"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 шiлдеде № 20911 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 15 қазандағы № 13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына басшылыққа алу және орындау үшін жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады