Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-303/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 175-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелді, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 2 болып жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-2,10-3 және 10-4-тармақтармен толықтырылсын:
"10-2. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өту туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға веб-портал арқылы жугінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10-3. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
10-4. Ақпараттық жүйеде ақау туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы туралы операторға хабарлайды.
Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.";
мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
"17-2. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдануға құқылы.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | Е. Биртанов |
"Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) біліктілігін арттырудан өткені туралы: осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін - жеке тұлғаларға |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда (дүйсенбі - жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс күндерін қоспағанда (сенбі, жексенбі) және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес; |
8 | Құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті (не сенімхат бойынша оның өкілінің) |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген |
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары және байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |