"Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20731 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпандағы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу", "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.";

      4-1 және 5-1-тармақтар алынып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Спорт түрінен (түрлерінен) республикалық спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.

      9. Спорт түрінен (түрлерінен) өңірлік спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.";

      11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібі

      13. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      14. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      15. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері төрт жұмыс күні ішінде спорт федерацияларын аккредиттеу туралы комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысында қарау үшін құжаттар топтамасын дайындауды жүзеге асырады.

      Құжаттарды қарау үшін уәкілетті органның жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.

      17. Комиссия құжаттарды қарайды және қарау қорытындысы бойынша уәкілетті органға:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.

      Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      18. Комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның бұйрығы, комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - дәлелді бас тарту шығарылады.

      19. Уәкілетті органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) дайындау және қол қою жүзеге асырылады.

      20. Куәлік жоғалған жағдайда спорт федерациясы бұл туралы оны берген уәкілетті органға хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.

      Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы уәкілетті органға портал арқылы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      21. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінеді.

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      22. Жергілікті атқарушы орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      23. Жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      24. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері төрт жұмыс күні ішінде комиссияның отырысында қарау үшін құжаттар топтамасын дайындауды жүзеге асырады.

      Құжаттарды қарау үшін жергілікті атқарушы орган жанынан кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.

      25. Комиссия құжаттарды қарайды және қарау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.

      Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      26. Комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның бұйрығы, комиссияның теріс шешімі болған жағдайда дәлелді бас тарту шығарылады.

      27. Жергілікті атқарушы органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті дайындау және қол қою жүзеге асырылады.

      27-1. Куәлік жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы оны берген жергілікті атқарушы органды хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.

      Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы куәлікті қайта ресімдеу туралы жергілікті атқарушы органға портал арқылы өтініш береді.

      Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      27-2. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұрау салуды) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      27-3. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.

      27-4.Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы:

      спорт түрін (түрлерін) ағымдағы жай - күйін және дамуын талдауды, соның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарын құру және дамыту туралы;

      халықтың әртүрлі топтары арасында өткізілген және жоспарланған спорттық іс-шаралар бойынша;

      спорт жарыстарына және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың денсаулығын қорғауды және нығайту шарттары туралы;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды жаттығуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету туралы;

      спорт федерациясының қызметін қаржыландыру көздері туралы;

      спорт түрін (түрлерін) жақсарту бойынша ұсыныстар туралы ақпаратты қамтиды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу тәртібі";

      29-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңның 7-бабына сәйкес республикалық немесе өңірлік мәртебесін сәйкесінше растамаса;";

      4-тарау мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      37. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық

      даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 144 бұйрығына
1-қосымша
  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

"Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат - ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 740600, 740852 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 144 бұйрығына
2-қосымша
  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі - өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында: www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​sport "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414,
8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 144 бұйрығына
3-қосымша
  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



      Спорт федерациясын аккредиттeу туралы

      КУӘЛIК

      №_____

      ________________________________________________________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе

      жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және

      ________________________________________________________________________________

      және заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе

      астана көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)

      дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.

      Мөр орны_____________________ __________________________________________________

      (қолы)                        (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы

      органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)

      Берілген күні: 20 __ ж. "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады