Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 10 ақпандағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 ақпанда № 35720 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11963 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі.".

      2. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады