"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 23 маусымдағы № ҚР ДСМ-73/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 маусымда № 20895 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-242/2020 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бірлесіп орындаушы – дерекқорға енгізілген, жасасқан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

      2) бекітілген халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі – "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) порталында тіркелген бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК және (немесе) амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі - ақпараттандыру субъектісі) – денсаулық сақтау саласында ақпараттандыру қызметін жүзеге асыратын немесе құқық қатынастарына түсетін мемлекеттік органдар, жеке немесе заңды тұлғалар;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке меншік медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      6) денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу – көрсетілетін медициналық қызметтерді жоспарлау, таңдау және оларды сатып алу шартын жасасу және орындау;

      7) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген және жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет пайдалануға енгізілген объект;

      9) күтпеген шығыстар – тиісті қаржы жылына шығыстарды қалыптастыру кезінде олардың күтілмеуіне байланысты жоспарлау мүмкін болмағанда және тиісті қаржы жылында кейінге қалдырылмай қаржыландыруды талап ететін әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдары жойылғаннан кейін халықтың медициналық қызметтерге қажеттілігінің өсуімен байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстар мен іс-шараларға төлемді жабу кезеңінде бағытталатын шығыстар;

      10) қордың күтпеген шығыстарға арналған резервтері – жабу кезеңінде күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшін қордың ағымдағы қаржы жылына көзделген, ай сайынғы негізде қалыптастырылатын қаражат;

      11) қор – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      12) қордың активтері - қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;

      13) қордың апелляциялық комиссиясы – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша туындайтын мәселелерді қарау үшін қор құратынн тұрақты жұмыс істейтін орган;

      14) қордың филиалы – қордың тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi;

      15) құжаттың электрондық көшірмесі – құжаттың түпнұсқа түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      16) қызметтер беруші – қор осы Қағидаларға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

      17) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек – қордың активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;

      18) медициналық көмек – дәрілік көмекті қамтитын, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені;

      19) медициналық көрсетілетін қызметтер – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекеті;

      20) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТМККК шеңберінде және/немесе МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;

      21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының басқа жағдайларын айқындайтын жазбаша келісім;

      22) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын, денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтардың денсаулығын сақтау, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      23) өндірістік база – Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензияға қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету орны;

      24) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – қор мен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді қарастыратын денсаулық сақтау субъектілері арасында жазбаша нысандағы келісім;

      25) ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары (бұдан әрі – сатып алу жоспары) – сатып алынатын медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдері және оларды ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған шығындар туралы мәліметтерді қамтитын құрылымдалған құжат;

      26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      27) электрондық цифрлық қолтаңба– электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      19-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектілерінің пайда болған жағдайларда медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді.";

      43-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дерекқорға енгізілген, жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі бар және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін денсаулық сақтау субъектісінің қызметтерін сатып алуға алғашқы қатысқан;";

      46-тармақтың 4 бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия денсаулық сақтау басқармасының халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы бұйрығының негізінде бекіту науқанынан тыс жаңадан енгізілетін МСАҚ объектілері бар және дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілеріне халықты бекіту бойынша шешім қабылдайды және осы шешімді комиссияның хаттамасы түрінде рәсімдейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
Л. Актаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________Р. Дәленов

      2020 жылғы " ____ " ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады