"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 583-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25041 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20667 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызмет көрсетуші электрондық сұранысты тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен (немесе) мәліметтердің толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес электрондық сұрауды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10381 болып тіркелген) біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасау үшін қызметті алушыға барады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Лицензияны беру кезінде және лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 4 қарашадағы
№ 583-НҚ бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын жасау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Стандарттау жөніндегі құжаттардың болуы:

      стандарттың атауы ______________________________________________

      стандарттың нөмірі______________________________________________

      2. *Өндірістік технологиялық базаның болуы________________________

      3. *Технологиялық жабдықтың атауы______________________________

      4. Өлшеу және бақылау құралдарының атауы түстер атласының болуы (атауы)

      __________________________________________________________________________

      (салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні, сертификатты берген органның атауы, сертификаттың қолданылу мерзімі)

      5. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі _________________________________________

      салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні __________________________________________

      сертификатты берген органның атауы __________________________________

      сертификаттың қолданыс мерзімі ______________________________________

      6. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгілік өлшемнің басты модельінің болуы______________________________________

      7. Аккредиттелген сынақ зертханасынан ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" талаптарына сәйкестігіне оң сынақ нәтижесін қолданумен Қазақстан Республиканың Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілген өлшемінің өндірістік эталондық үлгісінің болуы______________________________________________________

      8. ҚР СТ 989 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" және (немесе) ҚР СТ 988 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес дайындалатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы өніміне СТ-KZ нысанында тауардың шығарылуы туралы сертификаттың болуы______________________

      Ескертпе:

      * Егер өтініш беруші өндірістік үй-жайдың, технологиялық жабдықтардың меншік иесі болмаған жағдайда, онда жалдау шарты көрсетіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады