"Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 22 шiлдедегi № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 шiлдеде № 21007 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына:

      мынадай редакциядағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстық комиссияның шешімі бойынша бір жұмыс күнін құрауы мүмкін.";

      мынадай редакциядағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:

      "73-1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурстық комиссияның шешімі бойынша бір жұмыс күнін құрауы мүмкін.";

      мынадай редакциядағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:

      "101-1. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда денсаулық сақтау, әлеуметтік-еңбек және білім саласындағы уәкілетті органдардың, олардың ведомстволарының, олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бос лауазымдарына тағайындауға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидатты тағайындау конкурстық комиссияның отырысы өткен күннен бастап жүзеге асырылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады