"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 маусымда № 20798 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      6) жүк транзиті - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір елден екіншісіне жүкті тасымалдау, оның процесінде жүк Қазақстан Республикасының темір жол станциясына келетін және (немесе) мынадай операциялардың бірін немесе бірнешеуін орындай отырып, темір жол станциясынан Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кететін: тұрақ, қайта тиеу, қоймалау, ұсақтау, орындарды, массаны өзгерту, жүктің массасының, санының және көлік түрінің өзгеруі;".

      мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын:

      "33-1-тарау. Жүк транзиті кезіндегі тасымалдау тәртібі.

      Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау Заңға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 589-1. Жүк транзитіне:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс басталатын және аяқталатын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүкті теміржол көлігімен тасымалдау және бүкіл жүру бағытына ресімделген бірыңғай тасымалдау құжаты (жүк - құжаты) бойынша жүзеге асырылатын;

      2) Қазақстан Республикасының станцияларында қабылданған және Қазақстан Республикасының басқа станциясының тағайындалған ішкі тасымалдау құжаттары бойынша ресімделген, Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін басқа елге әкету үшін автомобиль көлігіне қайта тиелген жүкті бір елден автомобиль көлігімен әкелу;

      3) Қазақстан Республикасының станциясында қабылданған және басқа елдің теміржол станциясына тағайындала отырып, ХЖҚК-нің ресімделген жүкқұжаты бір елден автомобиль көлігімен жүкті әкелу;

      4) Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін басқа елге әкету үшін автомобиль көлігіне қайта тиелген Қазақстан Республикасы станциясының межелі орнына бара отырып ХЖҚК, ЦИМ/ХЖҚК жүк құжатымен ресімделген бір елдің теміржол станциясынан жүкті теміржол көлігімен әкелу;

      5) Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін басқа елдің теміржол межелі станциясының теміржол көлігімен жөнелтілген, Қазақстан Республикасы станциясының межелі орнына бара отырып ХЖҚК, ЦИМ/ХЖҚК жүк құжатымен ресімделген жүкті, бір елдің теміржол станциясының теміржол көлігімен әкелу;

      6) Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін басқа елдің теміржол станциясының межелі орнына бара отырып, ХЖҚК жүкқұжатымен ресімделген теміржол көлігімен жөнелтілген Қазақстан Республикасы станциясының межелі орнына бара отырып, ХЖҚК жүк құжатымен ресімделген жүкті бір елден теңіз көлігімен әкелу;

      7) Ішкі тасымалдау құжаттары бойынша Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының басқа станциясына тағайындала отырып жөнелтілген, жүк басқа елге әкету үшін автомобиль көлігіне қайта тиелген Қазақстан Республикасының басқа станциясына тағайындала , межелі орнына бара отырып, ХЖҚК жүк құжаты бойынша ресімделген жүкті елден теңіз көлігімен әкелу;

      8) Қазақстан Республикасының межелі станциясына келгеннен кейін, Қазақстан Республикасының басқа станциясының межелі орнына бара отырып, ішкі тасымалдау құжаттары бойынша жіберілген, басқа елдің теміржол станциясының межелі жеріне бара отырып, жүк ХЖҚК жүкқұжаты бойынша теміржол көлігімен жөнелтілген, Қазақстан Республикасының станциясында ХЖҚК, ЦИМ/ХЖҚК жүкқұжаты ресімделген, жүк бір елдің теміржол станциясынан теміржол көлігімен әкелу.

      589-2. Ережелері осы Қағидалардың 589-1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына қолданылмайды:

      - Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы бойынша өткізілетін Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасына меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі.

      - Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасына меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі және өз біліктерінде жүк ретінде жүретін бос вагондарды тасымалдау;

      - Тасымаладауға әкелінген тауарлардың мемлекет кеден одағына мүше елдерден, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген салықтар, алымдар және төлемдер, сондай-ақ жүргізілді кедендік тазарту.

      589-3. Осы Қағидалардың 589-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда жүктерді тасымалдағаны үшін төлеу есептері Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерге (шартарға) сәйкес жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 589-1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) 8) тармақшасына сәйкес қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерде (шарттарда) көрсетілген қағидалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы тасымалдаушының тарифтік басшылығында (прейскурантта) көрсетілген есептеу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 589-1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) 8) тармақшасына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті.

1-параграф. Транзиттік жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі.

      589-4. Жүк жөнелтушінің өкілі транзиттік жүкті тасымалдауға ұсынғанға дейін бір тәулік бұрын транзиттік жүкті әкелу/әкету тәсілін, орнын және транзиттік жүк әкелінген көлік түрін көрсете отырып, жоспарланған транзиттік жүкті жөнелту туралы тасымалдаушыны жазбаша хабардар етеді.

      Жөнелту станциясында транзиттік жүкті тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтуші тауарға ілеспе және өзге де құжаттарды ұсынады (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк декларацияларды).

      Тасымалдаушы жүк транзиті кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттарда мәліметтердің дұрыстығын тексереді.

      Егер тасымалдау шарты жасалғанға дейін теміржол көлік жүк құжатында осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттарға толық емес және (немесе) сәйкес келмейтін мәліметтер анықталса, жүк жөнелтуші жаңа теміржол көлік жүк құжатын жасайды.

      Жаңа жүк құжатты рәсімдегенге дейін тасымаладаушы жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартады.

      Транзиттік жүкті тасымалдағаны үшін тиесілі барлық төлемдерді және транзиттік жүкті тасымалдауға байланысты өзге де төлемдер мен алымдарды жүк жөнелтуші, экспедитор жүк жөнелтілген сәтке дейін енгізеді. Тасымалдау ақысының сомасын көрсете отырып, жүкті қабылдаудағы түбіртекті (ал халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде - жүкқұжаттың телнұсқасы) тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде жөнелту станциясындағы тасымалдаушының өкілі жүк жөнелтушіге береді.

      Тасымалдаушы жүкті тасымалдағаны үшін төлем және жүкті бұрын тасымалдағаны үшін өзге де тиесілі төлемдер енгізілгенге дейін жүкті тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұрады.

2-Параграф. Жүкқұжатты және тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәртібі.

      589-5. Басқа елдердің теміржол станцияларының межелі жеріне бара отырып, халықаралық қатынаста одан әрі тасымалдаумен басқа көлік түрлерімен ҚР-на әкелінген транзиттік жүкті тасымалдауға жүк жөнелтуші ұсынған кезде ХЖҚК жүкқұжатын ресімдеу мынандай тәртіпте жүзеге асырылады:

      ХЖҚК жүк құжатының "жөнелтушінің өтініші" деген бағанда белгі қойылады: "__________________" (бастапқы жөнелту елі көрсетіледі) ___________ көлікпен (көліктің түрі көрсетіледі) әкелінген.

3-параграф. Жүкті беру тәртібі.

      589-6. Тасымалдаушы жүкті беру кезінде ХЖҚК жүк құжатында жүкті басқа көлік түрімен әкету туралы белгінің болуын тексереді, сондай-ақ жүк транзитінің түрін, жүкқұжатқа қоса берілген тауарға ілеспе құжаттар бойынша межелі соңғы елді айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 589-1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      20__ жылғы "__"__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады