"Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 840 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 қыркүйекте № 21193 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 376 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 21.04.2021 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16362 болып тіркелді, 2018 жылғы 23 ақпанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 9 қыркүйегі
№ 840 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 45 бұйрығымен
бекітілген

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 418-бабының 20-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидалар көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын айқындайды.

2-тарау. Оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары

      3. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі:

      1) "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 17992 болып тіркелген) көзделген тізбеге енгізілген тексерілетін тұлғаларға;

      2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 285, 294, 295-1-баптарына сәйкес инвестициялық келісімшарттар жасасқан тексерілетін тұлғаларға;

      3) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актілері бойынша оларға есептелетін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша сомасы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес мың еселенген мөлшерінен асып кеткен тексерілетін тұлғаларға жолданады.

      4. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жазбаша қарсылық – тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келіспеуі;

      2) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі – мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы жасаған көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат.

3-тарау. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету тәртібі мен мерзімі

      5. Кодекстің 418-бабының 19-тармағында көзделген көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

      6. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жеке қолын қойдыра отырып табыс етіледі.

      Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаның орналасқан жері бойынша болмауына байланысты табыс ету мүмкіндігі болмаған кезде, көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша зерттеп-қарауды 2 (екі) куәгерді тарта отырып жүргізеді.

      Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:

      актінің жасалған орны, күні мен уақыты;

      актіні жасаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      мемлекеттік кірістер органының атауы;

      тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

      зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кез келген азамат шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.

      Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, зерттеп-қарау актісін жасаған күн осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс еткен күн болып табылады.

      7. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу Кодекстің 418-бабының 18-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде тоқтатыла тұрады.

4-тарау. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері

      8. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      9. Жазбаша қарсылықта:

      1) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органының атауы;

      2) жазбаша қарсылықты беруші тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылыққа қол қойған күні;

      5) жазбаша қарсылықты беруші тұлғаның аталған мән-жайларды растайтын өзінің талаптары мен дәлелдері негізделген мән-жайлары;

      6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      10. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының жазбаша қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні жазбаша қарсылықты ұсыну күні болып табылады.

      Бұл ретте, тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алуға құқылы.

      11. Жазбаша қарсылықты көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы онда көрсетілген мәселелер шегінде оны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі мына жағдайларда:

      1) жазбаша сұрау салу жолдаған жағдайда осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жауапты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайда, күнтізбелік 15 (он бес) күннен артық емес мерзімге ұзартылады.

      Жазбаша қарсылықты қарау мерзімдерінің ұзартылғаны туралы тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарланады.

      12. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығымен келіспеген кезде мұндай қарсылықты қарау мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мыналарды:

      көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін;

      тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығын;

      көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымын;

      кедендік төлемдер мен салықтарды есептеуге байланысты басқа да құжаттарды қоса бере отырып жазбаша сұрау салу жолдайды.

      13. Комитет көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын қарсылық берген тұлға өзінің аталған мән-жайларды растайтын талаптары мен дәлелдерін негіздеген мән-жайлар шегінде, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымында көрсетілген дәлелдер мен негіздемелер шегінде оны Комитетте тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды.

      Сұрау салуды қараудың қорытындысы бойынша Комитет сұрау салуда қойылған сұрақтар бойынша аргументтелген негіздемелерімен жауап жолдайды.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарына осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрау салу жолдаған жағдайда, сұрау салуды қарау мерзімі мұндай сұрау салуды жолдаған күннен бастап жауап алған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатылады.

      14. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау кезінде, қажеттілігіне қарай тексерілетін тұлғаға және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттің тиісті органына және (немесе) өзге ұйымдарға жазбаша нысанда қосымша ақпарат не жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынуы туралы сұрау салулар жолдайды.

      Бұл ретте сұрау салуды "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы қарайды.

      Шетел мемлекетінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзімде жазбаша қарсылықты қараудың қорытындысы бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген сұрау салуға ұсынылған жауапты ескере отырып, тексерілетін тұлғаға:

      1) Кодекстің 418-бабы 18-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді жаңарту туралы хабарлауды;

      2) Кодекстің 418-бабы 21-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін;

      3) Кодекстің 419-бабының талаптарына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету жолымен Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеруді жаңартады және аяқтайды.

      16. Тексерілетін тұлға осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлға жазбаша қарсылықты кері қайтарған жағдайда, көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаға:

      1) Кодекстің 418-бабы 18-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді жаңарту туралы хабарлауды;

      2) Кодекстің 418-бабы 21-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін;

      3) Кодекстің 419-бабының талаптарына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету жолымен Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеруді жаңартады және аяқтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады