"Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-55/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.10.2022 № ҚР ДСМ-111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 наурыздағы №126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16793 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы О. Абишев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      Қазақстан Республикасы

  Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 22 мамыры
№ ҚР ДСМ-55/2020 бұйрығына
1 қосымша
  "Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға
қарсы, санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

      Әкімшілік деректерді

      жинауға арналған нысан

Халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарыныңорындалуы туралы есеп

      Есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.

      Әкімшілік деректердің нысаны kkkbtu.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі:_1ФГ бойынша есеп__

      Кезеңділігі: өсу реті қорытындысымен ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы _____________ (айы)

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16381 болып тіркелген) бекітілген туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдар, оның ішінде "жоғарғы қауіп" тобының адамдары

_____ жылға жоспар

Өспелі есепті кезеңдегі жоспар

Жоспарды өспелі орындау

%

Туберкулезбен ауыратын адам анықталды

%

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      ______________________________________________________________________

      Кестеге түсініктеме:

      Аудан (қала) бойынша халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы есеп медициналық ұйымдары (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдары терапевтік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер бөлінісінде жасалады.

      1-бағанда "№" реттік нөмір толтырылады;

      2-бағанда әрбір жолда туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдар, оның ішінде "қауіп" тобының адамдары және жеке "Жиыны", оның ішінде "қауіп тобы", "міндетті контингент" толтырылады;

      3-бағанда белгілі бір жылға флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары толтырылады;

      4-бағанда өсуімен есепті кезеңдегі флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары толтырылады;

      5-бағанда өсуімен есепті кезеңдегі флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдардың саны абсолюттік сандарда көрсетіледі;

      6-бағанда жоспарланған сан ішінде флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдарды қамтудың үлес салмағы есептеліп, көрсетіледі, пайызбен;

      7-бағанда туберкулезбен анықталған адамдар саны абсолюттік сандарда көрсетіледі;

      8-бағанда флюорографиялық зерттеп-қараудан өткен адамдар саны ішінде туберкулезбен анықталған адамдардың үлес салмағы есептеліп, көрсетіледі.

  Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 22 мамыры
№ ҚР ДСМ-55/2020 бұйрығына
2 қосымша
  "Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға
қарсы, санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша

      Әкімшілік деректерді

      жинауға арналған нысан

Манту сынамасын қою жоспарыныңорындалуы туралы есеп

      Есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.

      Әкімшілік деректердің нысаны kkkbtu.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі:_1 Манту бойынша есеп__

      Кезеңділігі: өсу реті қорытындысымен ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы ______________ (айы)

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 994 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16381 болып тіркелген) бекітілген туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Манту сынамасы бойынша қарап тексеруге жататын контингент

_____ жылға жоспар

Өсіммен есепті кезеңдегі жоспар

Есепті айда жоспардың өсім мен орындалуы

(%) қамтудың үлес салмағы

Виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталды

Туберкулезді рекомбинантты аллерген препаратымен тексерілген

Химиялық профилактикамен қамтылды

барлығы

%

барлығы

%

1

2

3

4

5

6



7

8

9























      Орындаушы _____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      ________________________________________________________________

      Кестеге түсініктеме:

      Аудан (қала) бойынша Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп медициналық ұйымдары (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдары педиатрлік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектептер бөлінісінде жасалады.

      1-бағанда "№" реттік нөмір толтырылады;

      2-бағанда Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын контигенттін тізімі, оның ішінде "жоғарғы қауіп" тобындағы балалар толтырылады;

      3-бағанда белгілі бір жылға Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарау жоспары толтырылады;

      4-бағанда өсіммен есепті кезеңдегі Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарау жоспары толтырылады;

      5-бағанда жоспарланған контингент ішінде өсіммен есепті кезеңдегі Манту сынамасы бойынша зерттеп-қараумен қамтылғандардың адамдар саны көрсетіледі;

      6-бағанда жоспарланған контингент ішінде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарумен қамтылғандардың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі;

      7-бағанда виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдар саны абсолюттық сандарда көрсетіледі;

      8-бағанда зерттеп-қаралғандар саны ішінде виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдардың үлес салмағы есептеліп,пайызбен көрсетіледі;

      9,10-бағандарда туберкулезді рекомбинантты аллерген (Диаскинтест) препаратымен тексерілген адамдар саны және үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі;

      11-бағанда фтизиатр дәрігерде толық тексерілгеннен кейін виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталған адамдар ішінде химиялық профилактикамен қамтылған адамдардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады