"Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 маусымда № 20876 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.06.2022 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мына өзгерістер енгізсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      2015 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабының 2-тармағының 24) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтын (бұдан әрі - ұлттық институт) тарта отырып, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік қолдау шараларын акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері пайдалана алмайды.";

      6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – индустриялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кәсіпорынның құзыретін:

      еңбек өнімділігін арттыру және/немесе 4.0 Индустрия технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыруға;

      Ұзақтығы 1 (бір) айдан аспайтың инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, оның ішінде шетелде кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлауға, ұзақтығы – 3 (үш) айдан аспайтын инженерлік-техникалық персоналдың, өндірістік персоналдың, оның ішінде топ-менеджерлердің, оның ішінде шетелде біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу;

      шетелдік жұмыскерді тартуға:

      осы тармақтың тиісінше 3) және 4) тармақшаларында көзделген технологиялық процесті жетілдіру және/немесе өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру және/немесе 4.0 Индустрия технологияларын (элементтерін) енгізу мақсатында еңбек шарты бойынша;

      еңбек шарт немесе өтеулі қызмет көрсету шарт бойынша өнімді (көрсетілетін қызметті) жылжыту мақсатында жұмсалатын шығындарды өтеу.

      Осы Қағидалардың 31-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шетелдік қызметкер тартылады;

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Өтініш берушінің шетелдік жұмыскерді тарту кезінде келтірген шығындарды өтеумен еңбек шартына немесе өтемсіз қызмет көрсету шартына сәйкес жұмыстарға, сонымен қоса өтелетін кезең ішінде бір рет көрсетілетін жұмыстар орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолына ақы төлеу көзделген және тартылған шетелдік жұмыскердің тұруына жұмсалған шығындар (шығындар болған кезде), тәуліктік шығындар қамтылмаған.";

      29-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;

      5) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;

      6) орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін.";

      30-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жабдықтын шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:

      жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты немесе т.б.);

      жабдықты пайдалану жөніндегі басшылықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);

      жабдық фотосуреттері;";

      30-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жабдықты монтаждау, іске қосу-баптау жұмыстары және оларға техникалық қызмет көрсету, тәжірибелік үлгілерді дайындау жөніндегі шығындар бойынша:

      жабдықты/тәжірибелік үлгіні қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдау-беру актісі, қорларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты немесе т.б.);

      жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықтың дайындалған күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (болған жағдайда техникалық паспорт);

      жабдықтың/тәжірибелік үлгінің фотосуреттері.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалатын шығындарды өтеуін алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі - өтінім);

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі (бұдан әрі - есеп);

      3) өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) жылжыту мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде-еңбек шартының немесе ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі);

      4) тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбек төлемін растайтын төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостарының, төлем ведомостарының (бар болса), заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) (ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан кезде – төлем құжаттардың, тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен қызмет актісінің(тарының) көшірмелері);

      5) осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      6) эконом класс тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар бар болатын кезде;

      7) өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі үшін 200-02 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға 2-қосымша) нысанының, уәкілетті органның құжатты қабылдағандығы туралы белгісі бар барлық толықтыруларымен бірге көшірмесі;

      8) тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі.

      Шетелдік жұмыскерде еңбек шартын немесе ақылы қызмет көрсету шартын жасасу сәтінде:

      1) техникалық және кәсіби білімі немесе жоғары білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс ұсынылатын қызметтер (орындалатын жұмыстар) саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл болуы керек.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Осы Қағидалардың 29, 30 және 31-тармақтарында өтініш беруші ұсынатын құжаттардың толық тізбесі айқындалады. Бұл ретте, қажет болған жағдайда ұлттық институт қосымша құжаттарды сұратуға және өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуға құқылы.

      Осы Қағидалардың 29-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында және 31-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Кодексі және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделеді;

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Индустриялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 4-тарауына және осы Қағидалардың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес "Индустриялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша ұлттық институт немесе Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мониторинг:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудағы проблемаларды уақтылы анықтау;

      2) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

      3) осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтініш берушілер туралы ақпарат жиынтығын қамтыйды;

      4) ұлттық институт ұсынылған қолдау шарасы шеңберінде шығындары өтелген өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығуға құқылы.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Мониторингті жүзеге асыру мақсатында ұлттық институт өтініш берушілерден мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есепті қалыптастыру үшін деректерді сұратады.

      Мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді есептеу үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда ұлттық институт уәкілетті мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі"

      60. "Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға арналған шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы тарауға сәйкес "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      61. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетңлетін қызмет стандарты) негізінде көрсетіледі.

      62. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және/немесе заңды тұлғалардың – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер) тиесілі индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен басқа отандық өңделген тауарларды, жұмыстард, көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықта жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) өтініш арқылы көрсетеді:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      63. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінім мен құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, өтінімді тіркеуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінімдер мен құжаттарды олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда, өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі) және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      64. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация қызметкеріне өтінімді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда өтінімді тіркеуден бас тартады және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді, көрсетілетін қызметті алушының деректерін электрондық өтінімге енгізеді, оған көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу арқылы (PDF форматында) енгізеді және құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйе және пошта арқылы бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      65. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген өтінімдер мен құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші тіркеген сәттен бастап 11 (он бір) жұмыс күнін құрайды.

      66. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін не көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнындағы адам қол қойған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді жауап ресімдейді.

      67. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол немесе почта арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы 11 (он бір) жұмыс күнінен кейін өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау туралы өтінімді беру кезінде берілген қолхатпен жүгінеді.

      68. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      70. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік корпорация, уәкілетті орган-оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      71. Уәкілетті органның, мемлекеттік корпорацияның, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажетті болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      72. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес Қағидаларға 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифралық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдауды ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды ұсыну үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіп кешені

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.07

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндіру

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі

13

Текстиль бұйымдарын өндіру

14

Киім-кешек өндірісі

15

Тері және оған қатысты бұйымдар өндіру

16

Ағаш және тығын бұйымдарын өндіру, жиһаздан басқа, сабаннан бұйымдар жасау және өруге арналған материалдар

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

31

Жиһаз жасау

Химия және фармацевтика өнеркәсібі

19.20

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтика өнімдері мен препараттарын өндіру

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

Атауы

1

2

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минерал өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өнеркәсібі

25

Дайын металл бұйымдар өндірісі, машиналар мен жабдықтардан басқа

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электрлік жабдықтар өндірісі

28

Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

33.1

Дайын металл бұйымдарды, машиналар мен жабдықтарды жөндеу

33.2

Өнеркәсіп техникасы мен жабдықтарының монтажы

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

38.21

Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою

38.22

Қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою

38.32

Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату

82.92

Буып-түю

Көлік және қоймалау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
2-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық дамыту
институты
_______________________
(ұлттық институттың атауы)
_______________________
(өтініш берушінің атауы)

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      1. Өтінім берушінің атауы

      2. Заңды және нақты мекенжайы (индексі, облысы, қаласы/ауданы, елді мекені, көшесі, телефоны) (болған жағдайда)

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)

      4. Өтінім берушінің БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      5. Орындаушының БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жағдайда)

      6. Өтінім берушінің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні

      7. Орындаушының мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі (болған кезде) мен күні (егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылаған жағдайда)

      8. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)

      9. Шығарылатын өнімнің атауы

      10. Жылына ағымдағы еңбек өнімділігі (адам/мың теңге және адам/мың АҚШ доллары)*

      11. Өтінім беруші мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламалардың қатысушысы болып табылды (табылады) ма? (егер "иә" деп жауап берілсе, онда мемлекеттік қолдауды алған жылын, қандай Бағдарламалардың шеңберінде және мемлекеттік қолдаудың қандай шараларын алғанын көрсетіңіз) (мысалы, 2019 жыл, еңбек өнімділігін арттыруға, кәсіпорынның құзыретін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары)

      12. Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) шеңберінде мемлекеттік қолдаудың қандай шарасын пайдалану жоспарланып отыр (қажеттісін белгілеңіз

):

Кәсіпорынның құзыретін арттыру;

Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау;

Технологиялық процестерді жетілдіру;

Өндірістерді ұйымдастыру тиімділігін арттыру;

      13. Өтінім берушінің банк деректемелерін көрсету керек.

      Өтінім беруші аталған өтінішпен ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береді және ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы мен түпнұсқалығы үшін жауапкершілікті өзіне алады.

      Өтінім беруші дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      Өтінім беруші мемлекеттік қолдаудың сұралатын шаралары шеңберінде келтірілген іс-шаралар бойынша шығындардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылмайтындығын растайды.

      Мемлекеттік қолдау шараларын алуға берілетін өтінімді толтырған байланысу тұлғасы (Т.А.Ә.), лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмір, электрондық мекенжайы): __________________.

      Осы Өтінімге мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) _____________________;

      2) _____________________;

      3) _____________________;

      4) _____________________;

      5) _____________________.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Өтінімдітолтырған күні ___________

      Өтінім берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты болған кезде) немесе жеке тұлға

      ____________ ___________________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Мөрдің орны (бар болса)

      Ескертпе:

      * Еңбек өнімділігі жалпы қосылған құнның немесе өндірілген өнім көлемінің (аралық тұтыну бойынша деректер болмаған кезде) жұмыспен қамтылғандар санына арақатынасы ретінде есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
3-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындысы бойынша өтініш берушінің есебі (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса)

      1. Өтініш берушінің және Орындаушының атауы, Орындаушының байланыс деректері (нақты мекен жайы, телефоны)

      2. Өтініш берушінің экономиканың басым секторларындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы

      3. Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) шартының немесе еңбек шартының атауы, күні және сомасы

      4. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) немесе еңбектің қажеттілігін сипаттау

      5. Көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) нәтижелері (күтілетін нәтиже).

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (міндетін атқарушы тұлға (бірінші басшының міндетін атқару туралы растау құжаты бар болатын кезде), жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхаты бар болса) немесе жеке тұлға

      ____________             ___________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
4-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім

____________ қаласы

20 ___жылғы "___"_________

      Бұдан әрі "ұлттық институт" деп атала отырып, __________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________ атынан "QazIndustry" "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы бір тараптан және бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын, ______________________________________ негізінде әрекет ететін _________________________________ атынан (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________, (Өтініш берушінің толық атауы) екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп аталатындар Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы осы Шығындарды өтеу туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1. Ұлттық институт өтінішке сәйкес толықтай көлемде ___________ (сомасы жазумен) теңге сомасында ______________________________________ шығындарды өтеу (шығындар түрі) түрінде Қағидалар шеңберінде "____________________________________________________" мемлекеттік қолдау шарасын (мемлекеттік қолдау шарасының атауы) ұсынуға, ал Өтініш беруші осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізуге міндеттенеді.

      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шетел валютасындағы шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюта бағамына байланысты өтініш берушінің көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға төлем жасаған күніне немесе шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде жалақыны төлеу күніне есептеледі.

      3. Ағымдағы шотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті ақша қаражаты жеткіліксіз болатын жағдайда, ұлттық институт шығындарды өтеуді ағымдағы шотқа бюджеттік бағдарлама әкімшісінен қаражат келіп түскенге дейін тоқтата тұрады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Ұлттық институт:

      1) Өтініш берушіге Қағидаларды іске асырумен байланысты, Келісімді орындауға елеулі ықпал етуге жарамды барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;

      2) осы Келісімге қол қойылған күннен бастап екі жылдың ішінде мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) Ұлттық институтқа индустриялық даму саласындағы уәкілетті органға және ұлттық институтқа бастапқы статистикалық ақпаратты тарату туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әрі қарай жолдау үшін актісіне (актілерге) қол қойған күннен 2 (екі) жыл және 2 (екі) жыл өткеннен кейінгі деректерді қоса алғанда, индустрия саласындағы уәкілетті органға және ұлттық институтқа бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісімді ұсыныды. Шығындарды өтеу туралы келісім жасалған күн ұлттық институтың өтінім беруші шығындарды өтеу туралы келісімге қол қойған күні болып саналады. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімнің қосымшасында келтірілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, ұлттық институттың жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде мониторинг өткізу үшін қажетті деректерді ұсынуға;

      3) мемлекеттік қолдау шарасын алу құқығы туындаған сәттен бастап екі жыл ішінде (өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) актісіне (құжаттарына) қол қойылғаннан кейін) мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін:

      - осы Келісімнің 1 тармағына сәйкес кәсіпорынның өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен кірісінің көлемін кемінде 10%-ға ұлғайтуға мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды мониторингтеуді ұлттық институтың жүргізуі мақсатында өтелетін шығындар бойынша көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар);

      - салық шегерімдерін кемінде 10% -ға ұлғайтуға (корпоративтік табыс салығы үшін).

      4) ұлттық институттың жазбаша сұрау салуына сәйкес, ұлттық институттан оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      5) Келісім шарттары бұзылатын жағдайда, ұлттық институттың шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шарасы бойынша берген ақша қаражатын ұлттық институттан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге;

      6) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуын, уақтылы ұсынылуын және дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары

      6. Ұлттық институт:

      1) Мемлекеттік қолдау шарасы бойынша нысаналы индикаторға қол жетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректер негізінде мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін алуы және/немесе өткізуі мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін өтініш берушіден ақпарат сұратуға;

      2) Осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға және осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда, мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Ұлттық институтқа:

      1) мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) мемлекеттік қолдау шарасының уақтылы ұсынылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

      8. Өтініш берушіге:

      1) мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылатын ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық болуы, уақтылы ұсынылуы және дұрыстығы;

      2) осы Келісімнің 5-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының нысаналы индикаторына қол жеткізу;

      3) осы Келісімнің шарттары бұзылатын жағдайда мемлекеттік қолдау шарасы бойынша шығындарды өтеу түрінде берілген ақша қаражатының уақтылы қайтарылуы үшін жауапкершілік жүктеледі.

5. Құпиялылық

      9. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктің құпиясы, сондай-ақ Тараптар осы Келісімді жасасу және орындау барысында алатын қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жарияланбауға тиіс.

      Өтініш берушінің атауына қатысты ақпарат және мемлекеттік қолдау шаралары, өнделген өтеу сомасы құпия ақпаратқа жатпайды.

      10. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауына не үшінші тұлғаларға беруіне жол берілмейді.

      11. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялауы не таратуы жағдайында, кінәлі Тарапқа осындай ақпаратты жариялау салдарынан екінші Тарапқа келтірілген ықтимал зияндарды өтеумен қоса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік жүктеледі.

6. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      12. Тараптар міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ олардың орындалуын кешіктіргені үшін, егер мұндайлар еңсерілмес күштің (дүлей зілзала немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ Келісім шарттарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғатын әскери іс-қимылдардың, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

      13. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты еңсерілмес күш мән-жайларының басталғаны туралы да, аяқталуы туралы да хабардар етуге міндетті.

      14. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаса, екінші Тарап Келісімді бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы бірінші Тарапты хабардар ете отырып, Келісімді бұзуға құқылы.

7. Даулы мәселелерді шешу

      15. Ұлттық институт және Өтініш беруші олардың арасында Шарт бойынша туындайтын немесе олармен байланысты барлық келіспеушіліктер немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешу үшін бар күшін салуға тиіс.

      16. Егер келіссөздер нәтижесінде ұлттық институт пен Өтініш беруші дауды шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотының қарауына береді.

8. Қорытынды ережелер

      17. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оған қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл бойы қолданылады.

      18. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде ресімделетін және барлық Тараптың уәкілетті тұлғалары қолдарын қоятын кезде жарамды, одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, шот нөмірлері) өзгеретін жағдайда, бірін-бірі кешіктірмей хабардар етеді.

      20. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тараптар осы Келісімді басшылыққа алады.

      21. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін біреуден берілетін бірдей заңды күші болатын екі данада жасалған.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Ұлттық институт:
"QazIndustry "Қазақстандық
индустрия және экспорт орталығы"
акционерлік қоғамы
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса)

Өтініш беруші __________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Мекенжайы:
тел/факс:
БСН/ЖСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөрдің орны (бар болса)

      * Ескертпе:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі);

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      БСК - банктік сәйкестендіру коды.

  Шығындарды өтеу
туралы келісімге
қосымша
  Нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға берілетін келісім (Өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

      _________________________________

      (Өтініш берушінің толық атауы)                   индустриялық-инновациялық даму

      саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі) және ұлттық институтқа ("QazIndustry"

      Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамына) мынадай

      нысандар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісімін береді:

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      кезең аралығында: ________________________________

      көрсеткіштер бойынша: ___________________________

      Өтініш берушінің басшысы _____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөрдің орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
5-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы есебі

      20___ жылдың ________ тоқсаны үшін есеп

      Индекс:1 - ҚИЭО

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.

  мың теңге

Р/с №

Кәсіпорынның атауы

Мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өтініштің келіп түскен күні

Мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Шығындар сомасы

Есептік күнге қаржы берілген сома

Ағымдағы жай-күйі

өтініш берушінің өзінің қатысуы

мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың басшысы:

      ____________________ / Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/(қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға әкімшілік деректерді жинауға арналған "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың мемлекеттік қолдау шарасын іске асыр туралы есебіне" қосымшасында берілген.

  "Индустрияны дамыту
саласындағы ұлттық
институттың мемлекеттік қолдау
шарасын іске асыру туралы
есебі" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Нысанды толтыру бойынша түсіндірме, "Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институттың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасын іске асыру туралы есебі"

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нысан Қағидаларда көзделген мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу мониторингін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

      2. Толтырылған Нысанды "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      3. Көрсеткіштер ағымдағы есептік кезеңнің бірінші күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысанның 2-бағанында Қағидалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шарасын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 3-бағанында Қағидалар шеңберінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 4-бағанында өтініштің келіп түскен күні көрсетіледі.

      9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шарасын ұсыну туралы шешім қабылданған күн көрсетіледі.

      10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қатысу сомасы көрсетіледі.

      11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның 8-бағанында есептік күні қаржы берілген сома көрсетіледі.

      13. Нысанның 9-бағанында мемлекеттік қолдаудың "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" шарасы бойынша ағымдағы жай-күй көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
6-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
7-қосымша

"Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе оған сараптама жасауға арналған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

"QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Көрсетілетін қызметті беруші

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

11 (он бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12: 30-дан 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8:30 –дан 18:30-ға дейін дүйсенбіден жұманы қоса алғанда өз кезегінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз;
2) Мемлекеттік корпорация - Кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9: 00-ден 20: 00-ге дейін дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда.
Мемлекеттік қызмет "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны байынша жедел қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен жайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1)Министрліктің – www.miid.gov.kz "Комитеттер" бөлімінде;
2)көрсетілетін қызметті беруші – www.kidi.gov.kz;
3)Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтініш;
2) өтініш берушінің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары туралы есебі;
3) төлем шығындары оларды өтеуге арналған өтінімге енгізілген қызметтерді қөрсетуге (жұмыстарды орындауға) шарттың көшірмесі, сондай-ақ осындай шартқа барлық қосымшалар және/немесе толықтырулар, келісімдер;
4) өтелетін шығыстар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (-лерінің) көшірмесі;
5) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына шот-фактуралардың көшірмелері;
6) өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардан басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың түріне байланысты мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:
7) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге жұмсалған шығындар бойынша:
- лизингтік қаржыландыруды жүзеге асыратын Қазақстан Даму Банкінің еншілес ұйымының ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру туралы оң шешімінің көшірмесі;
8) Өнірдің кәсіпкерлерін қолдау картасына (бұдан әрі - Карта) енгізілген жоба үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және / немесе сараптауға жұмсалған шығындар бойынша:
- Картаға жобаның енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- тиісті аттестаты бар аккредиттелген сараптама ұйымы немесе сарапшы немесе мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізген техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (егер осы қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).
Өтініш және оған қоса берілген құжаттар:
1) бір папкада қалыптасады;
2) бірінші басшымен немесе оның міндеттерін атқаратын адаммен (егер бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растайтын құжат болса) немесе жеке кәсіпкермен немесе олар уәкілеттік берген адаммен (сенімхат болған жағдайда) немесе жеке тұлғамен әр парағы куәландырады. Қолдың факсимильді көшірмесін қолдану арқылы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды куәландыруға жол берілмейді;
3) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу соңына дейін;
4) өтiнiш берушiнiң мөр бедерімен (егер болса) әр парағы куәландырылады.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына, қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Өтініш берушінің орындаушы ұсынған қызметтердің қорытындылары туралы есебінде шығындарға байланысты жобаны іске асыру қажеттілігі туралы, қызметтерді көрсетуге негіз (келісімшарт деректері, орындаушының атауы), келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ құралдың іске асырылуынан қол жеткізілген (күтілетін) нәтиже туралы ақпарат бар.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Егер құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылса, өтініш беруші оның мемлекеттік және / немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және / немесе олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және / немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылса.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – www.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті – www.comprom.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
3) көрсетілетін қызметті беруші – www.qazindustry.gov.kz;
4) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz ескерту.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 12 маусымдағы
№ 348 бұйрығына
7-қосымша
  Еңбек өнімділігін арттыруға
және аумақтық кластерлерді
дамытуға бағытталған
индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілеріне
мемлекеттік қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  (Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
(бұдан әрі - толық аты)
немесе аты
алушыға қызмет
көрсету ұйымы)
____________________________
(алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып (мекен-жайы: _____________________________) ұсынуға байланысты ________________________ мемлекеттік қызметтерді ұсынуға құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Сізде мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен қарастырылған тізбе бойынша толық емес құжаттар жиынтығы бар, атап айтқанда:

      Жетіспейтін құжаттардың атауы:

      1) _____________________________________;

      2) _____________________________________;

      3) _____________________________________.

      Бұл түбіртек, әр тарапқа бір данадан 2 данада жасалды.

      _____________________________________            _______________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері)                  (қолы)

      Орындаушы.

      Толық Т.А.Ә. _____________

      Телефон __________

      Алдым:

      _______________________________________________

      Т.А.Ә.       көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ жылғы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады