"2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № ҚР ДСМ-75/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 шiлдеде № 20938 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-117 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19309 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2020 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізімінде:

      реттік нөмірі 544-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

544

J04AD01

Протионамид

таблетка, 250 мг

таблетка

61,82

  ";

      реттік нөмірі 567-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

567

J04AB02

Рифампицин

капсула, 150 мг

капсула

32,51

  ";

      "

569

J04AM02

Рифампицин+ Изониазид

таблетка, 150 мг/75 мг

таблетка

20,92

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 233 и 234 - жолдармен толықтырылсын:

233

JO4AK

Бедаквилин

таблетка 100 мг

таблетка

1096,12

234

J04AK06

Деламанид

үлбір қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг

таблетка

1303,23

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. В. Бюрабековаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады