Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.03.2022 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13453 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2016 ж. 16 шілдедегі № 135 (28270) "Егемен Қазақстан") мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар депаратменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйегі № 440 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
№ | Ашық деректер жинағының атауы | Өзектілендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) | Жауапты адам |
1. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының атына келіп түсетін Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері бойынша статистикалық деректер, санаттары бойынша | 12 ай | 20 қаңтарға дейін |
ашық деректер | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті |
2. |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс | 3 ай |
20 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
3. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бар бос орындары туралы ақпарат | 3 ай |
20 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті |
4. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты үшін мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу қорытындылары | 3 ай |
20 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
5. | Запастағы офицерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі | 12 ай | 20 қаңтарға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
6. | Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын бітірушілерге запастағы "лейтенант" офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беру тәртібі | 12 ай | 20 қаңтарға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
7. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ведомстволық медальдарының тізімі, медальдар туралы ережелер | 6 ай |
20 мамырға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
8. | Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі | 12 ай | 1 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
9. | Әскери қызметшілер үшін демалыстар (қосымша демалыстар) | 12 ай | 20 қаңтарға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
10. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштері түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтарының басшылығы туралы ақпарат | 3 ай |
20 наурызға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
11. | Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары туралы ақпараттық материалдар мен мәліметтер (әскери оқу орындарының жалпы ақпараты, тарихы мен дәстүрлері, оқуға түсу тәртібі, мамандықтар тізбесі) | 12 ай | 1 наурызға дейін |
ашық деректер | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті |
12. | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік қызметі | 6 ай |
20 мамырға дейін |
ашық деректер | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті |
13. | Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған өткізілген іс-шаралар тізбесі | 12 ай | 20 желтоқсанға дейін |
ашық деректер | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті |
14. | Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін өткізілген мәдени-бос уақыт іс-шараларының тізбесі | 12 ай | 20 желтоқсанға дейін |
ашық деректер | |
15. | Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер туралы ақпарат (атауы, жұмыс режимі, байланыс жасау, мекенжайы) | 6 ай |
20 маусымға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті |
16. | ҚР ҚМ "Әскери-техникалық мектебі" РМҚК филиалдарында әскери оқып-үйретілген резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша ақылы негізде әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді даярлау жоспары | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
17. | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі | 12 ай | 20 қаңтарға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасы |
18. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер | 12 ай | 20 қаңтарға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
19. | Әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы |
20. | Әскери қызметшілерді киім-кешек мүлкімен қамтамасыз ету | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
21. | Әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз ету | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
22. | Мемлекет есебінен жол жүру құқығы | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
23. | Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы |
24. | Бос тұрғын үй қоры | 6 ай |
20 маусымға дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | |
25. | Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы |
26. | ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі | 12 ай | 20 қыркүйекке дейін | ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті |
Ескертпе: "Ашық деректер" интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жолдансын. Жолданатын ақпарат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментімен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысымен келісілсін.