"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 119 бұйрығымен бекітілген |
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері
Республикалық маңызы бар қала, астана | Облыс |
Халық саны 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі | Халық саны 20-50 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, бұл ретте облыстың әр ауданында кемінде 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі |
Ескертпе:
Жұмыс істеп тұрған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері осы нормативтерді бекіту сәтінде сақталады, жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төменгі деңгейіне дейін жеткізу.