Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.
"Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға шекті бағаларды белгілеу тәртібінің 11-тармағына, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 хаттамасының 1.3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы бір бірлік үшін 60 теңге мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-132/2020, ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 15.10.2020 № 227-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2020 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, сауда және интеграция, ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі | __________Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | __________Р. Даленов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | __________Е. Биртанов |