"Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20577 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Ержанов

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 257 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 348 бұйрығымен
бекітілген

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты

      ____________                                                ____________________

      (қала)                                                            (күні: күні, айы, жылы)

      Бұдан әрі "Ұйымдастырушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (жергілікті атқарушы органның немесе уәкілетті ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы орган немесе уәкілетті ұйым өкілінің лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Тасымалдаушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      басшы _________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Ұйымдастырушы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршрутына қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.

Маршрут нөмiрi

Маршруттың атауы

Жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны

Маршруттың ұзақтығы километрмен






2-тарау. Тараптардың міндеттері

      2. Тасымалдаушы:

      1) рейс алдындағы (ауысым алдындағы) және міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген, сондай-ақ автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары жасалмаған автокөлік құралдарының маршрутқа шығуына жол бермеуге;

      2) автокөлік құралдары жүргізушілеріне рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) багаждың сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;

      5) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде - өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін тікелей және қайтар бағыттарға электронды түрде сатуды, сондай-ақ қайтарылуын қамтамасыз етуге, және олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға;

      6) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;

      7) жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;

      8) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;

      9) маршруттың қызмет көрсетуіне осы маршрутқа қызмет көрсету құқығына арналған куәлікте көрсетілген негізгі құрамның автокөлік құралдарының кемінде жартысын қолдана отырып, тасымалдау үшін осы Шартта көзделген автобустардың, троллейбустардың және микроавтобустардың саны мен түрін (класын) пайдалануға;

      10) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың бекітілген маршрутын және қозғалыс кестесін сақтауға;

      11) нақты уақыт режимінде тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын спутниктік навигациялық жабдықтармен жарақтандыруға;

      12) ұлттық стандарттарды сақтауға;

      13) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге;

      14) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Шарт қолданыста болған уақыт ішінде бағдардың бекітілген сызбанұсқасына сәйкес ____ километр көлемінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыруға;

      15) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда автобустардың салонында жолақысын электрондық төлеу жүйесінің құрылғыларын, байланыс жабдықтарын, модемді, ақпараттандыру және диспетчерлеу жүйесін жарамды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Ұйымдастырушы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерінің, оларға кіреберіс және кірме жолдарының болуын, безендірілуін және күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге;

      2) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде осы Шартта көзделген маршруттың жүру жолында орналасқан автомобиль жолдарының жай-күйін, сондай-ақ олардың жайластырылуын жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

      3) автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын, сондай-ақ осы Шарттың 4-тармағының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

      4) Тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;

      5) күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалары бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға;

      6) "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген есеп негізінде ай сайын субсидиялар төлемін жүзеге асыруға міндетті.

3-тарау. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар

      4. Тасымалдаушы осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды осы Шарттың толық әрекет ету мерзімінде жаңартуға міндетті:

      - қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда осы Шартты жасасқан күннен бастап екі жыл өткен соң;

      - ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалааралық облысаралық маршруттарда осы Шартты жасасқан күннен бастап үш жыл өткен соң.

4-тарау. Тараптардың құқықтары

      5. Тасымалдаушы жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 23-8) - тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтауын талап етуге құқылы.

      6. Ұйымдастырушы осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген елеулі талаптарының бұзылуын қоспағанда, осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Тасымалдаушыны оларды осы Тасымалдаушыны хабардар еткен күннен бастап Ұйымдастырушы белгіленген кемінде он, бірақ жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жоюға міндеттеуге құқылы.

      Тасымалдаушы осы Шарттың талаптарының анықталған бұзушылықтарын Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.

      8. Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:

      1) маршрут тұрақтылығының төмендігі (айына жетпіс пайыздан кем);

      2) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;

      3) осы Шарттың 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;

      4) үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) қызмет көрсету құқығын беру болып табылады;

      5) жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлік оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;

      6) осы Шарттың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.

      9. Субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбесіне кіретін маршрутқа қызмет көрсететін Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, осы Шарт сот тәртібінде бұзылады.

      10. Осы Шарт Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен бұзылған жағдайда, онда Тасымалдаушы ол туралы Ұйымдастырушыны күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрмей хабардар етедi.

      11. Осы Шарт Конкурсқа қатысуға өтінімде жалған ақпарат ұсынылған факт анықтаған жағдайда да мерзімінен бұрын бұзылады.

6-тарау. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі

      12. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      13. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың кестесі және тарифтік кесте (қалааралық облысаралық маршруттардан басқа), сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типі (класы) мен саны осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      14. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      15. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.

      16. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады.

      17. Осы Шарт әр Тарап үшін бір-бірден бірдей заңды күші бар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      18. Осы Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады:

      Қолданылуының басталуы _______________________ (күні: күні, айы, жылы) Қолданылуының аяқталуы _______________________ (күні: күні, айы, жылы)

      19. Тасымалдаушы осы Шарттың 4-тармағының талаптарын сақтау кезінде, осы Шартқа өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен осы Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік алпыс күннен кем емес берген тасымалдаушының жазбаша өтініші негізінде осы Шарттың қолданылуы он жылға ұзартылады.

8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

      Ұйымдастырушы                        Тасымалдаушы

      Қолы ________                        Қолы _______

      М.О.                                    М.О.

  Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына 1-қосымша

      1. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте

Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі

Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны*

2-3

4-6

7-10

11-15

16-25

26-50

51 және одан көп

7 жылға дейін

+

+

+

+

+

+

+

7 жылдан 12 жылға дейін

50%

25%

20%

20%

20%

20%

20%

12 жылдан 15 жылға дейін

-

25%

25%

25%

24%

22%

21%

15 жылдан астам

-

-

-

4%

6%

10%

15%

      2. Ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалааралық облысаралық маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте

Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі

Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны*

2-3

4-6

7-12

13-15

16-25

26-50

51 және одан көп

7 жылға дейін

+

+

+

+

+

+

+

7 жылдан 12 жылға дейін

50%

40%

30%

30%

20%

20%

20%

12 жылдан 15 жылға дейін

-

30%

25%

25%

24%

22%

21%

15 жылдан астам

-

-

-

4%

6%

10%

15%

      "+" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;

      "-" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      * - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).

  Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына 2-қосымша

Маршрут пен жол ақысы тарифтік кесте бойынша кестелерде қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типі (класы) және саны жөніндегі ақпарат

      1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттерінің атауы;

      3) маршруттың ұзақтығы және аялдама пункттері арасындағы қашықтық;

      4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;

      5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;

      6) тасымалдаушының атауы;

      7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

      2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттердің атауы;

      3) тасымалдаушының атауы;

      4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;

      5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

      3. Тарифтiк кестеде (қалалық (ауылдық) маршруттардан басқасында) мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттердің атауы;

      3) тасымалдаушының атауы;

      4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;

      5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып күні көрсетілген қойылған қолы (қалааралық облысаралық маршруттардан басқасы).

      4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:

      1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;

      2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);

      3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;

      4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады