"Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20739 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14801 болып тіркелген, 2017 жылы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтінім беруші инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға "Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14800 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) береді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінім тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидаларының 4-тармағында көрсетілген өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарау үшін арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      2020 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "__"__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады