Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20795 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36, 37, 38, 39, 40 және 41 жолдарымен толықтырылсын:

      "

36

"Самрук ЮС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы,
Р. Макашев көшесі, 82 А-үй

Алматы қаласы, Ибрагимов көшесі 9, 116 кеңсесі

37

"Карат LLP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Атырау облысы, Атырау қаласы, Жубанов көшесі 32

Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық данғылы, 48 ғимараты

38

"Асыл-Агро" шаруа қожалығы

Атырау облысы, Атырау қаласы, Солтүстік өндірістік аймағы 49

Атырау облысы, Атырау қаласы, Солтүстік өндірістік аймағы 49

39

"Ast logistic kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұр-Сұлтан қаласы, С308 көшес, 21 ғимарат

Нұр-Сұлтан қаласы, "Байқоныр" ауданы, Абай данғылы 92/3, 157 пәтер

40

"Аралтұз" акционерлік қоғамы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаксықылыш кенті, Д. Менделеев көшесі, 1В ғимараты

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаксықылыш кенті, Д. Менделеев көшесі, 1В ғимараты

41

"Бест Костанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанай қаласы,
Уральская көшесі 50/2

Қостанай қаласы, Уральская көшесі 50/2

      ".

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады