"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20667 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интегрция
министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 166-НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      5. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      7. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық сұрау салу түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде электрондық сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Қызмет көрсетуші электрондық сұранысты тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен (немесе) мәліметтердің толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық сұрауды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасау үшін қызметті алушыға барады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.

      12. Лицензияны беру кезінде және лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) ,6) тармақшаларына сәйкес, лицензияны алу немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;

      2) Қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;

      4) келісуші мемлекеттік органмен көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісілмеген;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді .

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      15. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын жасау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.03.2023 № 124-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы:

      стандарттың атауы ______________________________________________

      стандарттың нөмірі______________________________________________

      2. *Өндірістік технологиялық базаның болуы________________________

      3. *Технологиялық жабдықтың атауы______________________________

      4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы (атауы)

      __________________________________________________________________________

      (салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні, сертификатты берген органның атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі)

      5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі _________________________________________

      салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні __________________________________________

      сертификатты берген органның атауы __________________________________

      сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________

      6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы______________________________________

      7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы______________________________________________________

      8. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.03.2023 № 124-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескертпе:

      * Егер өтініш беруші өндірістік үй-жайдың, технологиялық жабдықтардың меншік иесі болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі

        "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын жасау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым:
1) қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды.);
2) лицензияны қайта ресімдеуге лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18:30 дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін Порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптары нысанына сәйкес мәліметтерді толтырады.

9

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) Қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) келісуші мемлекеттік органмен көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісілмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталдың интернет-ресурсында орналастырылған: www.egov.kz
2) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады