"Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 маусымда № 20878 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2020 жылғы 18 маусымдағы
№ 149 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы ________
№ ___________
4-қосымшасы

      1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары және олардың филиалдары немесе өкілдіктері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулау құқығын алған жеке тұлға;

      2) аңшы куәлігі – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

      3) аңшылық минимумы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқаша курсы, оны білу аңшы куәлігін беру үшін міндетті шарт болып табылады;

      4) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттеріне байланысты балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      5) балықшы куәлігі – балықшы функцияларын жүзеге асыруға жеке тұлғаның құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген белгіленген нысандағы құжат;

      6) балық шаруашылығы субъектісі-қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      7) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілетті адамы;

      8) қорықшы куәлігі-қорықшының құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi

      4. Аңшы куәлігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша он жыл мерзімге беріледі.

      5. Аңшы куәлігін алуға мүдделі көрсетілетін қызметті алушы "Аңшылық минимумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген), аңшылық минимумы курсын аяқтағаны туралы сертификатты (бұдан әрі - сертификат) алу үшін аңшылық минимумы бойынша оқытылады және "Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан ?ткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 тіркелген) Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумын ?ткізу қағидаларына сәйкес тестілеуден өтеді.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе алған жағдайда 1 3х4 түрлі-түсті бір фотосурет;

      3) сертификаттың көшірмесі;

      4) аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем құжатының электрондық к?шірмесі.

      порталға:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) алған жағдайда 3х41 түрлі-түсті бір фотосурет;

      3) сертификаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік к?рсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау, оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес к?рсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін к?рсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол порталдағы "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні мен орнын белгілеу туралы хабарлама жіберіледі.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырады.

      9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші аңшы куәлігін бергеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшының есепке алу карточкасын толтырады, аңшы куәлігінің қолданылу мерзімі ішінде бөтен адамдар үшін қол жетпейтін жабық шкафтарда сақталатын аңшының жеке ісін қалыптастырады.

      Аңшы куәлігін беру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәліктерін тіркеу журналында тіркеледі.

      11. Аумағында аңшы куәлігі берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың) шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкен жағдайда, сондай-ақ аңшы куәлігі мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы филиалға немесе өкілдікке оның есепке алынған жері бойынша болған өзгерістер туралы хабарлайды.

      Келген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Аңшы жаңа тұрғылықты жері бойынша филиалда немесе өкілдікте есепке тұрады. Бұл ретте тиісті филиал немесе өкілдік аңшының бұрынғы тіркелген жерінен шыққаны туралы белгісі бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке ісін сұратады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Балықшы куәлігін беру тәртібі

      13. Балық шаруашылығы субъектісі қызметкерге еңбек шартының қолданылу кезеңінде балықшы куәлігін беруді жүргізеді, ол өз қызметін жүзеге асыру кезінде куәліктің тиісті түрде сақталуын, оның өзімен бірге тұрақты болуын және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың талабы бойынша оны көрсетуді қамтамасыз етеді.

      14. Балықшы куәлігінің негізінде қызметкер еңбек шартына сәйкес бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында (су айдындарында) және (немесе) учаскесінде (учаскелерінде) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асырады.

      15. Балық шаруашылығы субъектісі мен Балықшы арасында жасалған еңбек шарты бұзылған кезде балықшы куәлігін кейіннен жойып, балық шаруашылығы субъектісі алып қоюға жатады.

      16. Егер балықшының куәлігі жоғалған немесе жарамсыз (бүлінген) келтірілген жағдайда, балық шаруашылығы субъектісі еркін нысандағы өтініш негізінде оның телнұсқасын береді.

5-тарау. Қорықшы куәлігін беру тәртібі

      17. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің қызметкерлеріне қорықшы куәлігін береді.

      18. Егер қорықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз (бүлінген) келтірілген жағдайда ерікті нысандағы өтініш негізінде қорықшы куәлігінің телнұсқасы беріледі.

      19. Қорықшы жұмыстан босатылған кезде куәлік аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілеріне қайтарылады.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аңшы куәлiгi

      Аңшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 105х80 миллиметр, түсi жасыл, жазуы қою сары түстi, қысып басу әдiсiмен жасалады)


Қазақстан Республикасы
Аңшы куәлігі

  1-парақ

      (мұқабаның iшкi бетiнiң сол жағына желiмделедi)

      ___________________________________________________________ облысы бойынша Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі

      № _____ аңшы куәлiгi



 

_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________
Туылған күнi _____ жылғы "____" ______________
Аңшы өтiлi ________________жылдан бастап.

Мөр орны


      Куәлiктi берген ______________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)

      Аңшылық минимумы бойынша тестілеуден өткені туралы белгi ___________________

      Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды.

  2-парақ 1-бет

Есепке алынғаны және есептен шығарылғаны туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы




      Аңшылық сұқпа суық қаруды тіркеу

Қарудың атауы

Нөмiрi

Сатушы ұйымның белгiсi

Есептен шығарылған күні, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің белгісі





  2-парақ 2-бет

Аңшылық иттерді, аушы жыртқыш құстарды тіркеу

Түрі, тұқымы, түсі, таңбаның, сақинасының, микрочипінің нөмірі

Туған жылы

Иттің ветеринариялық паспорты, аушы жыртқыш құстың паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, аушы жыртқыш құсты ұстау мерзімі

Есептен шығарылған күні, аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің белгісі






  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтінім



 

Тегі _____________________________________________
Аты____________Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________
Туылған күні ____ жылғы "__"_____________________
Азаматтығы _____________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат __________________
Жеке сәйкестендіру нөмері_________________________

      Үйінің мекен жайы, телефоны__________________________________________

      Директорына (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық

      бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің

      атауы) _____________________________________________________ берген

      (аңшы куәлігінің берілген күні және оны берген ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________

      № ________ аңшы куәлігін беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      Жеке тұлғаның қолы _______________/_____________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Күнi 20 _____ жылғы "___" __________.

      1. Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарлама курсынан өткенi туралы белгi

      Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарлама курсынан 20__ жылғы "__" ____бастап

      20 __ жылғы "__" __________ аралығында өттi.

      Курсты аяқтағаны туралы 20 __ жылғы "__" ________ № ______сертификат берiлдi.

      Сертификат берген ұйым басшысының қолы ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны күнi 20 __ жылғы "___" ______________

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша

"Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары және олардың филиалдары немесе өкілдіктері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аңшы куәлігі немесе дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабының 1) тармақшасына сәйкес

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе алған жағдайда 3х4 бір түрлі-түсті бір фотосурет;
3) сертификаттың көшірмесі;
4) аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем құжатының электрондық көшірмесі.
порталға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) алған жағдайда 3х4 бір түрлі-түсті бір фотосурет;
3) сертификаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы _____________________________________________________ (филиал немесе өкілдік) № _____аңшылың есепке алу карточкасы



 

Тегі ____________________________________________________
Аты___________ Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________
Туылған күні _____ жылғы "__"____________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________
Үйінің мекенжайы, телефоны_______________________________
Аңшы өтілі _____________ жылдан бастап.



      Аңшы өтілі _____________ жылдан бастап.

      №__________аңшы куәлiгi 20 __ жылғы "____"________берiлдi.

      Аңшылық минимумын тапсырғаны туралы белгі ____________________________

      Берген адамның қолы және мөр _____________________ / _________________

      Ерекше белгілер

      1.Сұқпа суық қарудың бар-жоғы туралы мәлiметтер

Түрі

Шығарылған жылы

Нөмірі

Ерекше белгілері

Есепке алынған күні

Есептен шығарылған күні

      2.Аңшылық иттерді, аушы жыртқыш құстарды тіркеу

Түрі, тұқымы, түсі, таңбаның, сақинаның, микрочиптің нөмірі

Туылған жылы

Иттің ветеринариялық паспорты, аушы жыртқыш құстың паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, аушы жыртқыш құсты ұстау мерзімі

Есепке алынған күні

Есептен шығарылған күні

      Есепке алынғаны және есептен шығарылғаны туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

  Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      Аңшы куәлiктерін тіркеу журналы_______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Аңшы куәлiгiнiң нөмiрi

Тіркелген күні

Жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6







      Филиалдың немесе өкілдіктің басшысы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны 20 __ жылғы "___" _________ (бар жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады