"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 50/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 тамызда № 21099 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13104 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Соңғы кәсіби іріктеуге қатысу үшін келген кезде кандидат ҰҚО ЖОО-ның қабылдау комиссиясына салыстырып тексеру өткізу үшін мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, жалпы орта білімі туралы аттестат қосымшасымен бірге немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не орта білімнен кейінгі білімі туралы диплом қосымшасымен бірге, тестілеу нәтижесі 50 балдан төмен болмайтын келесі пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (білім алған тілінде) бойынша 5 балдан төмен емес, әр бейіндік пән бойынша 5 балдан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша сертификат. ҰҚК Академиясы мен ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу үшін кандидат жалпы орта білімнің жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білім беруден кейінгі білім беру бағдарламаларының кез келген екі пәнін таңдайды;

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша – жеке басын куәландыратын құжат, жоғары білімі туралы диплом, дипломға қосымша (транскрипт), әскери билет немесе тіркеу куәлігі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсетін әскери қызметшілер қатарындағы кандидаттармен аталған оқу орнының базасында жалпы абитуриенттік жиын алдындағы кезеңде дайындық жиыны өткізіледі.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған, хабарсыз жоғалып кеткен немесе арнаулы (әскери) қызмет өткеру кезінде мүгедектік алған ҰҚО қызметкерлерінің (әскери қызметшілерінің) балалары оқуға түсушілерге қойылған талаптар бойынша шектік деңгейдің балдарын жинаған жағдайда ҰҚК Шекара академиясына конкурстан тыс оқуға қабылданады.

      33. Конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда:

      1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

      жетім балалар және ата-анасының асырауынсыз қалған балалар;

      соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген адамдар;

      "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

      үздік білімі туралы құжаты (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар адамдар;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;

      "Жас ұлан" республикалық мектебінің түлектері (ҰҚК Шекара академиясына түсушілер үшін);

      әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (ҰҚК Шекара академиясына түсушілер үшін);

      2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша:

      үздік білімі туралы құжаттары (дипломы) бар адамдар;

      диплом қосымшасында (транскриптте) анағұрлым жоғары орташа балы бар адамдар басымдыққа ие болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Масимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады