Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 4 мамырдағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20584 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 11 мамырдағы № 259 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.05.2022 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 266 бұйрығына
қосымша

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатумен айналысатын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар

      1. Осы Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Талаптар заңды тұлғаларда өздері өндіру барысында пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату жөніндегі қызметіне және құрамында түсті және/немесе түсті металдардың сынықтары және/немесе қалдықтары бар мүліктік кешенді сатып алу нәтижелеріне қолданылмайды.

      3. Осы Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптар мыналарды:

      1) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мамандандырылған өндірістік базаның;

      2) меншік құқығындағы немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдауға арналған өзге де заңды негіздегі автокөліктің (жүк және басқа да автокөлік);

      3) меншік және/немесе жалға алу құқығында автокөлік кірме жолдары бар және/немесе тұйықталған теміржол жолдарына кірме жолдары бар жер учаскесінің;

      4) заңды тұлғаның басшысы бекіткен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі нұсқаулықтың;

      5) кәсіпорында түсті және қара металдарды қайта өңдеудің технологиялық процесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеуге білікті персоналдың болуын қамтиды.

      4. Мамандандырылған өндірістік база мыналарды:

      1) оттегі мен пропан баллондарын сақтау орнын;

      2) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайлар немесе асфальтталған немесе қатты бетон немесе өзге қатты жабындары бар орындарды;

      3) өрт сөндіру құралдарымен жарақталған жарылғыш қауіпі бар түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлерді;

      4) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай немесе тұратын вагондарды;

      5) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі стационарлық немесе мобильді жүк көтергіш жабдықты, сондай-ақ кәсіпорында бекітілген және оларды пайдалануға тиісті рұқсат құжаттары бар осы жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық процеске сәйкес келетін жүк көтергіштігі тұрғысынан оған керек-жарақтарды;

      6) кәсіпорында түсті және қара металдардың сынықтарын, кесуге, бөлуге арналған технологиялық процеске сәйкес келетін жабдықты, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған пресс және/немесе гидро қайшылар;

      7) "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18094 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша оларды тексеру сертификаты бар өлшеу құралдарын (автомобиль немесе теміржол таразысы және/немесе басқа да өлшеу құралдары);

      8) нормалау құжаттарында белгіленген деңгейден асатын радиациялық ластануды металл сынықтарында анықтауды қамтамасыз ететін дозиметрлік немесе радиометриялық аппаратураны қамтиды. Радияциялық бақылау аппаратурасының "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы мамырда № 11204 болып тіркелген) сәйкес Мемлекеттік тексеріс сертификаты болуы қажет.

      5. Мамандандырылған өндірістік базадан оқшауланған және аумақтық өзге жерде орналасқан меншік құқығында тұрған немесе өзге де заңды негіздегі қабылдау пунктін ашу үшін:

      1) қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге бейімделген үй-жайлар (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискалдық жады бар бақылау-касса машинасы);

      2) өлшеу құралдары;

      3) қабылдау пунктінің заңды тұлғаға жататыны, жұмыс режимі, хабарлама жолданған күні және нөмірі көрсетілген маңдайша бар болуы тиіс.

      6. Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алуды егер сынықтарды тапсырушыда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарынын алу заңдылығын растайтын құжаттары (шарт( келісімшарт), қабылдау-өткізу актісі не болмаса шот-фактура ) болса заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      7. Заңды тұлғалар электр техникалық, әскери және зымырандық-ғарыштық заттардың сынықтарынан, байланыс желілерінің кабельдерін, рельстердің, теміржол трассасы мен жылжымалы құрамның элементтері, бұрын пайдаланылған, кәріздік люк қақпақтарын қоспағанда, жеке тұлғалардан түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдайды.

      8. Келіп түскен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары туралы мәліметтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу журналдарында, қабылдау-тапсыру актілерінде және басқа да бухгалтерлік есепке алу құжаттарында көрсетіледі.

      Келіп түскен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын есепке алу журналдары тігіледі, нөмірленеді және заңды тұлғаның мөрімен (бар болғанда) куәландырылады. Есепке алу журналындағы барлық жазбалар түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдау жөніндегі операциялар жасалғаннан кейін жүргізіледі. Журналдағы барлық түзетулерге түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға жауапты адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (бар болғанда) куәландырылады.

      Бос жолдарды қалдыруға жол берілмейді.

      Күн сайын есепке алу журналында түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының бір күн ішінде түсуінің жиынтығы шығарылады, олар жазбамен белгіленеді.

      Есепке алу журналдары толтырылғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

      Есепке алу журналында міндетті түрде мына мәліметтер:

      түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдау күні;

      сынықтарды тапсырушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);

      қозғалысты жүзеге асырған автомашинаның мемлекеттік нөмірі;

      сынықтарды тапсырушының қолы;

      қабылдаушының қолы болуы тиіс.

      9. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізлген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20260 болып тіркелген) сәйкес сатып алынған және өткізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады