"Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСД-29/202020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26, Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № ҚР ДСМ-84/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 146-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20971 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 275-НҚ және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      2020 жылғы 13 шілдедегі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттаманың 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ бірлескен бұйрығына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық анықтамалық банкінде 2020 жылы 10 сәуірде жарияланған (бұдан әрі - бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын::

      "1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың бөлшек саудада бағасы бір бірлік үшін 85 теңге мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен::

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі

___________________Р. Даленов

Республикасы Сауда және интеграция
министрінің
Министрдің
міндетін атқарушы
_________________А. Асқарұлы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі

________
___________А. Цой



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады