"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20930 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:

      9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймаларын) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі, биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейінгі және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан (қоса алғанда) 32 тоннаға дейінгі крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда) күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері;

      элеваторлар;

      сақтау көлемі 500 т (тонна) (қоса алғанда) астам астық қоймалары;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 1500-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылығы;

      мал басы саны жылына 6 млн. бастан (жылына млн. бас) (қоса алғанда) асатын құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) астам (қоса алғанда) жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ. (сағатына тонна) (қоса алғанда) астам құрама жем заводтары мен цехтар;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін мұржалары;

      өзге де құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың IIIб және IIIв санатындағы жерасты қоймалары;

      III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      қысымы 1,2 МПа (МегаПаскаль) дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      қысымы 0,3 МПа-дан (МегаПаскаль) 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);

      өнімділігі тәулігіне 500 м3 (текше метрден) 10 000 м3 (текше метрге) дейін (тәулігіне текше метр) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      траншеясыз әдіспен орындау кезінде шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен су жинау құрылыстары;

      шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап (қоса алғанда) 800 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      тұрғындар саны 500 адамнан жоғары (қоса алғанда) жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) жоғары сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;

      магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі телевизиялық мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iа (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 кем), Iб, II, III санаттарындағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);

      жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;

      көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі IV сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;

      оқушылар саны 600 астам орта мектеп (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары (қоса алғанда);

      сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;

      ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;

      3) техникалық жағынан күрделілерге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан кем (қоса алғанда) және алаңы 2000 шаршы метрден кем (қоса алғанда) қоймалар, тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден кем, биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салаларының объектілері);

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық (гидрогеологиялық және инженерлі) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан, жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үйлер;

      жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандарға арналған әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      жоғары және орта арнайы оқу орындарының ғимараттары;

      сыйымдылығы кемінде 600 оқушы жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;

      бір мезгілде 10 бірліктен аспайтын (қоса алғанда) көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пунктері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтары;

      вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан аспайтын тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;

      өзге де құрылыстар:

      IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейін (қоса алғанда) электр желілері бар қуаты 100 МВт (Мега Ватт) кем күн энергиясы пайдалану бойынша объектілер;

      тұрғындар саны 500 адамнан аспайтын жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметр) кем (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері;

      траншеясыз тәсілмен орындау кезіндегі шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;

      өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейін (тәуілігіне текше метр) (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметр) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;

      шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымаларын мен құрылыстарын жайластыру;

      0,005 МПа (МегаПаскаль) бастап 0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) қысыммен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал шаруашылығы кешендері мал басының саны 1500 басқа дейінгі мал шаруашылығы фермалары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басының саны 10000-ға дейінгі шошқа шаруашылығы;

      мал басы саны жылына 6 млн. басқа (жылына миллион бас) дейінгі құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 (шаршы метр) дейінгі жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ-қа (сағатына тонна) дейінгі құрама жем зауыттары мен цехтар;

      сақтау көлемі кемінде 500 т (тонна) астық қоймасы;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      жайылымдарды суландыру жүйесі;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қоса алғанда қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      ауысымына 50-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      50-ге дейін (қоса алғанда) жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      сыйымдылығы 50 балаға дейін (қоса алғанда) мектеп-интернаттарының, балалар демалыс лагерьлерінің демалу корпустарының ғимараттары;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады