Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 маусымда № 20864 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 143 бұйрығына
1-қосымша

"Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.

      3. Осы қағидаларды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) учаскелер егжей-тегжейлі көрсетілген карталар.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, мемлекеттік экологиялық және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар жүргізу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 53-бабында белгіленген ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу талаптарына сәйкестігін қарайды және орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісуді дайындайды, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 53-бабында белгіленген ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүкін.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Орманның жай-күйі мен
молықтырылуына әсер ететін
объектілерді салу орындарын
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
____________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
____________________________
жеке тұлғалар үшін – ЖСН,
заңды тұлғалар үшін - БСН

Өтініш

      _______________________________________________________________

      (өтініштің мақсаты)

      _______________________________________________________________

      (құрылыс объектісінің атауы)

      _______________________________________________________________

      (объект салынатын учаскенің атауы)

      _________________________________________________ үшін сұраймын.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы:__________

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың

      қорытындысы:__________________________________________________

      (сараптама нөмірі, сараптама берілген күн)

      20__жылғы _________ № ____________ құрылыс объектісінің орны бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының келісімі.

      Өтінішке қоса тіркелді:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.

      Қолы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  "Орманның жай-күйі мен
молықтырылуына әсер ететін
объектілерді салу орындарын
келісу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша

"Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz (бұдан әрі – портал) "электрондық үкімет" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар тіркелген уақыттан бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтініш;
2) учаскелер егжей-тегжейлі көрсетілген карталардың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 53-бабында белгіленген ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды келiсу талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 143 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.

      3. Осы қағидаларды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртiбi

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, мемлекеттік экологиялық және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар жүргізу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 54-бабында белгіленген мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу талаптарына сәйкестігін қарайды және мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісуді дайындайды, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 54-бабында белгіленген мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүкін.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Мемлекеттік орман қорында
орман шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес
жұмыстарды жүргізуге келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(мемлекеттік органның толық
атауы)
____________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы __
____________________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
____________________________
жеке тұлғалар үшін – ЖСН,
заңды тұлғалар үшін - БСН

Өтініш

      _______________________________________________________________

      (өтініштің мақсаты)

      _______________________________________________________________

      (құрылыс объектісінің атауы)

      _______________________________________________________________

      (объект салынатын учаскенің атауы)

      ________________________________________________ үшін сұраймын.

      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың

      қорытындысы: __________________________________________________

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың

      қорытындысы: __________________________________________________

      (сараптама нөмірі, сараптама берілген күн)

      1. Учаске ___________________________________________________

      (орман мекемесінің атауы)

      _______________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан.

      2. Учаскенің ауданы _____________ гектар, оның ішінде:

      орман, орман көмкерген _________ гектар, орман,

      орман көмкермеген _______ гектар,

      оның ішінде орман екпелері ________ гектар,

      алқаптар _________ гектар,

      шабындықтар ___________ гектар,

      жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар,

      жайылымдар _______ гектар,

      жолдар ___________ гектар,

      басқа жерлер ______ гектар.

      3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады:

Жер атауы

Орам нөмірі

Телім

Учаске алаңы

Құрамы

Жас сыныбы

Жуандығы

Сүрек қоры

кәделік

отын














































      4. Орман қорының санаты___________________________________

      5. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері ________________

      _______________________________________________________________

      6. Геологиялық-жер сипаттамасы ______________________________

      _______________________________________________________________

      7. Әкімшілік ауданның ормандануы ____________________________

      10. Сұралып отырған алқапты беру шарттары:

      а) беру мерзімі _____________________________________________________

      б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері_________

      в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қоса тіркелді:

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.

      Қолы _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  "Мемлекеттік орман қорында
орман шаруашылығын жүргізуге
байланысты емес жұмыстарды
жүргізуге келісу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша

"Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz (бұдан әрі – портал) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар тіркелген уақыттан бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанындағы өтініш

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодекстің 54-бабында белгіленген мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргiзу талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электронды цифрлық қолы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады