Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10869 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері жекелеген аумақтар үшiн белгiленеді және қоршаған орта сапасын бiрте-бiрте жақсарту қажеттiгi ескерiле отырып, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерiнiң белгiлi бiр уақыт кезеңiне арналған шектi деңгейiн реттейдi.
3. Мыналар қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу үшін негіз болып табылады:
1) өңірдегі экологиялық ахуалды талдау;
2) өндірістік күштерді едәуір өзгерту перспективалары;
3) қоршаған ортаның сапасына қойылатын қосымша талаптары бар рекреациялық аймақтарды, ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру жөніндегі жоспарлар;
4) қоршаған орта объектілеріндегі аялық шоғырланулардың қоршаған орта сапасының қабылданған нормативтерінен асып түсуі туралы ақпарат.
4. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде әзірлейді.
2-тарау. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәpтiбi
5. Қоршаған орта сапасының әртүрлi нысаналы көрсеткiштерi:
1) қоныстану аумағы;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) шөл және шөлейт аудандар;
5) су объектiлерi үшiн белгiленуi мүмкiн.
6. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) экологиялық ахуалды талдау;
2) қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі экономикалық мүмкіндіктерді зерделеу;
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу өлшемдерін анықтау:
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеуге арналған негіздерді айқындау;
адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау;
қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін белгілеу қажеттілігін айқындау;
4) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің тізбесі мен мәндерін қалыптастыру.
7. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде адам денсаулығы мен құнды экологиялық жүйелер үшін қауіп-қатерді бағалау бекітілген санитарлық-гигиеналық нормативтерге, токсикологиялық дерекқорларға, эпидемиологиялық зерттеулердің материалдарына сәйкес жүргізіледі.
8. Әзірленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері мынадай мәліметтерді қамтитын талдау ақпараты (есеп) түрінде ресімделеді:
1) өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы;
2) өндірістік күштердің дамуын талдау;
3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі;
4) өңірде бұрын белгіленген қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін және оларға қол жеткізу нәтижелерін талдау;
5) экологиялық ахуалды, экологиялық қауіп-қатерлерді талдау;
6) зертханалық зерттеулердің деректері;
7) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қабылдаудың болжамды ахуалдары мен салдары туралы деректер;
8) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің кестесі;
9) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі шаралар кешені;
10) техникалық емес түйіндеме.
9. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу:
1) тұтастай және кезең-кезеңімен қолжетімді;
2) сандық және сапалық параметрлермен сипатталуға;
3) бақыланатын және тексерілетін болуға тиіс.