ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 98-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 247 бұйрығымен бекітілген |
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) міндеттерін және функцияларын, сондай-ақ жұмысының регламентін айқындайды.
2. Комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы қалыптастыратын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімдері негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
3. Осы Ережеде пайдаланылатын терминдер Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеті электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау болып табылады.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) аукцион жеңімпазын электрондық аукциондар қорытындыларының тізілімі негізінде таниды;
2) Кодекстің 99-бабында белгіленген негіздер бойынша аукционды өткізбейді;
3) Кодекстің 101-бабында белгіленген негіздер бойынша аукционды өтпеді деп таниды.
3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия жұмысының регламенті
6. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
7. Комиссияның отырыстары, егер оларға комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
8. Комиссия қызметін ұйымдастыру құзыретті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне жүктеледі.
9. Комиссия отырысты аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген аукционды өткізу күні өткізеді.
10. Аукционның нәтижелері аукцион өткізілген күні жарияланады және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
11. Аукционды өткізбеу туралы шешім қабылданған жағдайда, Комиссия осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізбеу туралы хаттамаға қол қояды, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелері ЭЦҚ-мен куәландырады.
12. Аукционды өтпеді деп тану осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп тану туралы хаттамамен ресімделеді, оны сауда жүйесінің веб-порталында Комиссияның барлық мүшелері ЭЦҚ-мен куәландырады.
13. Аукцион нәтижелері оны өткізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарландыру хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеге 1-қосымша |
|
Нысан |
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционның нәтижелері туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы "___"________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында: төраға (төрағаның орынбасары) ____________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
сауда жүйесінің веб-порталымен қалыптасқан ___________ бойынша электрондық аукцион қорытындыларының тізілімін қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
____________________________________________________________________
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
____________________________________________________________ бойынша
____________________________________________________________________
(атауы (Т.А.Ә), Жеке сәйкестендіру номері, Бизнес-сәйкестендіру номері, жеңімпаздың
аукциондық номері)
көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион жеңімпазы болып анықталсын.
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
3. Құзыретті орган аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасын.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеге 2-қосымша |
|
Нысан |
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізбеу туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы "___"________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында:
төраға (төрағаның орынбасары) ___________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
_______________________________________________________________
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блоктың) атауы)
бойынша __________________ белгіленген аукцион өткізілмесін
(күні, уақыты)
_______________________________________________________________
(аукционды өткізбеудің негіздемесі).
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеге 3-қосымша |
|
Нысан |
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өтпеді деп тану туралы хаттама
Нұр-Сұлтан қ. _______ жылғы "___" ___________
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрамында:
төраға (төрағаның орынбасары) ___________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
комиссия мүшелері:
_______________________________________________________________
(отырысқа қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
сауда жүйесінің веб-порталымен қалыптасқан ___________ бойынша электрондық аукцион қорытындыларының тізілімін қарау нәтижелері бойынша ШЕШІМ қабылдады:
__________________________________________________________ бойынша
(аукционға қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
______________________________________________________________
(аукцион өтпеді деп тану негіздері)
аукцион өтпеді деп танылсын.
2. Құзыретті орган аукцион нәтижелерін оны өткізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурсында жарияласын.
Ескертпе: * "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 101-бабының 1-тармағында көзделген негіз бойынша аукцион өтпеді деп таныған жағдайда толтырылады.