"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы құралдары және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 170 бұйрығымен бекітілген |
Сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және субсидиялауға жататын агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) АӨК - дегі сақтандыру саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын АӨК саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің құрамына кіретін акционерлік қоғам;
2) АӨК-ді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - АӨК-ді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - ҚНРДА) - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
5) сақтандыру өнімі - оператор немесе сақтандырушы әзірлеген, ҚНРДА келісілген және оператормен бекітілген, АӨК-де сақтандыру кезінде АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау аясында субсидиялауға жататын қаржы өнімі;
6) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлейтін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау - АӨК субъектілері сақтандырушыларға төлейтін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;
8) сақтандырушы - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға ҚНРДА;
9) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы;
10) сараптама кеңесі - Агроөнеркәсіптік кешенін сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуы және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың өкілдерінен, тәуелсіз сарапшылардан және өзге де адамдардан тұратын алқалы орган;
11) техникалық-экономикалық негіздеме - сақтандыру өнімін бекітудің экономикалық орындылығы есебінің құжаттық-ресімделген нәтижелері.
2-тарау. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Сақтандыру өнімдерін "жалпы сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар оператормен немесе сақтандырушылармен әзірленеді.
4. Субсидиялауға жататын сақтандыру өнімдері келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) екінші деңгейдегі банктердің ұсынымдарының болуы;
2) сақтандыру жағдайы бойынша құжаттардың толық пакетін ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін жүзеге асыру;
3) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми негізделген параметрлерінен төмен емес шығындар нормативін қолдану (шығындар нормативі қолданылатын сақтандыру өнімдері үшін);
4) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен бекітілген жануарлар мен адамдардың денсаулықтарына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына тарату (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген);
5) Standars&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің шкаласы бойынша "B+" - тен төмен емес қаржылық тұрақтылық рейтингі (кредиттік рейтингі) немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің шкаласы бойынша тең деңгейдегі рейтингтерінен төмен емес қайта сақтандыру компаниясында тәуекелдердің 100% - дан кем емес 50% қайта сақтандырудың болуы.
Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген талаптары оларды пайдалануға болатын сақтандыру өнімдеріне қолданылады.
5. Сақтандыру өнімдерін әзірлегеннен кейін сақтандырушы операторға ол бойынша сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін субсидиялау мақсатында сақтандыру өнімін бекіту туралы өтінішімен жүгінеді.
Сақтандырушының өтінішіне келесі құжаттар қоса беріледі:
сақтандырудың үлгілік шарты;
сақтандыру шартына қосылуға арналған үлгік өтінімі;
осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру өнімінің талаптары;
сақтандыру қағидалары;
техникалық-экономикалық негіздеме;
сақтандырушы сақтандыру өнімін сатуды ұйымдастыру үшін пайдаланатын сақтанушыларға арналған ақпараттық материалдар;
сақтандырушының уәкілетті органының сақтандыру өнімін бекіту туралы хаттамасы.
6. Оператор сақтандырушыдан құжаттар пакетімен бірге өтініштің келіп түсі күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру өнімін бекіту үшін оның толықтығын және осы Қағидалардың 3, 4, 5 тармақтарына сәйкестігін тексереді және құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, оны жазбаша қайтарады.
Қайтару себептері жойылған жағдайда сақтандырушы құжаттардың толық пакетімен бірге өтінішті қайта енгізеді.
7. Оператор сақтандырушыдан құжаттардың толық пакетімен өтінішті алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны екінші деңгейдегі банктерге келісуге жібереді.
8. Оператор екінші деңгейдегі банктерден позицияларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру өнімінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәселелері бойынша қорытынды дайындайды және материалдарды сараптамалық кеңесінің қарауына жібереді.
9. Оператор қорытынды дайындағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің отырысын өткізеді, онда Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес сақтандыру өнімін келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
10. Сараптамалық кеңесімен сақтандыру өніміне келісуден бас тартқан жағдайда, оператор сараптамалық кеңесі шешімін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға сақтандыру өнімін тиісті негіздемемен келісуден бас тарту туралы жазбаша жауап жолдайды.
11. Әзірленген сақтандыру өніміне сараптамалық кеңесі келіскен жағдайда, оператор сараптамалық кеңесі шешімін алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандыру өнімін ҚНРДА келісуге жолдайды.
12. ҚНРДА 10 (он) жұмыс күн ішінде операторға сақтандыру өніміне келісу немесе келіспеу туралы шешімді жолдайды.
Келісуге ұсынылған сақтандыру өнімі бойынша құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау бас тарту үшін негіз болып табылады.
13. ҚНРДА сақтандыру өнімін келісуден бас тартқан жағдайда оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыға жазбаша хабардар етеді.
14. Оператор ҚНРДА шешімін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ҚНРДА-мен келісілген сақтандыру өнімін бекітеді және бұл туралы сақтандырушыны жазбаша хабарлайды.
Сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту қағидаларына қосымша |
Сақтандыру өнімінің шарттары "_____________"
Сақтандырушы | |
Сақтанушы | |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының түрі/ауыл шаруашылығы жануарының түрі | |
Сақтандыру өнімдеріне жабылатын сақтандыру тәуекелдері | |
Сақтандыру мерзімі | |
Сақтандыру құны | |
Сақтандыру сыйлықақысы | |
Сақтандыру төлемі | |
Пайда алушы | |
Сақтандыруға қабылдаудағы шектеулері | |
Сақтандыру жағдайы деп танылмайтын оқиғалар (сақтандыру өтемінен алып тастау) | |
Сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар тізімі | |
Сақтандыру қорғауының әрекет ету аумағы | |
Сақтандыру тарифі | |
Франшиза | |
Ерекше шарттар | |
Болжамды шығындылық коэффициенті және шығыстар коэффициенті |
Бірінші басшы
немесе уәкілетті тұлға _____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)