"Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 мамырда № 20589 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12386 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама жүргізуге арналған өтінімді қарау туралы қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы № 152
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 3-3/997 бұйрығымен
бекітілген

Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге (адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, аң шаруашылығы, үй қояны шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, балара шаруашылығы, балық шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда, жануарлардың жаңа тұқымдарын) арналған өтінімді қарау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтінім беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;

      2) патентке қабілеттілік - жануарлардың шығарылған тұқымдарының, бір тұқым ішіндегі (аймақтық) және зауыттық типтерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, айырым, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкестігі;

      3) сараптамалық ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      4) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген жануардың жаңа тұқымы (аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда);

      5) селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      6) сипаттау - селекциялық жұмыстың мақсаттары мен шаруашылық-пайдалы, биологиялық, зоотехникалық, сыртқы тұрпаттық-бітімдік қасиеттерін, жануарларды күтіп-ұстау және азықтандыру шарттарын сипаттайтын нәтижелерді, өнімнің өнеркәсіптік өндіріс жағдайларына бейімділігін, шығару (жасау) әдістерін, байқаудан өткізуге ұсынылатын селекциялық жетістіктің генеалогиялық құрылымы мен экономикалық тиімділігін (немесе нағыз құндылық) ашатын мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің белгілері;

      7) тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады.

2-тарау. Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізу және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау тәртібі

      3. Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) сараптамалық ұйым жіберген өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауалнамасының көшiрмелерiн қарайтын, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның консультациялық-кеңесші органы болып табылады.

      4. Мемлекеттік комиссия:

      1) тұқым атауының дұрыстығын тексеруді;

      2) тұқымның жаңалығына сараптама жасауды;

      3) тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақ жүргізеді.

      5. Тұқымның ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссия сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.

      6. Тұқымның атауын тексеру кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі айқындалады: тұқымның атауы тұқымды сәйкестендіруге мүмкіндік береді, қысқа болуы, сол немесе соған жақын зоологиялық түрдің қолда бар тұқымдары атауларынан ерекшеленуі тиіс, тек цифрлардан тұрмауы тиіс, қасиеттеріне, шығу тегіне, тұқымның маңызына, селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиiс, адамгершiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келмеуі тиiс.

      7. Егер бір тұқым үшін патент беруге арналған өтінім Қазақстан Республикасында және басқа елдергеде берілсе, онда тұқымның атауы осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей болуы тиіс.

      8. Мемлекеттік комиссия тұқым атауының осы Қағидаларға 7 және 8-тармақтарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша сараптамалық ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытындыны не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытындыны үш данада жібереді.

      9. Егер тұқымның атауы осы Қағидаларға 7 және 8-тармақтарда көрсетілген талаптарға жауап бермесе, онда сараптамалық ұйымның сұрауы бойынша өтінім беруші екі ай мерзімде тұқымның жаңа атауын ұсынады.

      10. Тұқымның жаңалыққа сараптамасы сараптамалық ұйымнан өтінім көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау жолымен жүргізіледі.

      11. Егер өтінім берілген күні автор немесе оның құқықтық мирасқоры аталған селекциялық жетістіктің асыл тұқымдық материалын тұқымды аумақта пайдалану үшін басқа тұлғаларға сатпаса және бермесе тұқым жаңа болып саналады:

      1) Қазақстан Республикасында - өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын;

      2) кез келген басқа мемлекетте - өтінім берілген күнге дейін тұқымдар бойынша төрт жылдан ерте.

      12. Тиісті тектер мен түрлер селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген күні пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген тұқым тұқымға жаңашылдық талаптарды қоймай, патентке қабілетті деп танылуы мүмкін.

      13. Егер тұқым жаңалығына сараптама жасау нәтижесінде тұқым жаңалық өлшеміне сәйкес келмейтіндігі анықталса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті жаңалыққа сараптаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды жасайды және оны үш данада сараптамалық ұйымға жібереді.

      14. Жаңалыққа арналған сараптаманың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақ жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      15. Тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізуді Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9901 болып тіркелген) бекітілген Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесіне сәйкес жүргізеді.

      16. Мемлекеттік комиссия өтінім материалдарын сараптамалық ұйым жіберген күннен бастап бір ай ішінде тұқымның ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізудің нақты мерзімі туралы сараптамалық ұйымға хабарлайды.

      17. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің басқа ұйымдары жүргізген сынақтардың нәтижелерін және өтініш беруші ұсынған деректерді пайдаланады.

      18. Тұқым патент қабілеттілігі шарттарына сәйкес келсе, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды. Мемлекеттік комиссия селекциялық жетістікті сипаттай отырып, қорытынды жасайды және оны үш данада сараптамалық ұйымға жібереді, оның негізінде сараптамалық ұйым патент беру туралы шешім қабылдайды.

      19. Мемлекеттік комиссия тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтінін анықтаса, Мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теріс қорытынды жасайды және оны үш данада жібереді, оның негізінде сараптамалық ұйым патент бермеу туралы шешім қабылдайды.

  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы "____" _____________

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы


Селекциялық жетістіктің атауы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігі белгіленді.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы "____" _____________

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы


Селекциялық жетістіктің атауы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігі белгіленді.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы "____" _____________

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті жаңалыққа сараптаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған жаңалығы


Өтінім беруші (лер)


      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы "____" _____________

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынаудың оң нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сипаттамасы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынау өтінімінің материалдарын сараптау нәтижесінде тұқым патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетіні анықталды.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: _______________
________________________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды
сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының төрағасы
_________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
20_____ жылғы "____" _____________

Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынаудың теріс нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Тұқымның патентке қабілеттілік шарттарына сипаттамасы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістікті патентке қабілеттілікке сынау өтінімінің материалдарын сараптау нәтижесінде тұқым патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады