"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бекітілсін:
1) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі-Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді беруші) көрсетеді.
4. Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және Комиссияның қарауына береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Құжаттарды комиссияның қарауына берген күннен бастап көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын комиссия күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қаралады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін орнын және тілін (қазақ немесе орыс) айқындайды.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ұялы телефонға смс-хабарлама беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарлайды.
Аттестаттаудан өткізу мерзімін өтініш пен аттестаттаудан өту күні негізінде ұсынылған құжаттарды есепке ала отырып, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде анықтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
10. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқалары мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындайтын үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлер арасынан Комиссия хатшысын тағайындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия құрамы Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес бекітіледі.
11. Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
12. Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;
2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.
14. Тестiлеуге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті бекiтедi. Үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын білуге арналған сұрақтар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.
Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не тиісті сападағы стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тігіледі және Комиссияның материалдарымен бірге сақталады.
Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер, осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көзделген тәртіппен шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
16. Комиссия отырысында еркін нысандағы хаттама (бұдан әрі - хаттама) жүргізіледі, онда отырысты өткізу күні, уақыты және орны, аттестатталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестатталушының жауаптары, комиссия мүшелері қойған баллдар және емтихан билетінің сұрақтары бойынша жалпы орташа балл, сондай-ақ Комиссияның шешімі көрсетіледі.
Хаттамаға аттестаттау өткізуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
17. Психологиялық тест орындауға жіберілген жалпы уақыт - 20 (жиырма) минут, заңнаманы білуге арналған тест - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест тапсырғанға дейін психологиялық тестілеуден өтеді.
18. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады және аяқталғаннан кейін бірден жеке қол қою арқылы үміткерге танысу үшін ұсынылады.
Тест өтуге белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін, бағдарламма автоматты түрде жабылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуге өтеді.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.
19. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.
20. Екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 (он) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмаға жауаптарының дұрыстығын комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері қойған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балл шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балдарының жалпы санын қатысып отырған Комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 есептеу кезінде 3,3 ретінде бағаланады, 4,2 есептеу кезінде 4,2 бағаланады және бұдан әрі осылайша.
Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ практикалық тапсырма бойынша аттестатталушы жинаған жалпы орташа балл хаттамада көрсетіледі.
Егер жалпы орташа балл төрт және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
21. Аттестаттаудың екінші кезеңі үшін практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы өзі дербес қалыптастырады.
Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды.
22. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы дәлелді шешім не 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттамау туралы шешім мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлфлық қолтаңбасымен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі Заңның 40-бабының 10-тармағына сәйкес ол шығарылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу себебі бойынша, еңсерілмейтін күш салдарынан қатысудың мүмкін еместігі, құжатпен расталған өзге де жағдайлар туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде) Комиссияның келесі отырысына осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіппен шақырылады.
Үмiткер қайта келмеген немесе дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қараусыз қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
26. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz; www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
лицензияны беру кезінде - 15 (он бес) күнтізбелік күн |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: | Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге мені жіберулеріңізді сұраймын.
Осымен: анық деректер бергенім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салмаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділіктің шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.
Жеке тұлға ________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:_______
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны
__________________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі)
I. Дипломы туралы деректер:
1. Жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________
2. Мамандық коды __________________________________________________________
3. Диплом нөмірі ___________________________________________________________
4. Дипломды беру күні ______________________________________________________
5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дипломның немесе
нострификациялаудың немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжаттың берілген күні:
1. Сериясы және нөмірі ______________________________________________________
2. Негіздемесі: күні және нөмірі _______________________________________________
3. Тіркеу нөмірі және күні____________________________________________________
II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________________
2. Адвокаттар алқасы ________________________________________ облыстар/қалалар
3. Тағылымдама басшысы____________________________________________________
4. Тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі ___________________________
5. Тағылымдаманың басталу күні______________________________________________
6. Тағылымдаманың аяқталған күні____________________________________________
Жеке тұлға ________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:____
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Аттестаттау туралы шешім
______________ қаласы 20__ ж. "___"__________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________ жинады:
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
практикалықтапсырма бойынша _________ балл
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
Аттестаттау _______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Аттестаттамау туралы шешім
______________ қаласы 20____ ж. "____"__________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша
__________________________________________________ жинады:
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
тестілеу бойынша ____________________ балл
практикалық тапсырма бойынша _________ балл
Келесі құрамдағы комиссия:
Төраға
Мүшелері
Шешім қабылдады:
Аттестаттамау _____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрыққа 2-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді және "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adilet.gov.kz www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияны алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және жауапты орындаушыға орындауға береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3 қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 20 (жиырма) минут |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: | Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу үшiн жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мыналарды құрайды: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi - демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:-www.adilet.gov.kz, порталда орналастырылған. |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi
_______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________ жүзеге асыру үшін
(қызметтiң түрi толық атауы көрсетiлсiн)
лицензия беруiңiздi сұраймын.
Байланыс деректері_________________________________________________________
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға _____________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны
________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
барлық адамдар толтырады
І. Диплом туралы мәліметтер
1. Жоғары оқу орнының атауы ______________________________________________
2. Мамандық атауы _______________________________________________________
3. Мамандық шифры ______________________________________________________
4. Диплом нөмірі _________________________________________________________
5. Дипломның берілген күні ________________________________________________
6. Дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні _____________
7. Дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі ___________________
(6, 7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
Адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
ІІ. Адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні
________________________________________________________________________
2. Облыс ________________________________________________________________
3. Тағылымдаманың жетекшісі _____________________________________________
4. Тағылымдаманың басталған күні _________________________________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________________
ІІІ. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі
1. Қала _________________________________________________________________
2. Өткізілген күні ________________________________________________________
3. Қарау мәртебесі _______________________________________________________
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін
ІІ. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру
1. Өткізілген күні _________________________________________________________
2. Қарау мәртебесі
ІІІ. Сотта облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірімен тағылымдамадан өту
1. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының болған күні
2. Облысы
3. Тағылымдаманың басталған күні
4. Тағылымдаманың аяқталған күні
ІV. Адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні
________________________________________________________________________
2. Облыс ________________________________________________________________
3. Тағылымдаманың жетекшісі _____________________________________________
4. Тағылымдаманың басталған күні _________________________________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________________
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін
ІІ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер
1. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі _____________________
2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні ___________
3. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың нөмірі ________________________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні ______________
5. Босату негізі ___________________________________________________________
Теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін
ІI. Адвокаттан тағылымдамадан өтуі туралы қорытынды
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні
________________________________________________________________________
2. Облыс ________________________________________________________________
3. Тағылымдаманың жетекшісі _____________________________________________
4. Тағылымдаманың басталған күні _________________________________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________________
ІІІ. Прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес атқаратын қызметiнен босатылу себептерi қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесі - теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі.
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты жеке
сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға 20___ жылғы "____" № __________,
________________________________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға _________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
|
нысаны |
Лицензия
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
________________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
______________________________________________________________________ айналысуға
_________________________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)
Ерекше шарттары __________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы
Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: __________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Берілген орны ____________________________
Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 3-қосымша |
1. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11096 тіркелді);
2. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1461 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қазанда № 17595 болып тіркелді);
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 540 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19588 болып тіркелді).
4. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы және "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1466 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17529 болып тіркелді);
5. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11648 тіркелді.);
6. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1554 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17802 болып тіркелді).