"Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20697 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10397 болып тіркелген, 2015 жылы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 21 мамырдағы
№ 116 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 18-04/14 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңы) 9-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады:

      1) алынатын көздің коды - уылдырық алынатын көзге сәйкес келетін әріп: W - жабайы балықтан алынған, С - қолда өсірілген балықтан алынған;

      2) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган;

      3) Бірыңғай байланыс-орталығы - ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және өзге де қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызметінің функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын заңды тұлға;

      4) өтініш беруші - ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) партияның сәйкестендіру нөмірі - өңдеуші зауыттарда және буып-түю кәсіпорындарында пайдаланылатын нөмір;

      6) СИТЕС (CITES) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;

      7) сыйымдылық - тікелей уылдырық орналасатын ыдыс;

      8) уылдырық - бекіре тұқымдас балық түрлерінің өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары).

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      3. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық.

      Бекіре балык түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі нарықта сатуға арналған марканың берілуін қосады.

      4. Осы Қағидалар бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы саудасын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады (бұдан әрі - уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар).

      5. Таңбалауды ішкі және сыртқы нарықтарда уылдырық саудасын жүзеге асыратын адамдар қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.

      7. Ішкі және сыртқы нарықтарда сатылатын бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі нарықта бекіре тұкымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - ішкі нарыққа арналған марка);

      2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - сыртқы нарыққа арналған марка).

2-тарау. Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібі

      8. Ішкі нарыққа арналған маркалардың дайындалуын әкімшілік орган қамтамасыз етеді.

      9. Сыртқы нарыққа арналған марканы дайындауды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік орган беретін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11935 болып тіркелген) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және (немесе) кері әкетуге әкімшілік органның рұқсат беру қағидаларына Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және кері әкетуге арналған рұқсатта (бұдан әрі - рұқсат) көрсетілген уылдырық көлемін таңбалау үшін қажетті мөлшерде уылдырық саудасын жүзеге асыратын тұлғалар қамтамасыз етеді.

      Әкiмшiлiк орган сыртқы нарыққа арналған маркаларға рұқсат алу үшін уылдырық әкетуге рұқсат алуға арналған өтініште көрсетілген сыйымдылық саны жөніндегі мәліметтерге сәйкес есепке алу сериясы мен нөмір береді. Сыртқы нарыққа арналған маркалардың сериясы мен нөмірі, сондай-ақ сыртқы нарыққа арналған маркалар нысанына сілтеме рұқсатта көрсетіледі.

      Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын әкетуге рұқсат алған тұлғалар "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Банкнот фабрикасы) Банкнот фабрикасының мекенжайына жіберілетін Әкімшілік органның мәліметтеріне сәйкес сыртқы нарыққа арналған маркалар дайындайды.

      10. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп кетуін, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдаланылуын болдырмауды қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі деңгейлердегі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.

      Марка әрбір оның визуалды көрінуін қамтамасыз ететін сыйымдылыққа жабыстырылады.

      11. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.

      Ішкі нарыққа арналған маркалардың құны дайындау шығындарын есепке ала отырып айқындалады.

      12. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті портал немесе мемлекеттік корпарация арқылы жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет стандартында беріледі.

      Өтінішке (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) (сәйкестендіру үшін);

      2) егер өтініш жасалған уылдырық:

      табиғи болса - алып сату шартының көшірмесі;

      тәркіленген болса - бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмелері;

      жасанды болса - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат;

      3) таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі;

      портал арқылы:

      1) егер өтініш жасалған уылдырық:

      табиғи болса - сатып алу сату шартының электрондық көшірмесі;

      тәркіленген болса - бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің электрондық көшірмелері;

      жасанды болса - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын алу туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;

      2) маркалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының электрондық нұсқасы.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы және (немесе) қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны жөніндегі хабарлама туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және (немесе) кері әкетуге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті алушы осы Қағидаларға 13-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде - қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат растайды;

      портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалау алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты құрылымдық бөлімше) орындауға береді.

      Жауапты құрылымдық бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Құжаттар пакеті толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің сәйкестігін қарайды және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының маркасын беру туралы шешім шығарады немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын құжатты (не сенімхат бойынша оның өкілінің), көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда хабарлама жіберіледі.

      Өтінім беруші портал арқылы жүгінген жағдайда, оның "жеке кабинетіне" лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Әкімшілік орган осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында берілген маркалардың есебін сондай-ақ ішкі нарыққа арналған маркаларды сақтауды, беруді және есептілікті жүргізеді.

      Өтінім берушіге берілген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтаруды қоспағанда, қайта сатылмауы, берілмеуі және иеліктен шығарылмауы тиіс.

      Әкімшілік органға беруді қоспағанда, қайта сатылмауы, иеліктен шығарылмауы тиіс сыртқы нарыққа арналған маркаларды есепке алу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы нарықтағы бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған маркаларды есепке алу журналында жүргізіледі.

      18. Ішкі нарыққа арналған маркаларды берген кезде әкімшілік органның лауазымды тұлғасы екі данада жүкқұжат жазып береді.

      Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:

      1) жеке және заңды тұлғаның атауы;

      2) ішкі нарыққа арналған маркаларды алуға арналған өтініштің нөмірі мен күні;

      3) ішкі нарыққа арналған маркалардың түрі, нөмірі және саны;

      4) бір сыйымдылықтың көлемі және уылдырықтың жалпы көлемі;

      5) ішкі нарыққа арналған маркалардың почта байланысы немесе курьер арқылы берілген күні;

      6) почта байланысының деректері, курьердің қолы.

      19. Өтініш берушілерге ішкі нарыққа арналған маркаларды беру, өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Ішкі нарыққа арналған маркалар қатаң есептілік құжаты болып табылады. Ішкі нарыққа арналған маркаларды беру туралы мәлімет нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған журналға жазылады, ол 5 жыл сақталады.

      21. Жеке және заңды тұлғалар ішкі және сыртқы нарыққа арналған маркаларды алғандар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға жазбаша түрде алған маркалары бойынша ішкі және сыртқы нарыққа арналған маркалардың пайдаланылғаны туралы және пайдаланылмаған жағдайда пайдаланбау себептерін көрсете отырып мәлімет ұсынады.

      22. Бүлінген ішкі нарыққа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.

      Ішкі нарыққа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде қайтару себептерін корсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі. Алушы бүлінген ішкі нарыққа арналған маркаларды жеке парақтарға жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.

      23. Бүлінген марканы жою әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен, маркаларды жою туралы актісі толтырылып, актіге жойылған марканың санын, нөмірін және түрін көрсету арқылы жүргізіледі.

      Комиссия мүшелерімен қол қойылған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын
таңбалау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Ішкі нарыққа арналған марка



      Ішкі нарыққа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.

      2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін - қызыл.

      3. Марканың сол жағында металсыздандырылған мыс жолағы, "уылдырық" микромәтіні орналастырылған.

      4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.

      5. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "СІТЕS" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің баска бұрышында "КZ" сөзі оқылады.

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын
таңбалау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Сыртқы нарыққа арналған марка



      Сыртқы нарыққа арналған марканың сипаттамасы

      1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.

      2. Марканың негізгі реңі - көгілдір.

      3. Оң жағында нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар "CITES" сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында "КZ" сөзі оқылады.

      Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:

Түрлері

Коды

Сібір бекіресі

Сибирский осетр

Асipenser bаеrіі

ВАЕ

Орыс бекіресі

Русский осетр

Асipenser gueldenstaedtii

GUЕ

Пілмай

Шип

Асipenser nudiventris

NUD

Парсы бекіресі

Персидский осетр

Асipenser реrsіcus

РЕR

Сүйрік

Стерлядь

Асipenser ruthenus

RUТ

Шоқыр

Севрюга

Асipenser stellatus

SТЕ

Қортпа

Белуга

Huso huso

HUS

Ескектұмсық

Веслонос

Роlуоdоn spathula

SРА

Калуга

Калуга

Нusо dauricus

DАU

Аралас түрлер (Тығыздалған уылдырық)

Различные виды (Паюсная икра)

Міхеd sресіеs (Fоr 'ргеssеd' саvіаr ехсlusіvеlу)

МІХ

  Ішкі және сыртқы нарықтарда
сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын
таңбалау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің Орман
шаруашылығы және жануарлар
комитеті
кімнен______________________
(заңды тұлғаның толық атауы),
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
мекен жайы__________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны)
көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері
___________________________
___________________________
(бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру
нөмірі)

ӨТІНІШ Ішкі нарықтағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбаларын беруді сұраймын.

      Уылдырық түрлері туралы мәліметтер:

Уылдырық түрі

Түрлері бойынша мөлшері және сыйымдылық көлемі

1.1

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Латын тілінде

Сыйымдылық саны (дана)

Бір сыйымпдылық көлемі (килограмм)

Уылдырықтың жалпы көлемі (килограмм)

1.2







1.3







2.

Үлгінің шығу тегі (отандық-табиғи, отандық-жасанды, импортталған, тәркіленген)


3.

Егер, өтініш берілген уылдырық табиғи болса, заңдылығын растайтын Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 26-бабының 1-3-тармағына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі беретін қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні


4.

Егер, өтініш берілген уылдырық жасанды болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса)


5.

Егер, өтініш берілген уылдырық импортталған болса, Құрып кету қаупi төнген жабайы флора мен фауна түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған рұқсаттың (-тардың) нөмірі және күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20____жылғы "___" ________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

      субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда))

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі (қатынау арнасы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) ;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 2 (екі) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалары немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Ішкі нарыққа арналған таңбалардың құны және төлемақысының мөлшері жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып анықталады және Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары" кіші бөлімінде орнастырылады.
Төлемақы жасау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма қол ақшалай немесе қолма қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетеді, электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы броньдауға болады.
3) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл үшін - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) егер өтініш жасалған уылдырық:
табиғи болса - алып сату шартының көшірмесі;
тәркіленген болса - бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмелері;
жасанды болса - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат;
4) таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының көшірмесі;
Порталға:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) егер өтініш жасалған уылдырық:
табиғи болса - сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі;
жасанды болса - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын алу туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
3) таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы және (немесе) қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны жөніндегі хабарлама туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және (немесе) кері әкетуге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына келмеуі сәйкес;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетіледі. Бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414, 8 800 080 7777.

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын алу туралы ақпарат

Р/с №

Балық түрі

Балықтың саны мен жасы

Балықтың салмағы

Алынған уылдырық салмағы

Уылдырық алу тәсілі (сауып алу тәсілі (тірідей) немесе кесер тілігі тәсілі)

1

2

3

4

5

6













      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер, ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты, тегі (бар болса), қолы, мөр орны (жеке кәсіпкерлік

      субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда))

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін осы Қағиданың 13-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      _________________________________________________;

      _________________________________________________;

      _________________________________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты, "Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішіңізді қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, қолы)

      Орындаушы:_______________________________________________________________

      (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, қолы)

      Телефоны:_________________________________________________________________

      Алдым:___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi, қолы)

      20___жылғы "_" _____________

  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Ішкі нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы

Өтінім берушінің атауы

Алынған таңбалардың нөмірі және саны

Жүккұжат нөмірі

Таңбалардың берілген күні

Таңбаның түрі, сыйымдылық және уылдырық көлемі

Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмері немесе бизнес сәйкестендіру нөмері

Почта байланысы немесе курьер арқылы таңбалардың берілген күні

Почта байланысының деректері, курьердің қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















  Ішкі және сыртқы нарықтардағы
сауда үшін бекіре тұқымдас
балық түрлерінің уылдырығын
таңбалау қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының саудасына арналған таңбаларды есепке алу журналы

Жеке немесе заңды тұлғаның атауы

Таңбалар нөмірі және саны

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға арналған рұқсат нөмірі

Сыйымдылық саны және уылдырық көлемі

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмiрі немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендiру нөмiрі

1

2

3

4

5

6














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады