бағалау және тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-қимылды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      3) импорттаушы - Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) тыңайтқыштарды беруге сыртқы сауда шартын жасасқан, осы тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      4) қауіптілік белгісі - азаматтарды тікелей немесе ықтимал қауіп жөнінде ескеруге, белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға, кеңес беруге немесе рұқсат беруге арналған сигналдық және қарама-қарсы түстерді, графикалық символдарды және түсіндіру жазуларын пайдалану арқылы белгілі бір геометриялық пішіндегі түстік-графикалық бейне;

      5) қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы - тыңайтқыштардың қауіптілік санаты мен аталған қауіптілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін стандартты фразалар жиынтығы;

      6) қорда - өсімдіктен немесе жануардан алынатын органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде алынған органикалық тыңайтқыш;

      7) қоректік элемент - өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажетті тыңайтқыштың элементі;

      8) құрамында азоты бар тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы азоты бар тыңайтқыш;

      9) минералды тыңайтқыш - минералдық нысандағы қоректік элементтерді құрайтын өндірістік немесе қазып алынатын негіздегі тыңайтқыш;

      10) органикалық-минералды тыңайтқыш - бірыңғай технологиялық процесте немесе механикалық араластыру жолымен алынған органикалық және минералды тыңайтқыштардың қоспасы;

      11) органикалық тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерден немесе жануарлардан алынатын органикалық заттар бар тыңайтқыш;

      12) сигналды сөз - тыңайтқыштардың қауіптілік дәрежесіне назар аударту үшін пайдаланылатын сөз;

      13) топырақ жақсартушы зат - топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және (немесе) биологиялық белсенділігін жақсарту үшін топыраққа енгізілетін, органикалық және (немесе) органикалық емес негіздегі материал;

      14) төселетін көң - төсемдік және азықтық қалдықтары бар көң;

      15) тыңайтқыш - өсімдіктердің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған зат;

      16) фосфорлы тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы фосфоры бар тыңайтқыш;

      17) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты (бұдан әрі - қауіпсіздік паспорты) - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат.

3-тарау. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру

      5. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру кезінде мынадай әдістер қолданылады:

      1) құжаттамалық;

      2) шолып қарау;

      3) сынау.

      6. Сәйкестендіру кезінде:

      1) қауіпсіздік паспортын;

      2) жеткізу шарттары мен келісімшарттарды;

      3) тыңайтқыштардың таңбасында келтірілген ақпарат пайдаланылады.

      7. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру мынадай белгілер, параметрлер және талаптар бойынша жүзеге асырылады:

      сынамаларды іріктеу кезінде:

      1) таңбалау мен буып-түюдің осы техникалық регламентке сәйкестігі бойынша. Бұл ретте, қауіпсіздік паспортындағы ақпарат орамдағы ақпаратпен салыстырылады;

      2) өнім атауының мәлімденген өнімге сәйкестігі бойынша;

      3) партия көлемі бойынша;

      сынақ жүргізу кезінде таңбада және қауіпсіздік паспортында келтірілген ақпараттың дұрыстығы:

      1) сыртқы түрі (агрегаттық жай-күйі, конфигурациясы, түсі және суда ерігіштігі) бойынша;

      2) қоректік элементтер мен заттардың массалық үлесі, органикалық заттың массалық үлесі (органикалық-минералды тыңайтқыштар үшін) бойынша тексеріледі.

4-тарау. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа жіберу шарттары

      8. Тыңайтқыштар осы техникалық регламентке сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа жіберіледі.

      9. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына айналысқа жіберу алдында дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы оларға қауіпсіздік паспортын қоса береді.

5-тарау. Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      10. Тыңайтқыштардың қауіпсіздігі дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушының осы техникалық регламенттің талаптарын сақтауымен қамтамасыз етіледі.

      11. Биуреттің (карбамид үшін) массалық үлесі 1,4 пайыздан (бұдан әрі - %) аспайды.

      12. Фосфорлы тыңайтқыштар мен топырақ жақсартушы заттар үшін табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі килограмына 4000 беккерельден аспайды.

      13. Органикалық және органикалық-минералды тыңайтқыштардың биологиялық қауіпсіздігі:

      1) патогенді бактериялардың;

      2) гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының;

      3) ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының;

      4) синантропты шыбындардың дернәсілдері мен құрттарының;

      5) энтерококтардың жоқтығымен қамтамасыз етіледі.

      14. Тыңайтқыштар үшін кепілді сақтау мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі белгіленеді.

6-тарау. Тыңайтқыштарды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

      15. Пайдалану кезінде мынадай жағдайларда тыңайтқыш өндіруге жол берілмейді:

      1) топырақтағы, ауадағы, су объектілеріндегі және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті және улы заттар: радионуклидтер, ауыр металдар мен күшәла тұздары, полициклды ароматты көмірсутегі және төзімді органикалық ластағыштар құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11755 болып тіркелген) бекітілген Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерден (бұдан әрі - гигиеналық нормативтер) жоғары болғанда;

      2) топырақтың табиғи микробиоценозы бұзылғанда;

      3) қоршаған орта объектілерінде патогенді бактериялар, гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқалары, ішектік патогенді қарапайымдылардың цисталары, синантропты шыбындардың дернәсілдері мен құрттары, энтерококтар пайда болғанда.

      16. Өндіріс қалдықтары негізіндегі тыңайтқыштар үшін тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.

      Бұл ретте:

      1) тыңайтқыштың сапалық және сандық құрамы және оның құрамындағы барлық компоненттердің қауіптілік сыныбы (уытты элементтердің жалпы құрамынан басқа, олардың суда ерігіштік және жылжымалы нысандарының массалық үлесі ескеріледі);

      2) радиоактивтілігі, оның ішінде техногенді негіздегі радионуклидтердің (тиімді үлестік белсенділігі) бар-жоғы;

      3) тыңайтқыштың қауіптілік сыныбы;

      4) тыңайтқыштың микробиологиялық және паразитологиялық сипаттамалары ескеріледі.

      17. Құрамында азоты бар тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі ұсынымдарда өсімдік шаруашылығы өнімдерінде гигиеналық нормативтерде белгіленгеннен көп нитраттардың жиналуына жол берілмейді. Бұл ретте, құрамында азоты бар тыңайтқыштардың қауіпсіздік паспортында жалпы азот құрамын көрсетумен бірге, оның нитратты нысанының құрамы да көрсетіледі.

7-тарау. Тыңайтқыштарды өндіру процесінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      18. Тыңайтқыш өндіру жөніндегі кәсіпорындарда апаттық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар көзделеді.

      19. Кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары:

      1) жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмайды;

      2) барлық қауіпті заттардың қоршаған ортадан барынша оқшаулануын қамтамасыз етеді;

      3) тазалау мен техникалық қызмет көрсету процестерінің қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

      20. Тыңайтқыш өндіру жөніндегі кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын шығарындыларды тазарту, ағынды суларды жинау және тазарту (зарарсыздандыру) жөніндегі құрылысжайлармен (қондырғылармен) жарақтандырылады.

      21. Тыңайтқыш өндірісі бойынша әрбір кәсіпорында:

      1) процестің негізгі сатылары бойынша технологиялық режимдерді және сындарлы параметрлерді, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін;

      2) қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың сипаттамасын;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын өндірістік бақылау жүйесі енгізіледі.

      22. Өндірістік бақылау жүйесі мыналарды қамтиды:

      1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында (бұдан әрі - санитариялық қағидалар) белгіленген жағдайларда:

      өндірістің адамға және оның денсаулығына әсер етуін бағалау мақсатында жұмыс орындарында, өнеркәсіптік алаң аумағында;

      халықтың денсаулығына тәуекелді және белгіленген санитариялық-қорғаныш аймағының (бұдан әрі - СҚА) санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша орындалған СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаны;

      шикізатты, қаптамалау материалдарын, сумен жанасатын бұйымдарды, тарату желісіне, тарату желісінен, резервуарлардан түсу алдында сумен жабдықтау көзінен алынатын ауыз судың қауіпсіздігін,

      дайын өнімді және оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату, жоюдың технологиялық процесі барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ бақылаудың қажетті дәйектілігін және толықтығын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын бақылауды жүзеге асыру (ұйымдастыру);

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап тексеруден және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16929 болып тіркелген) бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларына және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту бағдарламаларына және "Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес гигиеналық оқытудан өтудің уақтылығын және толықтығын бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;

      4) өнімнің (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, қаптамалау материалдарының) қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар болуын, құжаттардың (тіркеу туралы куәліктің, сәйкестік сертификатының немесе декларацияның), сондай-ақ рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталуы туралы жіберген хабарламалары туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді) қолданылу мерзімдерін бақылау;

      5) тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіп-қатерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдау және қауіп-қатерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сыни нүктелерін айқындай отырып, процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта өңдеу, көму), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;

      6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алу және есептілігін жүргізу. Құжаттарды сақтау мерзімдері - кемінде үш жыл;

      7) халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын әзірлеу;

      8) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, биологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақтылығын бақылау. Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі.

      23. Тыңайтқыштар өндіру кезіндегі жұмыстар жеке қорғаныс құралын қолдану арқылы жүргізіледі.

8-тарау. Тыңайтқыштарды сақтаудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      24. Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), сыйымдылықтарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға жол беріледі. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың бұзылмауы (олардың саны және сапасы) қамтамасыз етіледі және қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болмайды.

      Тыңайтқыштың нақты түріне арналған қауіпсіздік паспортында көрсетілген сақтау шарттарына қойылатын ерекше талаптар сақталады.

      25. Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физикалық-химиялық қасиеттері және оларды күшті тотықтырғыштардан, өрт қаупі бар және жарылыс қаупі бар заттардан бөлек сақтау қажеттілігі ескеріледі.

      26. Өрт-жарылыс қаупі бар тыңайтқыштарды (селитралар және олардың негізінде жасалған тыңайтқыштарды) жеке тұрған қоймаларда немесе қойманың бүйір бөлігінде орналасқан және қойманың қалған бөлігінен өртке қарсы тосқауылдармен бөлінген, минералды тыңайтқыштарға арналған қоймалардың секцияларында сақтайды.

      27. Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды сақтаудың ерекшеліктері, гигиена қағидалары, қауіпсіздік шаралары, оның ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады.

      28. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың мөлшерін қойманың жобасында көзделген қойма сыйымдылығынан асыруға жол берілмейді.

      29. Тыңайтқыштар қоймаларын тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы әр түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін пайдалануға жол берілмейді.

      30. Тыңайтқыштармен байланысты қойма жұмыстары жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

      31. Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелер, бидондар қоймада құю тесіктерін жоғары қаратып сақталады.

      32. Тыңайтқыштар қойылған жерлерге авариялық жағдайларда персоналдың еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

      33. Сұйық тыңайтқыштары бар сыйымдылықтарды сақтау кезінде сыйымдылық (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су өткізбейтін тұғырықтар) авариялық бүлінген жағдайда, төгілген өнімнің бүкіл көлемін оқшаулауға бағытталған техникалық шаралар мен құралдар көзделеді.

      34. Буып-түйілмеген әртүрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жекелеген бөліктерінде немесе бөлек қоймаларда сақталады.

      Егер минералды тыңайтқыштардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі келтірмейтін болса және әр түрлі тыңайтқыштар арасындағы ені 1 метрден кем емес бөлу аймағы сақталған және қоймаға қойылатын өнімнің түрі көрсетілген тақтайша орнатылған жағдайда, бір қоймада бірнеше түрлі минералды тыңайтқыштарды сақтауға жол беріледі.

      Әр түрлі тыңайтқыштарды араластыруға және олардың бөтен қоспалармен және заттармен ластануына жол берілмейді.

      35. Тыңайтқыштары бар орамаларды стеллаждарға немесе тұғырықтарға орналастырады. Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыштар қатарының биіктігі 2 метрден аспайды. Жұмсақ контейнерлердегі тыңайтқыштарды 2 қатарда сақтайды.

      Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша жеке-жеке сақталады. Буып-түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен стеллаждарды пайдаланбай қойма еденіне үйіп сақтауға жол берілмейді.

      Стеллаждардың және қоймада сақталатын буып-түйілген тыңайтқыштардың қойма ішіндегі тұғырықтарға орналасуы үй-жайды жинаудың, жүк тиегішті қозғалтудың мүмкіндігін, персоналдың еркін қол жеткізуін, сондай-ақ, қойма ішіндегі ауа айналысын қамтамасыз етеді.

      36. Төселетін көң, қорда, сұйық көңнің қатты фракциялары тыңайтқыштың топыраққа және жерасты суларына инфильтрациялануына тосқауыл болатын қатты жабыны бар алаңқайлардағы үйінділерде сақталады. Сақтау алаңқайлары сұйық көң жинағыштармен қамтамасыз етіледі және жауын мен қар суларынан қорғалады.

      Сақтау кезінде қоректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін төмендету үшін қатты органикалық тыңайтқыштардың үйінділері сіңіргіш материалдар - шымтезек, үгінді, сабан қабатымен жабылады.

      37. Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы жинағыштарда сақталады.

      38. Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орналасқан аумақта алты тәулік сақтауға арналған карантиндік сыйымдылықтар орнатылады.

9-тарау. Тыңайтқыштарды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар

      39. Тыңайтқыштарға арналған орау материалдары олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде олармен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.

      Буып-түю және ыдыс үшін тыңайтқыштардың бүлдіргіштік және өзге де зиянды әсерлеріне төзімді және:

      1) жануды және (немесе) айтарлықтай жылу мөлшерінің бөлінуін;

      2) тез тұтанатын, улы немесе тұншықтырғыш газдардың бөлінуін;

      3) химиялық белсенді және қауіпті заттардың пайда болуын туғызатын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.

      40. Тыңайтқышта мынадай ақпаратты қамтитын таңбалар болады:

      1) тыңайтқыштың атауы мен қолданылуы;

      2) сол бойынша тыңайтқыш өндірілетін нормативтік құжаттың белгілері;

      3) пайызбен көрсетілетін негізгі қоректік элементтердің, макроэлементтердің, микроэлементтердің массалық үлесі;

      4) қауіптілікті сипаттау элементтері (қауіптілік белгісі, сигналды сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы);

      5) таза массасы (қатты тыңайтқыштар үшін), ыдыстағы нақты көлемі (сұйық тыңайтқыштар үшін);

      6) дайындаушының атауы және тұрғылықты жері (елді қоса алғанда, заңды мекенжайы);

      7) өндірілген күні және партия нөмірі;

      8) сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі;

      9) сақтау шарттары;

      10) қолдану жөніндегі ұсынымдар, сондай-ақ, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар (бөлшек саудаға арналған тыңайтқыштар үшін);

      11) сұйық тыңайтқыштармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі қосымша нұсқаулықтар.

      41. Таңба берік материалдан жасалады және қоршаған орта факторлары әсерінің нәтижесінде өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтуына жол берілмейді.

      42. Бос күйінде жеткізілетін тыңайтқыштар үшін таңба ілеспе құжаттарда көрсетіледі.

      43. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалады.

10-тарау. Тыңайтқыштарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      44. Қауіпті жүктер (селитралар және солардың негізіндегі тыңайтқыштар, сусыз аммиак, аммиакты су) санатына жататын тыңайтқыштарды тасымалдау Қазақстан Республикасының темір жол көлігі және автомобиль көлігі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Буып-түйілмеген тыңайтқыштар бос күйінде жабық темір жол вагондарымен, минерал тасығыштармен, жабық кемелермен және шанағы міндетті түрде жабылған автокөлікпен тасымалданады.

      46. Сұйық минералды тыңайтқыштарды (аммиакты суды, көмір аммиакатын, сұйық кешенді тыңайтқыштарды) тасымалдау арнайы темір жол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Аммиакпен жанасатын сорғылар, штуцерлер, шүмектермен бөлшектер аммиактың агрессивті әсеріне төзімді материалдан жасалады. Қола немесе мыстан жасалған бөлшектерді қолдануға жол берілмейді.

      47. Сыйымдылықтарды (цистерналарды, резервуарларды) сұйық минералды тыңайтқыштармен толтыру жол бойы мүмкін болатын температураның өзгеруі кезінде өнім көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып жүргізіледі. Сулы аммиакты тасымалдауға арналған сыйымдылықтар олардың толық сыйымдылығының 93 %-нан аспайтындай етіп, сусыз аммиакты тасымалдауға арналған сыйымдылықтар 85 %-нан аспайтындай етіп толтырылады.

      48. Буып-түйілген минералды тыңайтқыштарды тасымалдау кезінде ыдыстардың жарылуына, жүктің төгілуіне және шашылуына жол берілмейді. Ыдыс бүлінген жағдайда, жүк қалдықтарын жинап алу жөніндегі шаралар қабылданады.

11-тарау. Тыңайтқыштарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      49. Тыңайтқыштарды өткізу мамандандырылған өткізу орындарында жүзеге асырылады.

      Тыңайтқыштарды тамақ өнімдерімен, дәрілік препараттармен және балаларға арналған тауарлармен бірге бір сауда бөлімінде сатуға рұқсат етілмейді.

      50. Тыңайтқыштарды бөлшек саудада тек буып-түйілген күйде өткізуге жол беріледі.

      Орамы бүлінген және осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндей етіп таңбаланған тыңайтқыштарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілмейді.

12-тарау. Тыңайтқыштарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      51. Тыңайтқыштарды пайдалану жеке қорғаныс құралын қолдана отырып және қауіпсіздік паспортында көрсетілген сақтық шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

      52. Әуеден шашуды елді мекендерден 1000 метрден және ашық су көздерінен 200 метрден кем емес қашықтықта секундына 4 метрден көп емес жел жылдамдығы кезінде орындаған жөн.

      53. Ағынды су тұнбаларын тыңайтқыштар ретінде қолдану кезінде топырақта ауыр металдардың (қорғасын, кадмий, никель, хром, мырыш, мыс, сынап) және күшәланың тұз құрамының гигиеналық нормативтерден асуына және онда патогенді бактериялардың, гельминттер жұмыртқаларының, ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының пайда болуына жол берілмейді.

      54. Ағынды су тұнбалары негізіндегі тыңайтқыштарды рН 5,5-тен төмен топырақта қолдану әктеуден бұрын болады.

      55. Топырақты азотпен және өсімдіктердің қоректік элементтерімен байыту үшін пайдаланылатын көң және тауық саңғырығы алдын ала зарарсыздандырылады (термиялық кептіріледі, компосталады).

      Пайдалануға тек қана жануарлар (құстар) және адамдар үшін ортақ зооантропоздық аурулар бойынша саламатты мал шаруашылығы қожалықтарынан келіп түскен көң және тезек жіберіледі.

      56. Тыңайтқыштарды енгізуді жоспар бойынша жүргізген жөн, олардың нақты қолданылуы нақты енгізілген тыңайтқыштардың мөлшері, өңделген аумақтың өлшемі, енгізудің тәсілдері мен күні көрсетіле отырып, журналда тіркеледі.

      57. Қатып қалған немесе қар басып қалған топыраққа тыңайтқыш (органикалықты қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.

13-тарау. Тыңайтқыштарды кәдеге жаратуға қойылатын қауіпсіздік талаптары

      58. Тыңайтқыштар технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жаратылады.

      59. Тыңайтқыштарды технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жарату мүмкін болмағанда, олар қауіпсіздік паспорттарына сәйкес кәдеге жаратылуы немесе 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 288-бабына сәйкес зарарсыздандырылуы және қауіпсіз жойылуы тиіс.

14-тарау. Сәйкестікті растау

      60. Техникалық реттеу туралы заңның 27-бабына сәйкес тыңайтқыштардың сәйкестігін растау міндетті сертификаттау нысанында жүзеге асырылады.

      61. Тыңайтқыштарды сертификаттауды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүргізеді.

      62. Тыңайтқышты міндетті сертификаттау кезінде дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы өтінім беруші болады.

15-тарау. Өзара байланысты стандарттардың тізбесі

      63. Қолданылуы нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламенттің талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі, сондай-ақ зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі тиісінше осы техникалық регламентке 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген.

  "Тыңайтқыштардың
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
1-қосымша

Техникалық регламент қолданылатын тыңайтқыштардың тізбесі және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптауыш бойынша олардың кодтары

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды

Позицияның атауы

1

2

3101 00 000 0

Жануар немесе өсімдік тектес, аралас немесе аралас емес, химиялық өңдеуден өткен немесе өңделмеген тыңайтқыштар;
өсімдік немесе жануар тектес өнімдерді араластыру немесе химиялық өңдеуден өткізу арқылы алынған тыңайтқыштар

3102

Минералдық немесе химиялық, азоттық тыңайтқыштар:

3102 10

- несепнәр, оның ішінде су ерітіндісінде:

3102 10 100 0

құрғақ сусыз өнімге шаққандағы 45 мас.%-дан астам азотты қамтитын несепнәр

3102 10 900 0

- өзге


- аммоний сульфаты, аммоний сульфатының және аммоний нитратының қос тұздары және қоспалары:

3102 21 000 0

- аммоний сульфаты

3102 29 000 0

- өзгелері

3102 30

- аммоний нитраты, оның ішінде су ерітіндісінде:

3102 30 100 0

- су ерітіндісінде

3102 30 900 0

- өзге

3102 40

- аммоний нитратының кальций карбонатымен немесе тыңайтқыш болып табылмайтын өзге органикалық емес заттармен қоспалары:

3102 40 100 0

- құрамында 28 мас.%-дан астам азот бар

3102 40 900 0

- құрамында 28 мас.%-дан астам азот бар

3102 50 000 0

- натрий нитраты:

3102 60 000 0

- кальций нитраты мен аммоний нитратының қос тұздары мен қоспалары

3102 80 000 0

- несепнәр мен аммоний нитратының су немесе аммиак ерітіндісіндегі қоспалары

3102 90 000 0

- өзгелері, алдыңғы қосалқы позицияларда атап көрсетілмеген қоспаларды қоса алғанда

3103

Минералды немесе химиялық, фосфорлық тыңайтқыштар:


- суперфосфаттар:

1

2

3103 11 000 0

- құрамында 35 мас.% немесе пентаоксид дифосфоры (P2O5) көбірек

3103 19 000 0

- өзгелері

3103 90 000 0

- өзгелері

3104

Минералды немесе химиялық, калийлі тыңайтқыштар:

3104 20

- калий хлориді:

3104 20 100 0

- құрамында К2О-ға шаққанда 40 мас.%-дан аспайтын құрғақ сусыз өнімге шаққанда калий бар

3104 20 500 0

- құрамында К20-ға шаққанда 40 мас.%-дан асатын, бірақ құрғақ сусыз өнімде 62 мас.%-дан аспайтын калий бар

3 104 20 900 0

- құрамында К2О-ға шаққанда 62 мас.%-дан асатын құрғақ сусыз өнімге шаққанда калий бар

3104 30 000 0

- калий сульфаты

3104 90 000

- өзгелері:

3104 90 000 1

- карналлит

3104 90 000 9

- өзгелері

3105

Екі немесе үш қоректі элементтен: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералды немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге тыңайтқыштар; брутто салмағы 10 килограммнан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамалардағы тауарлары:

3105 10 000 0

- брутто салмағы 10 килограммнан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандардағы немесе орамдардағы тауарлары

3105 20

- үш қоректік элемент: азот, фосфор және калий бар минералды немесе химиялық тыңайтқыштар

3105 20 100 0

- құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-дан астам азот бар

3105 20 900 0

- өзгелері

3105 30 000 0

- диаммоний сутекфосфаты (диаммоний фосфаты)

3105 40 000 0

- аммоний дисутекфосфаты (моноаммоний фосфаты) және оның диаммоний сутекфосфатымен қоспалары


- екі қоректік элементтен: азот және фосфордан тұратын минералды немесе химиялық тыңайтқыштар:

3105 51 000 0

- құрамында нитрат пен фосфаттар бар

3105 59 000 0

- өзгелері

3105 60 000 0

- екі қоректік элемент: фосфор және калийден тұратын минералды немесе химиялық тыңайтқыштар

3105 90

- өзгелері:

3105 90 200 0

- құрғақ сусыз өнімге шаққанда құрамында 10 мас.%-дан астам азот бар

3105 90 800 0

- өзгелері

      Ескерту: мас. % - масса бойынша құрамның пайызы.

  "Тыңайтқыштардың
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
2-қосымша

Қолданылуы нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.

1 және 8-тараулар

МЕМСТ 12.1.004-91

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.


2.

МЕМСТ 12.1.044-89

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттардың және материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері.


3.

2-тарау

МЕМСТ 34103-2017

Органикалық тыңайтқыштар. Терминдер және айқындамалар.


4.

1 және 8-тараулар

МЕМСТ 12.1.010-76

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жарылыс қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.


5.

2, 3 және 6-тараулар

ҚР СТ МЕМСТ Р 50611-2010

Кешенді органикалық-минералды тыңайтқыш. Техникалық шарттар.


6.

ҚР СТ МЕМСТ Р 51520-2010

Минералды тыңайтқыштар. Жалпы техникалық шарттар.


7.

ҚР СТ 2303-2013

Қаратау фосфориттерінен алынған сульфоаммофос. Техникалық шарттар.


8.

ҚР СТ 2306-2013

Қаратау фосфориттерінен алынған суперфосфат. Техникалық шарттар.


9.

ҚР СТ ИСО 7851-2010.

Тыңайтқыштар және топырақты жақсартатын заттар. Сыныптама.


10.

МЕМСТ 2-2013

Аммиак селитрасы. Техникалық шарттар.


11.

МЕМСТ 2-2013

Аммиак селитрасы. Техникалық шарттар.


12.

МЕМСТ 9-92

Техникалық сулы аммиак. Техникалық шарттар.


13.

МЕМСТ 828-77

Техникалық азот қышқылды натрий. Техникалық шарттар.


14.

МЕМСТ 4568-95

Хлорлы калий. Техникалық шарттар.


15.

МЕМСТ 5716-74

Фосфоритті ұн. Техникалық шарттар.


1

2

3

4

5

16


МЕМСТ 5956-78

Қоспаларсыз және микроэлементтер қосылған апатитті концентраттан жасалған түйіршіктелген суперфосфат. Техникалық шарттар.


17.

МЕМСТ 6221-90

Техникалық сұйық аммиак.
Техникалық шарттар.


18

МЕМСТ 9097-82

Аммоний сульфаты. Техникалық шарттар.


19

МЕМСТ 11365-75

Нитрофоска. Техникалық шарттар.


20

МЕМСТ 14050-93

Әктасты (доломитті) ұн. Техникалық шарттар.


21.

МЕМСТ 16306-80

Түйіршіктелген қосарлы суперфосфат. Техникалық шарттар.


22.

МЕМСТ 18918-85

Аммофос. Техникалық шарттар.


23.

МЕМСТ 19691-84

Нитроаммофоска. Техникалық шарттар.


24.

МЕМСТ 2081-2010

Карбамид. Техникалық шарттар.


25.

ҚР СТ МЕМСТ Р 53042-2010

Органикалық тыңайтқыштар. Терминдер мен айқындамалар.


26.

ҚР СТ 8157-2018

Тыңайтқыштар және топырақ жақсартатын заттар. Сөздік.


27.

ҚР СТ EN 12944-1-2013

Тыңайтқыштар және әктасты материалдар. Сөздік. 1-бөлім. Жалпы терминдер.


28.

МЕМСТ 20432-83

Тыңайтқыштар. Терминдер мен айқындамалар.


29.

МЕМСТ 4.77-82.

Өнімінің сапа көрсеткіштері жүйесі. Минералды тыңайтқыштар. Көрсеткіштер номенклатурасы.


30.

ҚР СТ 2208-2012

Ауыл шаруашылығына арналған фосфогипс. Техникалық шарттар.


31.

2, 3-тараулар, 4-тараудың 9-тармағы, 6-тараудың 17-тармағы, 8-тараудың 24-тармағы, 12-тараудың 51-тармағы, 13-тараудың 59-тармағы

МЕМСТ 30333-2007

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар.


32.

2, 3, 5, 6, 8, 10 және 12-тараулар

МЕМСТ 26074-84

Сұйық көң. Өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.


1

2

3

4

5

33.


МЕМСТ 31461-2012

Құс саңғырығы. Органикалық тыңайтқыштар өндіруге арналған шикізат. Техникалық шарттар.


34.

2, 3 және 9-тараулар

МЕМСТ 31340-2013

Химиялық өнімнің ескерту таңбасы. Жалпы талаптар.


35.

МЕМСТ 14192-96

Жүктерді таңбалау.


36.

ҚР СТ ИСО 7409-2010

Тыңайтқыштар. Таңбалау. Ұсыну және рәсімдеу.


37.

2, 3, 10 және 11-тараулар

МЕМСТ 23954-80

Минералды тыңайтқыштар. Қабылдау қағидалары.


38.

5 және 12-тараулар

МЕМСТ 12.3.037-84

Ауыл және орман шаруашылығында тыңайтқыштар қолдану. Жалпы қауіпсіздік талаптары.


39.

7-тарау

МЕМСТ 12.1.005-88

Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитариялық-гигиеналық талаптар.


40.

МЕМСТ 12.4.021-75

Желдету жүйелері. Жалпы талаптар.


  "Тыңайтқыштардың
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық
регламентіне
3-қосымша

Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті стандарттар тізбесі

р/с

Техникалық регламенттің элементтері

Стандарттың белгіленуі

Стандарттың атауы

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.

2 және 3-тараулар

ҚР СТ ИСО 5310-2007

Тыңайтқыштар. Калийдің құрамын анықтау. Титиметриялық әдіс.


2.

ҚР СТ СТБ ИСО 8189-2010

Қатты тыңайтқыштар. Ылғалдың құрамын анықтау. Төменгі қысымда кептірудің гравиметриялық әдісі.


3.

ҚР СТ СТБ ИСО 8190-2010

Қатты тыңайтқыштар. Ылғалдың құрамын анықтау. (105 ± 2) °С температурада кептірудің гравиметриялық әдісі.


4.

ҚР СТ 2030-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Марганецтің құрамын анықтау әдістері.


5.

ҚР СТ 2032-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Молибденнің құрамын анықтау әдістері.


6.

ҚР СТ 2033-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Кобальттың құрамын анықтау әдістері.


7.

ҚР СТ 2035-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Бордың құрамын анықтау әдістері.


8.

ҚР СТ ИСО 8358-2010

Қатты тыңайтқыштар. Химиялық және физикалық талдауға арналған үлгілерді дайындау.


9.

ҚР СТ ИСО 8397-2011

Қатты тыңайтқыштар мен топырақ баптауыштар. Електі талдау.


1

2

3

4

5

10.


МЕМСТ 11623-89

Ауыл шаруашығына арналған шымтезек және оның өңделген өнімдері. Айырбас және белсенді қышқылдығын анықтау әдістері.


11.

МЕМСТ 20851.2-75 (ИСО 5316-77, ИСО 6598-85, ИСО 7497-84)

Минералды тыңайтқыштар. Фосфаттарды анықтау әдістері.


12.

МЕМСТ 20851.3-93

Минералды тыңайтқыштар.
Калийдің массалық үлесін анықтау әдістері.


13

МЕМСТ 20851.4-75

Минералды тыңайтқыштар. Суды анықтау әдістері.


14.

МЕМСТ 21560.0-82

Минералды тыңайтқыштар.
Сынамаларды іріктеу және дайындау әдістері.


15.

МЕМСТ 21560.1-82

Минералды тыңайтқыштар. Гранулометриялық құрамын анықтау әдісі.


16.

МЕМСТ 21560.2-82

Минералды тыңайтқыштар. Түйіршіктің статистикалық беріктігін анықтау әдісі.


17.

МЕМСТ 21560.3-82

Минералды тыңайтқыштар. Динамикалық беріктігін және желінуін анықтау әдісі.


18.

МЕМСТ 21560.5-82

Минералды тыңайтқыштар. Үгітілгіштігін анықтау әдісі.


19.

МЕМСТ 24024.1-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Електе қалған қалдықты анықтау әдісі.


20.

МЕМСТ 24024.2-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Суда ерімейтін заттарды анықтау әдісі.


21.

МЕМСТ 24024.3-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары.
Пентанатрийфосфатты анықтау әдісі.


22.

МЕМСТ 24024.4-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Ақтық дәрежесін анықтау әдісі.


1

2

3

4

5

23.


МЕМСТ 24024.5-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. рН анықтау әдісі.


24.

МЕМСТ 24024.6-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Хлоридтерді анықтау әдісі.


25.

МЕМСТ 24024.8-81

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Жалпы Р2О5 анықтау әдісі.


26.

МЕМСТ 24024.9-81.

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Монофосфаттарды анықтау әдісі.


27.

МЕМСТ 24024.11-81

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Темірді анықтау әдісі.


28.

МЕМСТ 24024.12-81

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Сульфаттарды анықтау әдістері.


29.

МЕМСТ 30181.1-94

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштарда (аммиакты айырылатын аммонийлі және амидті нысандарда) азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі.


30.

МЕМСТ 30181.2-94

Минералды тыңайтқыштар. Бір компоненті тыңайтқыштарда (аммиак айырылатын аммонийлі және амидті нысндарда) азоттың жиынтық массалық үлесін нысандарда) азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі.


31.

МЕМСТ 30181.3-94

Минералды тыңайтқыштар. Нитратты нысандағы азоты бар тыңайтқыштарда азоттың массалық үлесін анықтау әдісі.


32.

МЕМСТ 30181.4-94

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштар мен


1

2

3

4

5




аммонийлі және нитратты нысандардағы селитрада бар азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі (Девард әдісі).


33.

МЕМСТ 30181.5-94

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштардағы амидті азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі (спектрофотоколориметриялық әдіс).


34.

МЕМСТ 30181.6-94

Минералды тыңайтқыштар. Аммоний тұздарындағы (аммонийлі нысанда формальдегидті әдіспен) азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі


35.

МЕМСТ 30181.7-94

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштардағы азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі (аммонийлі және амидті нысандарды гипохлоритті әдіспен).


36.

МЕМСТ 30181.8-94

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштардағы аммонийлі азоттың жиынтық массалық үлесін анықтау әдісі (хлораминді әдіспен).


37.

МЕМСТ 30182-94

Минералды тыңайтқыштар. Жалпы талаптар. Сынамаларды іріктеу.


38.

МЕМСТ ИСО 5317-2002

Тыңайтқыштар. Суда еритін калийдің құрамын анықтау. Талданатын ерітінді дайындау.


39.

МЕМСТ 27749.0-88

Карбамид. Азотты анықтау әдістері.


40.

МЕМСТ 27749.2-88

Карбамид. Бос аммиакты анықтау әдісі.


41.

МЕМСТ 27749.3-88

Карбамид. Суда ерімейтін заттарды анықтау әдісі.


42.

МЕМСТ 27979-88

Органикалық тыңайтқыштар. рН анықтау әдісі.


1

2

3

4

5

43.


МЕМСТ 28326.1-89

Техникалық сұйық аммиак. Буланудан кейін қалдықты анықтау әдістері.


44.

МЕМСТ 28326.2-89

Техникалық сұйық аммиак. Фишер әдісімен судың массалық үлесін анықтау.


45.

МЕМСТ 28326.3-89

Техникалық сұйық аммиак. Инфрақызыл спектрометрия әдісімен майдың массалық концентрациясын анықтау.


46.

МЕМСТ 28326.4-89

Техникалық сұйық аммиак. Майдың массалық концентрациясын анықтаудың спектрофотометриялық әдісі.


47.

МЕМСТ 28326.5-89

Техникалық сұйық аммиак. Темірдің массалық концентрациясын анықтаудың фотоколориметриялық әдісі.


48.

МЕМСТ 28326.6-89

Техникалық сұйық аммиак. Жалпы хлорды анықтаудың визуалды-нефелометриялық әдісі.


49.

МЕМСТ 28326.7-89

Техникалық сұйық аммиак. Көміртегі тотығының (IY) массалық үлесін анықтаудың титриметриялық әдісі.


50.

МЕМСТ 28512.1-90

Минералды тыңайтқыштар. Нығыздаумен үйінді тығыздығын анықтау әдістері.


51.

МЕМСТ 28512.2-90

Минералды тыңайтқыштар. Нығыздалмаған массадағы үйінді тығыздығын анықтау әдістері.


52.

МЕМСТ 28512.3-90

Минералды тыңайтқыштар. Ұсақ түйірлі тыңайтқыштардың нығыздалмаған массадағы үйінді тығыздығын анықтау әдістері.


53.

МЕМСТ 28990-91

Тыңайтқыштар. Натрий гидрототығымен өндеу кезінде аммиак бөлетін басқа заттардың


1

2

3

4

5




қатысуымен аммонийлі азотты анықтаудың титриметриялық әдісі.


54.

МЕМСТ 29207-91

Техникалық несепнәр (карбамид).
Шартты концентрациялы несепнәрдің рН ерітіндісін өлшеудің потенциометриялық әдісі.


55.

МЕМСТ 29288-92

Азоты құрамы жоғары тыңайтқыштар. Аммоний нитраты. Майды ұстап қалу қабілетін анықтау әдісі.


56.

МЕМСТ 29313-92

Минералды тыңайтқыштар. Айырудан кейін аммоний азотын (титриметриялық) анықтау әдісі.


57.

МЕМСТ EN 15451-2013

Тыңайтқыштар. Хелатталған агенттерді анықтау. Ионпарлік хромотографиямен темірді, хелатталған EDDHSA-ны анықтау.


58.

МЕМСТ EN 15452-2013.

Тыңайтқыштар. Хелатталған агенттерді анықтау. HPLC реверсивтік фазасы арқылы темірді, хелатталған o,p-EDDHA-ны анықтау.


59.

МЕМСТ EN 15475-2013

Тыңайтқыштар. Аммонийлі азот құрамын анықтау.


60.

МЕМСТ EN 15476-2013

Тыңайтқыштар. Девард әдісімен нитратты және аммонийлі азотты анықтау.


61.

МЕМСТ EN 15477-2013

Тыңайтқыштар. Суда еритін калий құрамын анықтау


62.

МЕМСТ EN 15478-2013

Тыңайтқыштар. Карбамидтегі азоттың жалпы мөршерін анықтау.


63.

МЕМСТ EN 15558-2013

Тыңайтқыштар. Ульш әдісімен нитратты және аммонийлі азотты анықтау.


64.

МЕМСТ 26712-94

Органикалық тыңайтқыштар. Талдау әдістеріне қойылатын жалпы талаптар.


1

2

3

4

5

75.


МЕМСТ EN 14397-1-2013

Қатты тыңайтқыштар және әктасты материалдар. Көмірқыш-қыл газы құрамын анықтау.
1-бөлік. Қатты тыңайтқыштарға арналған анықтау әдісі.


76.

МЕМСТ EN 15559-2013

Тыңайтқыштар. Арнд әдісіне сәйкес нитрат және аммонийлі азотты анықтау.


77.

МЕМСТ EN 15560-2013

Тыңайтқыштар. Нитратсыз кальций цианамидіндегі азоттың жалпы құрамын анықтау.


78.

МЕМСТ EN 15561-2013

Тыңайтқыштар. Нитраты бар кальций цианамидіндегі азоттың жалпы құрамын анықтау.


79.

МЕМСТ EN 15562-2013

Тыңайтқыштар. Азот цианамиді құрамын анықтау.


80.

МЕМСТ EN 15604-2013

Тыңайтқыштар. Бір үлгіде азоттың әртүрлі нысандарын: нитратты, аммонийлі, цианамидті азот және карбамид азотын анықтау.


81.

МЕМСТ EN 15749-2013

Тыңайтқыштар. Үш әртүрлі әдістерімен сульфат құрамын анықтау.


82.

МЕМСТ EN 15925-2012

Тыңайтқыштар. Әртүрлі нысандарда болатын жалпы күкіртті экстракциялау.


83.

МЕМСТ EN 15926-2013

Тыңайтқыштар. Әртүрлі нысандарда болатын суда еритін күкірттті экстракциялау.


84.

МЕМСТ EN 15928-2013

Тыңайтқыштар. Ұсақтау жіңішкелігін анықтау (құрғақ тәсіл).


85.

МЕМСТ EN 15956-2012

Тыңайтқыштар. Минералды қышқылдарда еритін фосфорды экстракциялау.


86.

МЕМСТ EN 15957-2012

Тыңайтқыштар. Аммоний цитратының бейтарап ертіндісінде еритін фосфорды экстракциялау.


87.

МЕМСТ 32467-2013

Карбамид (несепнәр). Азот құрамын анықтау.


1

2

3

4

5




Дистилляциядан кейінгі титриметриялық әдіс.


88.

МЕМСТ 32468-2013

Карбамид (несепнәр). Темір құрамын анықтау.
2,2-бипиридил қолданылатын, фотометриялық әдіс.


89.

МЕМСТ 32469-2013

Карбамид (несепнәр).
Хазен бірліктерімен формальдегидті ерітіндінің түсін анықтау (платиналы-кобальтті шәкіл).


90

МЕМСТ 32470-2013

Карбамид (несепнәр). Сілтілігін анықтау. Титриметриялық әдіс.


91.

МЕМСТ 32471-2013

Карбамид (несепнәр). Буферлік сыйымдылығын анықтаудың потенциометриялық әдісі.


92.

МЕМСТ 32472-2013

Карбамид (несепнәр). Формальдегидтің қатысуымен рН өзгерісін анықтаудың потенциометриялық әдісі.


93.

МЕМСТ 14870-77

Химиялық өнімдер. Суды анықтау әдістері.


94.

МЕМСТ 10398-76

Реактивтер және аса таза заттар.
Негізгі зат құрамын анықтаудың комплексонометриялық әдісі.


95.

МЕМСТ 29336-92

Техникалық аммоний сульфаты.
Бос қышқыл құрамын анықтаудың титриметриялық әдісі.


96.

МЕМСТ 29337-92

Техникалық аммоний сульфаты.
Суда ермейтін зат құрамын анықтаудың гравиметриялық әдісі.


97.

МЕМСТ 26713-85

Органикалық тыңайтқыштар. Ылғал және құрғақ қалдықты анықтау әдісі.


1

2

3

4

5

98.


МЕМСТ 26714-85

Органикалық тыңайтқыштар. Күлді анықтау әдісі.


99.

МЕМСТ 26715-85

Органикалық тыңайтқыштар. Жалпы азотты анықтау әдістері.


100.

МЕМСТ 26716-85

Органикалық тыңайтқыштар. Аммонийлі азотты анықтау әдістері.


101.

МЕМСТ 26717-85

Органикалық тыңайтқыштар. Жалпы фосфорды анықтау әдісі.


102.

МЕМСТ 26718-85

Органикалық тыңайтқыштар. Жалпы калийді анықтау әдісі


103.

МЕМСТ 27980-88

Органикалық тыңайтқыштар. Органикалық затты анықтау әдістері.


104.

МЕМСТ 30181.9-94 (ИСО 5315-84)

Минералды тыңайтқыштар. Күрделі тыңайтқыштардағы жалпы азоттың массалық үлесін анықтау әдісі (хроммен нитратты азотты қалпына келтірілетін және органикалық азот минералданатын дистилляциялық әдіс).


105.

2, 3-тараулар, 5-тараудың 11-тармағы

МЕМСТ 32555-2013

Карбамид (несепнәр). Биуреттің құрамын анықтаудың фотометриялық әдісі


106.

МЕМСТ EN 15479-2013

Тыңайтқыштар. Карбамидтегі бируретті спектрометриялық анықтау.


107

МЕМСТ 32555-2013

Карбамид (несепнәр). Биурет құрамын анықтаудың фотометриялық әдісі.


108.

2, 3-тараулар, 6-тараудың 11-тармағының 1) тармақшасы және 12-тараудың 53-тармағы

ҚР СТ 2031-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Мыстың құрамын анықтау әдістері.


109.

ҚР СТ 2034-2010

Микроэлементтері бар тыңайтқыштар. Мырыштың құрамын анықтау әдістері.


110.

ҚР СТ 2344-2013

Топырақтар. Грунттар. Сынамаларды пиролитикалық ажырата


1

2

3

4

5




отырып, атомдық-абсорбциялық әдіспен сынап құрамын анықтау.


111.

МЕМСТ 24024.7-80

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Қорғасынды анықтау әдісі.


112.

МЕМСТ 24024.10-81

Фосфор және форсфордың бейорганикалық қосындылары. Күшәланы анықтау әдісі.


113

МЕМСТ EN 14888-2013

Тыңайтқыштар және әктасты материалдар. Кадмий құрамын анықтау.


114.

2, 3-тараулар, 5-тараудың 12-тармағы, 6-тараудың 15-тармағының 1) тармақшасы және 16- тармағының 2) тармақшасы

МЕМСТ 30108-94

Материалдар және құрылыс бұйымдары. Табиғи радионуклидтердің үлесті тиімді белсенділігін анықтау.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады