БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 366 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11257 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" құқықтық - ақпараттық жүйесіне 2016 жылғы 22 маусымда жарияланды) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалған, табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес кестенің белгілі бір тармақтары бойынша магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізу тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нормативтік графигіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға уәкілетті органмен жасалған ұзақ мерзімді шарттар мен шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, поездар қозғалысы кестесінің (1 жыл) қолданылуының бір мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.";
11-тармақша 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11). жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда:
әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша - әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамадан үзінді, сондай-ақ жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторымен қызмет көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа темір жол қатынастары бойынша - мемлекеттік субсидиялар Бөлмей, жолаушыларды коммерциялық негізде тасымалдауды жүзеге асырудың орындылығын растайтын уәкілетті органның келісімі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға 2, 3, 4 және 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді, оған мынадай құжаттар және ақпарат қоса беріледі:
1) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша тасымалдаушының поездарды қалыптастыру жоспарының жобасы;
2) ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысан бойынша поездар қозғалысының кестесі мен графигінің жобасы;
3) жоспарланып отырған тасымалдардың жылдық көлемдері (графиктің әр тармағы үшін тоқсандар мен айлар бойынша бөлу арқылы);
4) бағыттар бөлінісінде айлар бойынша бөлінген өткен жылғы жүк тасымалдау көлемдері;
5) Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидасында бекітілген жылжымалы құрам түрінде мемлекеттік тіркеу куәлігі туралы көрсетілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90591, 2015 жылғы 18 маусымдада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған);
6) жылжымалы құрамға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжат;
7) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу базасының болуы туралы құжат немесе мұндай база болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған шарт (шарттар);
8) тасымалдау жоспарланған жылжымалы құрамның:
түрі мен тиесілігі;
тасымалдау жоспарланған вагондардың саны;
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары көрсетілген тізбесі;
9) тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін ұлттық инфрақұрылым операторына ақпарат беру және алмасу үшін қажетті тасымалдау құжаттарын (вагон парақтары және анықтама қағаздары) жасау және өңдеудің техникалық мүмкіндігінің болуын растайтын ақпарат (бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған хат) не болмаса мұндай мүмкіндігі бар тасымалдаушымен жасалған шарт;
10) жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жүктерді тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі;
тасымалданатын жүктердің түрлері туралы ақпарат;
11) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдары жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендердің қорытындылары туралы хаттамадан үзінді көшірме немесе әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша уәкілетті органмен жасасқан шарттың көшірмесі;
12) магистральдық теміржол желісі орналасқан аумақта орналасқан заңды тұлғаны немесе филиалды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;
13) Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша, берешегінің жоқтығы (бар болуы) туралы мәлімет. Егер, мәліметтерде берешек көрсетілген жағдайда, берілген берешектің құрылу мерзімдерін растайтын құжаттарды қоса беру қажет.;
14) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған теміржол көлігін, жүктерді және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттары;
15) соңғы аудиторлық тексеру есебінің көшірмесі және оған қосымша;
16) жоспарланып отырған қызметтер көлемі құнының 0,1 %-ына (оннан бір пайызына) тең мөлшерде инфрақұрылымға қол жеткізуді беруге арналған өтінімнің ақшалай қамтамасыз етілуі (не болмаса аталған сомаға банк кепілдемесі);
17) шартқа қол қою құқығына сенімхат, егер заңды тұлғаның өкілі ретінде бірінші басшы немесе бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға болмаған жағдайда, осы шартқа қол қою кезінде сенім білдірілген тұлға өкілдік етеді;
18) локомотив бригадаларының біліктілігі және олардың қызмет көрсету учаскелерінің жоспарлары мен бейімдерін білуі туралы ақпарат.
Қағидалардың осы тармағының 16) тармақшасында белгіленген талап вагондық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын тасымалдаушыға қолданылмайды.
Осы қағидалардың 19-тармағының 1 және 2 тармақшаларында көрсетілген тасымалдаушының поездарды ұйымдастыру жоспар жобасының, поездар қозғалысының кесте және тізбе жобаларының үлгілері Ұлттық инфрақұрылым операторының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Қағиданың осы тармағының 5), 6), 7), 14), 15), 18) тармақшаларымен орнатылған талаптар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымал жүргізетін тасымалдаушыларға таратылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
20__ жылғы "__"__________