"Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 мамырда № 20655 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 17.01.2023 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16894 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Прокурор міндетті түрде сотта:

      1) кәмелетке толмағандарға қатысты;

      2) ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны баламасыз қолдануды көздейтін.

      Егер процеске қатысушылардың бірі оның қатысу қажеттілігі туралы өтінішхат мәлімдесе, ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алуды баламалы қолдануды көздейтін істер бойынша;

      3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға әкеп соғатын;

      4) ол өзі қозғаған;

      5) жазбаша нұсқау бойынша жоғары тұрған прокурор оның қатысуын қажет деп таныған;

      6) монополияға қарсы органның және табиғи монополиялар салаларында жетекшілікті жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары олар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарау және толтыру құқығына ие кәсіпкерлік қызмет саласындағы;

      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

      8) салық салу саласындағы;

      9) кеден ісі саласындағы;

      10) осы Нұсқаулықтың 42-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген істерді қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына шағымдану жөніндегі;

      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қатысады.

      Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 759-бабына сәйкес прокурорлар сотта өзге де істер бойынша қатысады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен процестің барлық сатыларында танысу нәтижелерін қатысушы прокурор жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға алдын ала баяндайды. Қарау нәтижесі жоғары тұрған прокурорға баяндалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралатын жағдайда, алдын ала баяндама талап етілмейді.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорытындылар прокурор келіскен апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары бойынша жасалады. Басқа жағдайларда қорытынды жасалмайды.

      Қорытындыда:

      1) құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе болмауы, оның әрекеттерін саралаудың дұрыстығы;

      2) прокурор соның негізінде жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне келген дәлелдемелер;

      3) істің мән-жайларын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған сол немесе өзге де жаза түрінің қолданылуы, не істі тоқтату қажеттілігі туралы;

      4) қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, сот ұстанымдары;

      5) қатысқан прокурорлар, олардың қорытындыларының қысқаша мазмұны;

      6) шағымның (өтінішхаттың) уәждері;

      7) шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.

      Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 42-тармағында аталған істер бойынша соттар жол берген материалдық және процестік құқық нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ сот қарауына прокурордың қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтатқан кезде уақтылы ден қоюлары қажет.

      Прокурор сот қарауына қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік қамаққа алу туралы қаулының заңдылығын ол келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде тексереді және негізсіз сот актісін анықтаған кезде, оған наразылық келтіру шараларын қабылдайды.

      Жергілікті жерлердегі прокурорлар жарты жылдық бойынша уәкілетті органдардың осы Нұсқаулықтың 42-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы құқық қолдану практикасына талдау жасайды. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есепті кезең аяқталғаннан кейінгі 15-күніне жіберіледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Істерді апелляциялық тәртіпте қарау кезінде облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар осы Нұсқаулықтың 42-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады