"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9912 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тану Заңның 34-бабының 1-тармағына сәйкес спорт түрлерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырылады.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану тәртібі
5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес өтінішті қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Өтінішті уәкілетті органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен уәкілетті органның кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы электрондық немесе сканерленген түрде жүктейді.
Бұл ретте "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
8. Уәкілетті орган портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарауға қабылдау туралы хабарламаны не тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды жібереді.
9. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның жауапты орындаушысы төрт жұмыс күні ішінде қарайды және спорт түрін, спорт салаларын тану жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысында қарау үшін дайындайды.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Уәкілетті органның өкілдері, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия төрағасы мен хатшысы уәкілетті орган өкілдерінің арасынан айқындалады.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдерін қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
Комиссия ұсынылған құжаттарды комиссия отырысында қарайды және спорт түрін, спорт саласын тануды немесе спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуды ұсынады.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
10. Комиссия отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қабылдайды.
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы бір жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Порталда - ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уәкілетті органның бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тiзiлiм осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргiзiледi. Спорт түрін, спорт саласын тану туралы уәкілетті органның шешімі Тізілімді қалыптастыруға негіздеме болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
"4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
25. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, уәкілетті органның кеңсесі, портал арқылы беріледі.
26. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
27. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтінішті қарау жағдайы туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
28. Дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны қарауға қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
29. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
30. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда 1-қосымшамен толықтырылсын;
Қағидалардың қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша". |
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 107 бұйрығына қосымша |
|
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау уәкілетті органның кеңсесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды/қағаз. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. |