"Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Респуликасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 20 мамырдағы № 153, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 72, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 550 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 462 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 маусымда № 20859 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12860 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-2 бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:";

      Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.

      7. Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы миинстрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – ҚМ ҚМК) экономикалық тергеу қызметіне жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҚМ ҚМК сервистері қолжетімді болатын баптар осы Қағидалардың 8-қосымшасында сипатталған.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ҚАО ААЖ пайдалану үрдісінде барлық параметрлерді белгілеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жүзеге асырылады.";

      1-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен

      ** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      2-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      3-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен

      ** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      4-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен

      ** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      5-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) жүктелген өзге міндеттерді шешу барысындағы қол жеткізу құқығы";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен

      ** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      6-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметіне жүктелген өзге міндеттерді шешу барысындағы қол жеткізу құқығы";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * Қысқартылған қызмет ЗТМО – ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен

      ** ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      7-қосымшада ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * ҚМК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған";

      12-қосымшада:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жедел қызметкерлері

+

+

+

+

4

ҚМ ҚМК жедел қызметкерлері

+

+

+

+

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Әкімшілік-құқықтық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі       ________ Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі       __ Е. Тургумбаев

Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры       _______ Г. Нурдаулетов

Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызметтің)
төрағасы       __________ А. Шпекбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады